Пікір жазғандар



бет151/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

ТЕРМИНДІК СӨЗДІК



Адам –

қоғамдық-тарихи процестің, жер бетіндегі мате- риалдық және рухани мәдениеттің субъектісі, генетикалық жақтан өмірдің басқа формалары- мен байланысты және ол формалардан еңбек құ- ралдарын өндіру қабілетінің арқасында бөлініп шыққан, түсінікті сөйлей, ойлай алатын, сана- лы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Ол бірқатар ғы- лымдардың: антропология, социология, этно- графия, психология, педагогика, анатомия, фи-
зиология және т.б. зерттеу нысаны болып табы- лады.

Адамның биотиптері –

нейрогуморальды негіз, симпатико-адреналиндік жүйенің (САЖ) индивидуалды ерекшеліктері бойынша іске асырылатын адам типологиясы. Үш түрлі биотип ажыратылады: адреналиндік (А-тип), норадреалиндік (Н – А-тип) және аралас.
А-типтің өкілдері жоғары мазасыздықпен, жо- ғары жауапкершілік сезімімен, қол жеткізгенге қанағаттанбаумен, шектік қысымдарға талпы- ныспен ерекшеленеді.
Н – А-типтің өкілдері жоғары ішкі қысым- дылықпен, тұйықтықпен, жасырындылығымен, билікшілдігімен, мақсатқа талпынғыштығымен сипатталады; жолы болмаушылық адамдарды жүйке жүйесінің тозуына, жүрек қан тамырла- рының ауруларына алып келуі мүмкін.
Аралас типтің өкілдері жоғары эмоционалды- лығымен, көңіл-күйінің тұрақсыздығымен, жо- ғары сезімталдығымен, эмпатиямен бірге қайғы- руға қабілеттілігімен сипатталады. Төтенше жағ- дайларда адамдардың биотиптік ерекшеліктері
аса қарқынды көрінеді.

Адамға жүйелі тұрғыдан қарау –

адамның даму процесінде табиғи және мәдени арақатынасы нәтижесінде оның психикасының
дамуы.

Авторитаризм – (грек сөзі
«autoritas» – «билік, ықпал ету») –

адам мінез-құлқына догматикалық талап қой- ғыштық, беделді адамға сілтеме жасау арқылы оның аргументациясы, жоғарыдан жіберілген ережені еш қарсылықсыз орындауды талап ету, тұлғааралық қатынастардың объективті негіз- дерін асқындыру.
Әлеуметтік-саяси кесте ретіндегі авторитаризм
– мемлекет пен қоғамды байланыстыратын саяси







институттарды ығыстыру, биліктің бір адамның немесе бір органның қолындағы концентра- циясы.
Авторитаризмнің шеткі формасы – тоталитаризм – қоғамның іс-әрекетінің әмірлі, қатал репрессивті кестесін, басқарудың апелляциялық емес коман- далық әдісін жасау, тұлғаның өзіндік реттеу мүмкіндіктерін шектеу. Адамның тоталитаризм жағдайында ұзақ уақыт болуы оның тұлғалық
деформациясына алып келеді.

Ажитация – (латын сөзі – agitatio – «қозғалысқа алып келу») –

өмірге, қауіпке, апаттық жағдайларға және т.б. психогендік факторларға аффективті жауап. Дау- дамай, апаттық жағдайлардағы өте күшті қозу күйі, әрекеттердің мақсатқа бағыттылығының бұзылуы, асығуы, пайымдаулы іс-әрекетке қа- білеттіліктің төмендеуі – аномальды психика-
лық күй.

Аморальдылық –

қоғамның моральдық ұстанымдарын қабыл- дамау, әдептілік нормаларына ингилистикалық қатынас, тұлғаның және әлеуметтік топтың ру- хани күйреуі. Аморальдылықтың шеткі фор- масы цинизм болып табылады, ол – өз қоға- мының мәдениетіне, оның рухани құндылық- тарына жақтырмай қарау, идеалдар мен әлеу-
меттік ұстанымдарды менсінбеу.

Амнезия – (грек сөзі – ἀ –
«теріс бөлшектер» + mnesia
«ес») –

ұмытшақтық, есінен айрылу, естің бұзылуы. Ре- троградты амнезия – аурудың алдында болған жағдайларға қатысты естің бұзылуы. Антеро- градты амнезия – ауру басталғаннан кейінгі бол- ған жағдайларға қатысты естің бұзылуы. Қор-
ғаныстық амнезия – жаралайтын жағдайларды естен ығыстыру, ұмыту.

