Қол астыңыздағы адам екінші рет айтылған жұмыстыөз уақытында аяқтамады, бірақ ендігіде қайталанбайтынынасөзбереді.
Сіз не істер едіңіз?
А. Жұмыстың орындалуын күтіп, содан оңашада қатал сөй- лесіп, соңғы рет ескерту жасау.
В. Жұмыстың аяқталуын күтпестен, қайталанып тұрған үзі- лістің себептері туралы сөйлесіп, үзіліс үшін қаржылай жазалау. С. Сол қызметкерлермен не істеу керегі туралы, ұжымдағы белсенді, тәжірибесі мол жұмысшымен ақылдасу. Егер ондай жұмысшы болмаса, ұжымның жиналысында жұмысшының жауап-
кершілігін ортаға салу.
Д. Тапсырманың орындалуын күтпестен, жұмысшыны жаза- лау туралы мәселені «үшбұрыштың» шешіміне тастау.
Қол астыңыздағы жұмысшы сіздің кеңесіңіз бен шеші-міңіздітеріскешығарып,ескертулергеқарамастан,сізоғанкөрсеткенқателердітүзетпестенбәрінөздігіншежасайды.
Бұл қызметкерге сіз әрмен қарай қандай іс-шара қолданасыз? А. Қарсыласудың себебін анықтап және оның орынсызды- ғына көз жеткізіп, жазалаудың қарапайым әкімшілік шараларын
қолданамын.
В. Жұмыс барысында оны ашық әңгімеге шақырып, онымен тіл табысып, іскерлік байланыс орнатамын.
С. Ұжымның белсенділеріне жүгінемін, оның бұрыс тәрті- біне көңіл аударамын және қоғамдық шара қолданамын.
Д. Осы жұмыскерге қатысты өзім қателік жіберген жоқпын ба деп анықтап аламын, содан соң не істеу керектігін шешемін.
Екі топ арасында жаңалануға қатысты дау-дамайы барұжымға шеттеншақырылғанжаңажетекшікелді.
Сіздің пікіріңізше, ұжымдағы психологиялық келеңсіздікті қалыптастыру үшін ол қандай іс-әрекет жасауы қажет?
А. Ең алдымен, бұрынғылардың тәртібіне көңіл бөлмей қа- рым-қатынас құру, жұмысты жаңадан келгендердің ережесімен орындап, бұрынғыларға күшпен әсер ету.
В. Ең алдымен белсенділігін анықтап, оған ұжымдағы жағ- дайды анықтауды және қалыптастыру шараларын ұсыну мен қоғамдық ұжымның қолдауымен белсенділігі.
С. Ең алдымен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқандарды өз жағына аударып, қарсы топты сол ыңғайға жығу.
Д. Ұжымның даму әлеуетін және шығарылып жатқан өнім- нің сапасын тексеріп, ұжым алдына ортақ жаңа әлеуметтік тап- сырма қою, ұжымның жақсы нәтижелеріне және дәстүріне сүйе- не отырып, жаңа ұжымның ескі ұжымға қарсыласпауын қада- ғалау.
Өндірістік бағдарламаның ең ауыр кезінде қызметкер-лердіңбіреуіауырыпқалды.Әрбіржұмысшыөзжұмысынорындаудан қолы бос емес. Келмеген қызметкердің жұмысы өзуақытындааяқталуы керек.
Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз?
А. Қызметкерлердің қайсысының жұмысы аз екенін біліп, шешім қабылдаймыз: «Сіз мына жұмысты аласыз, ал сіз мына- ны бітіруге көмектесесіз».
В. Ұжымға мынадай ұсыныстар жасар едім: «Келіңіздер, ой- ласайық, бұл жағдайда не істеуге болады?»
С. Ұжым белсенділеріне өз пікірлерін айтуды ұсынып, ұжым мүшелерімен алдын ала талқылап, содан соң шешім қабылдай- мын.
Д. Өзіме ең тәжірибелі және сенімді қызметкерді шақырып және келмеген кісінің жұмысын орындауға көмектесуге ұжым- ды алып шығуын өтінемін.
Сізбенен әріптес арасында келіспеушілік туындады. Ай-талық, сізге оның себебі тіптен белгісіз, бірақ жұмысқа кесірінтигізбеуүшінқарым-қатынасынреттепалукерек.
Ең алдымен сіз не істер едіңіз?
А. Шиеленіскен қарым-қатынастың себебін білу үшін, әріп- тесімді ашық әңгімеге шақырар едім.
В. Бәрінен бұрын оған деген қарым-қатынасымнан өзімнің мінез-құлқымды анықтауға тырысам.
С. Әріптесіме: «Біздің іс-әрекетімізден жұмысқа зиян келеді, одан әрі қарай жұмыс істеуді келісіп алайық» деп айтамын.
Д. Біздің жағдайымыздан хабардар басқа әріптестеріме жүгі- нем, мүмкін, олардың бізге көмегі тиер.