Демократиялық
0-7
|
Төмен: қол астындағыларына жақын болуы мен тал- пынуы, олармен бірлескен әрекеттесуі және жауаптарын тыңдауы төмен, көмекшілерінің кеңестеріне мән бергісі келмейді, ұжым іс-әрекетін орынбасарлары және бел- сенді мүшелері арқылы бағыттайды, өзінің кейбір
ұйымдастырушылық қасиеттеріне сенімсіз.
|
8-13
|
Орташа: ұжым қызығушылықтарымен тұрақты өмір сү- руге талпыну, персоналдарға қамқорлық көрсету, орын- басарларына сенім білдіру және олардың бастамашы- лығын мадақтау, сенім мен қысымды пайдалану, персо-
налдың пікірлеріне құлақ асу.
|
14-20
|
Жоғары: ұжым іс-әрекетін бағыттау және үйлестіру бі- ліктілігі, өте қабілетті қол астындағыларға дербестік беру, ынтасын және жұмыстағы жаңа әдістерін дамыту, моральдық жағынан қолдау көрсету және сендіру, пікір- таласта әділетті және мәдениетті болу, ұжымда әлеу- меттік-психологиялық процестерді және тұлғаның жеке қасиеттерін біліп-тану, сын және ашықтылықты дамыту,
дау-дамайларды алдын-ала болжау және мейірімділік хал-ахуалды құру.
|
Рабочая книга практического психолога: пособие для специалистов, рабо- тающих с персоналом / Под ред. А.А. Бодалева, А.А.Деркача, Л.Г. Лаптева.
М.: Изд-во Института Психотерапии, 2003. – 640 с. илл. С. 336-340.
Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің деңгейін бағалау
Мақсаты: бұл әдістеме тұлғаның шығармашылық әлеуеті- нің даму деңгейін сипаттайтын, тұлғалық қасиеттердің немесе олардың көріну жиілігінің өзіндік бағасын анықтауға көмекте- седі.
Нұсқау: Берілген 18 пайымдаудың барлығын 9 баллдық шкала бойынша бағалаңыз. Таңдаған бағаны шеңбермен белгі- леңіз.
Тест сұрақтары
|
Бағалар шкаласы
|
1. Бастаған ісіңізді қаншалықты соңына дейін жиі
жеткізе аласыз?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
2. Егер барлық адамдарды логиктер және эвристик- тер, яғни жаңа ойлардың генераторлары деп бөлуге болатын болса, онда қаншалықты деңгейде сіз жаңа
ойлардың генераторы боласыз?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
3. Қаншалықты деңгейде сіз өзіңізді батыл адамдар-
дың қатарына жатқызасыз?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
4. Сіздің соңғы алынған нәтижелеріңіз бастапқы
жобадан, ойдан қаншалықты деңгейде жиі өзгеше бо- лып шығады?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
5. Сізге уәде берген адамдардың сол уәдені орындауы
үшін қаншалықты деңгейде табанды бола аласыз?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
6. Сіздің біреуге қаншалықты жиі сын сөздер айтуы-
ңызға тура келеді?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
7. Сізде туындайтын мәселелердің шешілуі сіздің күш-қуатыңыз және тегеурініңізге қаншалықты жиі
тәуелді болып келеді?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
8. Сіздің ұжымыңыздағы адамдардың қанша пайызы сізді, сіздің бастамаларыңыз бен ұсыныстарыңызды
қолдайды? (1 балл – шамамен 10%).
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
9. Сіздің көңіл-күйіңіз қаншалықты жиі оптимистік
және көтеріңкі болады?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
10. Егер соңғы бір жыл ішінде сіз шешуге міндетті болған мәселелердің барлығын шартты түрде теория- лық және тәжірибелік деп бөлетін болсақ, онда тәжі- рибелік мәселелердің үлес салмағы қандай бола-
ды?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
11. Сізге өз ұстанымдарыңыз бен көзқарастарыңызды
қаншалықты жиі қорғауға тура келеді?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
12. Сіздің үйірлігіңіз, қарым-қатынасқа бейімдігіңіз
сіз үшін өмірлік мәні бар мәселелерді шешуде қанша- лықты деңгейде көмектеседі?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
13. Ұжымда ең күрделі мәселелерді және істерді шешу
кезіндегі басты жауапкершілікті өз мойныңызға алуға тура келетін жағдайлар қаншалықты жиі туындайды?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
14. Сіз ойларыңызды, жобаларыңызды қаншалықты деңгейде және қаншалықты жиі жүзеге асыра алды-
ңыз?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
15. Тапқырлық немесе іскерлік танытып, өзіңіздің жұмыстағы немесе оқудағы қарсыластарыңыздан аз
болса да, қаншалықты жиі озып кете алдыңыз?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
16. Сіздің достарыңыз бен жақындарыңыздың ара-
сында қаншалықты көп адам сізді тәрбиелі және зерделі адам деп санайды?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
17. Сізге өміріңізде, тіпті сіздің достарыңыз үшін күт-
пеген жаңа іс болып көрінген нәрсені қаншалықты жиі жасауға тура келді?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
18. Сізге өміріңізді күрт өзгертуге немесе ескі мәсе-
лелерді шешуде принципті түрде жаңа әдістерді қан- шалықты жиі табуға тура келді?
|
1,2,3,4,5,6,7,8,9
|
Нәтижелерді талдау және интерпретациясы. Жинаған бал- дардың қосынды санына қарай, өзіңіздің шығармашылық әлеуе- тіңіздің деңгейін анықтаңыз.
Балдардың қосындысы
|
Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің деңгейі
|
18-39
|
Өте төмен
|
40-54
|
Төмен
|
55-69
|
Орташадан төмен
|
70-84
|
Орташадан сәл төмен
|
85-99
|
Орташа
|
100-114
|
Орташадан сәл жоғары
|
115-129
|
Орташадан жоғары
|
130-142
|
Жоғары
|
143-162
|
Өте жоғары
|
Измайлова, М.А. Деловое общение: учеб. пособие. – 4-е изд. – М.: ИТК
«Дашков и К», 2011. – С. 182-184.
Достарыңызбен бөлісу: |