Пікір жазғандар


Электрофотография (ксерография)



бет101/109
Дата29.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#145008
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   109
Байланысты:
Аскын кітап

Электрофотография (ксерография) – бұл процесте селен- дік шынының фотоөткізгіш қасиеттері қолданылады. Осыған дейін түсініксіз болып келген бұл процесс бүгінгі таңда түсінікті болды. Көшірмені алу үшін алдымен селендік шыныдан алын- ған қабықшаның жоғарғы бетіне оң иондарды тозаңдатып заряд- тайды. Осы кезде шыны қондырылған металдық төсеніште бей- ненің теріс заряды пайда болады. Содан кейін көшірілетін түп- нұсқадан шағылысқан жарықпен қабықшаны жарықтандырады. Түпнұсқада әріп болған жерде жарық сіңіріледі, ал әріп болма- ған жерде жарық беттен шағылып, шыныға түскеннен кейін оның энергиясы электронды-кемтікті қосақпен жақын жатқан жоғарғы бетте жұтылады. Жартылай өткізгіш ішіндегі күшті электр өрісі қосақтарды бөледі. Электрондар жоғарыға көтеріле- ді және беттегі оң иондарды нейтралдайды; кемтіктер металл төсенішке қарай қозғалады және ондағы теріс зарядты нейтрал- дайды. Нәтижесінде селен шыны беті түпнұсқада әріп болмаған жерде электр нейтралды, ал әріп болған жерде оң зарядталған болады.


293

Содан соң оң зарядталған аумақтарға бояудың теріс заряд- талған қара бөлшектері тартылады. Бояғыш зат қағаздың оң за- рядталған бетіне ауыстырылады және қыздырумен бекітіледі. Осымен көшіру процесі аяқталады.


Халькогенидті шынылардың фотоөткізгіш қасиеттерін қол- дану кеңеюде. Осындай шынылардың үш қабатты композиция- сы негізінде түрлі түсті көшірме аппараттары жасалады. Оларда түсті фильтрлер және бояғыштардың көмегімен түрлі түсті түпнұсқаның көшірмесін өте тез арада алуға болады.
Күн батареясының өндірісі – күннің сәулесін электр энер- гиясына тура ауыстыру құрылғысы болып табылады. Күн бата- реясының сенімділігі түрлі космостық құрылғыларда дәлелден- ген. Күн батареясын жасаудағы негізгі материал жер қыртысын- да тарау жағынан екінші элемент кремний болып табылады. Бірақ кремнийдің жоғары тазалықтағы кристалдарын өндіру қымбатқа түсетіндіктен, кремнийдің негізінде жасалған күн элементтерінің кең таралуын қамтамасыз етуге, жаңа энергия көздеріне қажетті- ліктің артуына қарамастан аса зор кедергі келтіруде.
Бұл тұрғыдан айтарлықтай тиімді аморфты кремнийді қол- дануға жол ашылады. Кристалды кремнийді аморфты кремнийге алмастыруда өте арзан технологиядан өзге тағы да басқа басым- дылықтары бар. Оған жататындар: аморфты кремний негізіндегі күн батареясының радиацияға тұрақтылығы; аморфты крем- нийді жұқа және үлкен ауданда алу мүмкіндігі; жоғары және күн батареясын иілгіш төсеніште дайындау мүмкіндігі, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет