Қатынастағы психикалық өзара әрекеттік жанжалдар мен қобалжулар- дың шығу себептерін анықтаңыз.
Іс-әрекет барысындағы қатынас психологиясына анықтама беріңіз.
Дау-дамайлар және олардың пайда болу, шешу жолдарын іздестіріңіз.
Психологиялық дау-дамайларға, жанжалдарға, кикілжіңдерге сипаттама бере отырып, өзара байланысын талдаңыз.
Дау-дамайлық қатынастар мен әрекеттерге талдау жасап, психологиялық әсер етуді үйреніңіз.
Бір мезгілде жүзеге аса алмайтын қызығушылықтар, қажеттіліктер, құн- дылықтарды талдап, белсенділендіруді меңгеріңіз.
Тепе-теңдік, жол беру, жанжал, ынтымақтастық, дау-дамай түсініктері- не сипаттама беріп, мәнін ашыңыз.
Билер тағылымы: сөз құдыреті, сөз ғылымы ұғымдарына сипаттама бе- ріп, «Ерте замандағы еліміздегі құқықтық нормативтерді жүргізу жолдары» тақырыбына эссе жазыңыз.
Қазақ хандығындағы билердің басқару сабақтастығына талдау жасаңыз.
Қазақ жеріндегі билер институты және қазіргі кезеңдегі басқару құры- лымдарының байланысын қарастырыңыз.
Билер институтындағы ұлы тұлғалардың еңбектеріне талдау жасаңыз
Қазақ билерінің даулы мәселелерді шешу жолдарын қайта жаңғыртуға өзіндік пікіріңіз.
Қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен билер алқасының өзара бай- ланысын көрсетіңіз.
Қазіргі шешендік сөз өнерінің ерекшеліктері мен дамуын сипаттаңыз.
Билерге тән қасиеттер: шешендік, ақындық, заңгерлік, бітімгерлік, ба- тырлық, саясаткерліктің өзара қатынасына анықтама беріңіз.
Күйзеліске қарсы тұрудағы психофизиологиялық мүмкіндіктерді анық- тап, оларда кездесетін қиындықтарды түсіндіріңіз.
Күйзеліске қарсы мобилизациялаудың немесе психикалық өзін-өзі реттеудің кезеңдерін анықтаңыз.
Дау-дамай туындаған жағдайларда олардың шешу жолдарын тауып, сараптама жасаңыз.
Шешендіктің өзіндік ерекшеліктерінің жетістіктерін көрсетіңіз.
Көпшілік алдында сөз сөйлеудің мәдениетін үйреніп, дағдыларын қа- лыптастырыңыз.
Қазақтың әдет-ғұрып заңы бойынша жүргізілген дау-дамайларда орын алған шешендік сөздердің артықшылығын біліңіз.
Халық ауыз әдебиетінде билерді бағалаудың атақ-лауазымына тән ерекшеліктерінің заңдылықтарына сипаттама беріңіз.
Хан кеңесінде қабылданған «Жеті жарғыны» түсініп, мәнін ашыңыз.
Халқымыздың атадәстүрін, саяси мәдениетін, дала заңын, шежіре та- рихын жетік білетін, шешендік өнерін игерген еліміздің атақты билерін атаңыз.
Билердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның талантына, қа- білетіне, дарынына, билік зердесіне, парасаттылыққа сәйкес өзіңізді оқытып тәрбиелеңіз.
Қазақ батырлары мен билері және олардың қазақ халқының тарихын- дағы орнын анықтаңыз.
Ата-бабалардан қалған ұлағатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер мен ойлы жырларды оқып, оларды жадыңызда сақтаңыз.