13.2-кесте
Жерде сирек кездесетін металдардың аморфтық және кристалдық құймаларының магниттік қасиеттері
Кейбір жағдайда спиндік шыны күйі байқалады. Спиндік шынылар спиндік магниттік моменттерін кездейсоқ бағытта қайсыбір сипаттық температурадан төмен температурада мұзда- тылуымен сипатталады. Спиндік шынылар күйі кейбір кристал- дарда да табылды.
Көптеген жағдайда аморфты металдық құймалар кристал- дық ұқсастары антиферромагнитті болғанына қарамастан ферро- магниттік түрде реттеледі. Бұл құрылымды аморфизациялау ке- зінде ауыспалы өзара әсерлесу сипаты өзгеретіндігін көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай, атомдық құрылымды ретсіздендіру өт- кізгіш электрондардың еркін жүру жолының ұзындығын кіші- рейтеді, оның шамасы аморфты металдар және құймаларда ато- маралық қашықтыққа тең. Бұдан шығатыны ауыспалы өзара әсерлесуге өткізгіш электрондар арқылы болатын үлесі көп төмендейді.
300
13.2-кестеде аморфтық және кристалдық құймалардың – сирек жерлік металдардың құймаларының кейбір магниттік қа- сиеттері салыстырылып көрсетілген. Өзара әсерлесудегі ауысу сипатының өзгеруіне белгісінің өзгеруі себепкер болады.
Қазіргі уақытта темір тобындағы ауыспалы материалдар- дың негізінде жасалған аморфты құймалар тәжірибелік тұрғы- дан қызығушылық тудыруда. Олар магнитті жұмсақ материал- дарға жатады және жоғары магниттік өтімділігімен және кіші коэрцитивті күшпен ерекшеленеді. Бұл құймалардағы коэрци- тивті күштің мәні құймалардың химиялық құрамына тәуелді болады. Поликристалдық магнитті жұмсақ материалдар және аморфты құймалар трансформаторлық болатпен салыстырғанда өте төмен жоғалтумен, жоғары дәрежелі мықтылықпен, магнит- тік қасиеттерінің деформацияға төмен сезімталдығымен бірқа- тар артықшылыққа ие болады. Өндіріс бағасының төмендігі ең маңызды артықшылық болып табылады. Осының барлығы аморфты магниттік құймаларды қолдануда келешекке кең жол ашады.
Аморфты ферромагнетиктер туралы теорияны ашуға 1960 жы- лы А.И. Губанов бірінші талпыныс жасады. Бүгінгі таңда осы са- лада көптеген жұмыстар жүріп жатыр және әр түрлі теориялық мо- дельдер ғылыми дискуссияның тақырыбы болып табылады.
301
Қатты дене физикасы
Қатты дене физикасы – ғылым ретінде жылдам дамып отыр- ған физиканың саласы. Осы оқу құралында қарастырылған мә- селелер азды-көпті тұрақтанған және көп жағдайда айтарлықтай қайта карастыруды қажет етпейді. Қатты дене физикасы аума- ғында жаңадан ашылған жаңалықтар, ылғи да бұрыннан қалып- тасқан көзқарастарды өзгертудің қажеттілігін тудырады. Мыса- лы, кристалдық емес қатты денелер аумағындағы тәжірибелік зерттеулер мен мұндағы ашылған жаңалықтар алыс және жақын реттердің рөлін қайта бағалауға алып келді. Жоғары темпера- туралы асқын өткізгіштердің ашылуы куперлік қосақтардың пайда болу механизміне басқаша қарауды қажет етеді. Осыған байланысты оқылған материалдар ойлануға мүмкіндік жасайды.
Авторлар бұл кітап тек қатты дене физикасымен тікелей ай- налысатын физиктерге ғана емес, сол сияқты электрондық тех- ника және микроэлектроника саласында жұмыс істейтін инже- нерлерге де пайдалы болады деп үміттенеді.
302
XІІІ тарау. Аморфты қатты денелердің физикалық қасиеті
Негізгі:
Ашкрофт Н., Мермин Н. Физика твердого тела. – М., 1979.
Блейкмор Дж. Физика твердого тела. – М.: Мир, 1988.
Займан Дж. Принципы теории твердого тела. – М., 1974.
Епифанов Г.И. Физика твердого тела. – М., 1977.
Жданов Г.С. Физика твердого тела. – М., 1961.
Киттель Ч. Введение в физику твердого тела. – М., 1978.
Най Дж. Физические свойства кристаллов и их описание с помощью тензоров и матриц. – М.,1974.
Павлов П.В., Хохлов А.Ф. Физика твердого тела. – М.: ВШ, 1985.
Уэрт Ч.,Томсон Р. Физика твердого тела. – М., 1966.
Френкель Я.И. Введение в теорию металлов. – М.-Л., 1950.
Достарыңызбен бөлісу: |