Тұлғааралық қатынас тәсілі адамның қызмет орнында және бос уақытында айналадағылармен қарым-қатынас жасауының қалыпты тәсілдерін бейнелейді. Баға беру үшін сыналушыдан қойылған сұрақтарға жасалған нақты жауаптардың ұпайлар са- нын белгілеу сұралады.
Әріптестерменқарым-қатынасбелсенділігі:
*мен өзара қатынасқа араласпаймын десе де болады – 1;
*мен қажеттілігіме қарай ғана қатынас жасаймын – 2;
*басқаларға қарағанда, мен қатынас жасауда аса белсенділік танытпаймын – 3;
*басқалар сияқты, мен де жақсы қатынас жасаймын – 4;
*әріптестеріме қарағанда, мен жақсырақ қатынас жасаймын – 5;
Ұжымдағықатынасжасаудыңқалыптыортасы:
*ұжымда ешкіммен араласпаймын – 1;
*лауазымды тұлғалармен ғана араласамын – 2;
*достарыммен ғана араласамын – 3;
*бірнеше топпен араласамын – 2;
*барынша көп адаммен белсенді түрде қатынас жасаймын – 5.
Қатынасжасауғадегенқажеттілік:
*өзгелермен қатынас жасауға деген ешбір қажеттілікті се- зінбеймін – 1;
*біреумен қарым-қатынас жасауды сирек қалаймын – 2;
*кейбір әріптестеріммен жақын араласуды қалар едім – 3;
*бір топ адамдармен жақын араласуды қалар едім – 4;
*ұжыммен қатынас жасауға деген үлкен қажеттілікті сезі- немін – 5.
Ұжымдағықарым-қатынастыңсипаттамасы:
*бірін-бірі кінәлау, даулы жағдайлар – 1;
*бір-біріне жау көзбен қарау, тұрпайылылық, балағаттау – 2;
*ешбір қатыссыз, жайлылық, сирек жағдайда балағаттау – 3;
*өзара көмек көрсету, адамгершілік, қатынас – 4;
*достық, ұжымдық әріптестік, ортақ істегі келісімділік, бір- лік – 5.
Сауалдамадан алынған мәліметтер әр сыналушы тұл- ғаның шынайы өмірдегі қарым-қатынас жасауымен салыс- тырылады. Тұлғааралық қатынастардың сипаттамасын зерт- тей келе, зерттеушінің қосымша сұрақ қоюына болады, оларға жауап бере отырып, сыналушы тұлға бес топқа бө- лініп көрсетілген барынша жеке қатынастарды жанап өте- ді:
Түрлі кіші топтар туындататын өте қиын жағдай. Басшы шарасыз, ол еріксіз озық болып бас көтерген басшыларға тәуел- ді. Даулы жағдайлар жиі туындайтын.
Саналы түрдегі қиын жағдай. Тұрпайылылық, балағат, мысқыл, кекету. Басшы басқа тәсілдермен тәртіп орнатуға ты- рысады.
Жоғары тұрған қатынастарға бейтараптық пен бір-біріне деген ешбір қажетсіздік жатады. Кейбір кезде өзара тұрпайы- лылық пен балағаттық жайттар бас көтереді. Күмән туып, бір- бірін жақтырмау білінеді. Көмек көрсету – сирек құбылыс, аяу сезімі аз дәрежеде.
Жылылық пен көмек көрсетуге тырысу. Тұрпайылылық – сирек құбылыс. Басшы өзара сыйласымдылық пен адамгерші- лікті қол жеткен тәсілдермен қалыптастырады.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда, жақсы жағ- дай. Достық пен бірлік. Толық түсінушілік. Басшының жоғары беделі.