Сіз бірнеше жыл қатардағы жұмысшы болып істегенұйымға жетекші болып тағайындалдыңыз. Сағат 8.15-те ке-шігу себебін анықтау үшін қол астыңыздағы қызметкерді өзі-ңіздің кабинетіңізге шақырасыз, кенеттен сіз өзіңіз 15 минутқакешігіп қаласыз. Қол астыңыздағы қызметкер уақытында ке-ліп,сізді күтіп тұр.
Сізәңгіменінеденбастайсыз? А. Өзіңіздің кешігуіңізге қарамастан, дереу оның кешігуінің себебін түсіндіруді талап етесіз.
В. Қызметкер алдында кешірім сұрап, содан соң әңгімені бастаймын.
С. Сәлемдесіп, кешігу себебімді айтқаннан кейін «Қалай ой- лайсыз, сіз секілді үнемі кешігетін жетекшіден не күтуге бола- ды?» деп сұрайтын едім.
Д. Сол сәтте кездесуді келесі бір уақытқа ауыстырамын.
Сіз екінші жыл бригадир болып жұмыс істеп жүрсіз.Жас қызметкер сізден үйленуіне байланысты төрт күнге қыз-меттенбосатуын сұрады.
Негетөрткүнге?–депсұрайсыз.
Асқаров үйленгенде сіз төрт күнге жібердіңіз ғой, – деп оларыздана берді. Сіз үш күнге рұқсат етіп, қол қойып бересіз.Бірақолжұмысқа төрткүнненсоң келеді.
Сізқандайтәсілқолданасыз? А. Тәртіп бұзылғаны жайлы жоғарыдағы бастыққа баяндай- мын.
В. Қол астыңыздағы қызметкерді төртінші күнгі демалыста өтеуін ұсынамын: «Асқаров та өтеген» деймін.
С. Жағдайға қарай (адамдар күн сайын үйленбейді ғой) көп- шіліктің қатысуымен ескерту жасаумен шектелемін.
Д. Оның келмеуін өз жауапкершілігіме алам. Тек «Олай жа- саудың керегі жоқ еді» деп құттықтап, бақыт тілеймін.
Сіз өндірістік ұжымның жетекшісісіз. Түнгі кезекшіліккезінде қызметкерлердің бірі мас күйінде қымбат жабдықтыңбірін бұзып алады. Айыпкер сізге қоңырау шалып не істеу керек-тігінсұрайды.
Сізқалайжауапбересіз? А. «Нұсқаулыққа сай әрекет жасаңдар. Ол менің үстелім- нің үстінде тұр, соны оқыңдар және не керек болса, соны істең- дер».
В. «Болған жайды вахтерге баяндаңдар. Жабдықтың сынға- ны жайлы акт жазыңдар, зардап шеккен кезекші медбикеге барсын, ертең анықтаймыз».
С. «Менсіз ештеңе қабылдамаңдар, қазір барамын, содан соң анықтаймыз».
Д. «Зардап шеккендердің жағдайы қандай? Егер қажет болса, дәрігер шақырыңдар».
Бір күні сіз өндірістің бірнеше жетекшілерінің арасындақызметкермен қандай қарым-қатынаста болу керек деген пікір-таластыңарасынатапкелесіз.Көзқарастардыңбіреуісізгеөтеұнады.Қайсысы?
А. Біріншісі – «жұмыста жақсы жұмыс істеу үшін оның жеке қасиеттерін ескере отырып, арнайы көңіл бөлу керек».
В. Екіншісі – «оның бәрі – майда тірлік. Адамдардағы басты құндылық – олардың іскерлік сапасы, жауапкершілігі. Әркім өзіне тиісті жұмысты істеуі керек».
С. Үшіншісі – менің ойымша, жетекшіліктің сәттілігіне қол жеткізу үшін, қол астыңдағылар өз жетекшісіне сенгенде ғана сыйлайды.
Д. Төртінші – «ол дұрыс, бірақ сонда да жұмыстың ынталан- дырғышы ретінде нақты бұйрық, жақсы ойлылық болып табы- лады».
Сіз цех бастығысыз. Қайта құрудан соң, жаңа штаткестесі бойынша бірнеше бригада ұйымдастыру керек. Сіз қайбағытбойынша барасыз?
А. Жұмысты өз қолыма аламын, цех қызметкерлерінің тізі- мін және жеке іс қағазымен танысып, өз жобамды ұжым жина- лысында ұсынамын.
В. Дау-дамайды болдырмау үшін қызығушы тұлғалардың пікірлерін тыңдап, жаңа бригада құру бойынша комиссия түзем. С. Цех белсенділеріне адамдармен тілдесіп, жағдайды түсін- діріп, жаңа штаттық кесте бойынша кім қай бригадаға бараты-
нын анықтап білуін тапсырамын.
Д. Алдымен жаңа бригадалар мен аймақтарды кім басқара- тынын анықтап аламын, кейін бригада құрамы бойынша сол адамға ұсыныстарын дайындауды тапсырамын.