Андрогиния – (латын сөзі, andros – «ер», gunes –
«әйел») –

бір индивидте ер адамның да, әйел адамның да қасиеттерінің болуы, әртүрлі жағдайларда мі- нез-құлықтың маскулиндік немесе феминдік
ерекшеліктерін көрсете алу қабілеті.

Антиципация – (латын сөзі, anticipatio – «күні бұрын») –

индивидтің жағдайдың ары қарайғы дамуын, әрекеттің барлық мүмкін болатын нәтижелерін
алдын ала көре алу қабілеті, ақиқаттықты алдын ала бейнелеуге қабілеттілік.

Апатия – (грек сөзі, аnatheia
– «бейтараптық») –

селқостық пен қызығушылықтардың әлсіреуі, қоршаған шынайылықтың жағдайларына деген
немқұрайдылық, эмоциялық енжарлық.

Апперцепция –
(апперцептио латын сөзі,

шынайылықтың заттары мен құбылыстарын қа-
былдаудың өткен тәжірибеге, тұлғаның индиви-




«ап» – үстеме жұрнақ,
«перцепцио» – «қабылдау») –

дуалды ерекшеліктеріне және психикалық күйі-
не тәуелділігі.

Ассоцианизм – (латын сөзі, associatio – «екі немесе одан да көп психикалық құрылымдарда туындаған психологиядағы байланыс») –

психикалық қызмет етуін ассоциациялардың – құбылыстар мен бейнелерінің арасындағы тұ- рақты байланыстардың қалыптасуы арқылы тү- сіндірілетін әлемдік психологияның негізгі ба- ғыттарының бірі.
Ең алғаш ассоциациялар ұстанымын Аристо- тель қалыптастырған: «Көрінетін сыртқы себеп- терсіз пайда болатын бейнелер ассоциацияның өнімі болып табылады». ХІХ ғасырда ассоциа- циялардың және олардың нейрофизиологиялық, шартты-рефлекторлық механизмдерінің қалып-
тасу жағдайлары зерттелген болатын.

Астения – (грек сөзі, astheneia – «алқыну,
әлсіздік») –

жоғары деңгейде күшсіздік, қалжырау, тез шар- шау мен тітіркендіргіште көрінетін нервтік-пси-
хикалық әлсіздік.

Атрибуция – (латын сөзі, attributio – «иеленіп жабыстыру») –

индивидке немесе әлеуметтік топқа тікелей қа- былданбайтын ерекшеліктерді немесе басқа тұл- ғаның мінез-құлқының себептерін түсіндіру ме- ханизмі. Каузальды атрибуция – мінез-құлық
себептері туралы болжам.

Аутизм – (грек сөзі, Эйген Блейлер 1911 жылы ашқан
«өзім» және
ағылшын сөзі, infantile autism –
«аут» – «тысқары кету») –

психикалық шеттелудің шеткі формасы, шынайы өмірден алшақтап, адамның өзімен-өзі болуы, сыртқы әрекеттер мен құбылыстарға немқұрай- лылығы, индивидтің қоршаған әлеммен байла- нысынан қашуы, өзіндік реттеу мүмкіндігінің төмендеуі, идеялар мен түсініктердің тар шең- беріне жақындық, эгоцентризм, қоршаған адам-
дардың мінез-құлқына эмоциялық реакциялар- дың пара-пар еместігі.

Аффект – (латын сөзі, affects – «жан толқынысы») –

күтпеген жерден болған өте күшті эмоциогендік әсерден туындаған, күшті импульсивті әрекет- термен және эндокринді жүйенің қызметтік өз- герістерімен бірге жүретін сананың уақытша па- тологиялық емес ұйымдасуының бұзылуы, оның
«тарылуы»; ақиқаттықтың индивидтің тұлғалық позицияларына қатал қарама-қарсылығынан, жан- жалдан туындаған эмоциялық күй.
Аффект субъектінің қатал, ординарлы емес жағ- дайдан пара-пар шығу жолын табуға қабілетсіз- дігінде шеткі жағдайларда пайда болады. Аффек- тогендік бейне индивидтің бүкіл психикалық іс- әрекетінен басым болады, онымен байланысты
емес барлық процестерді топтайды және биоло-







гиялық эволюция процесінде қалыптасқан мінез- құлықтың «апаттық» тәсілдерін (агрессияны, қа- шуды, шынжырлануды) біріктіреді.
Аффект күйі кейін индивидтің өткен аффекто- гендік жағдайдың жеке элементтерімен кезде- суінде көрінетін аффективті іздер қалыптасты- рады.
Заңгерлікте аффект (күшті рухани күйзеліс), егер бұл күйді айыптаушының заңға сәйкес емес әрекеттері туындатқан болса, жауапкерші- лікті жеңілдететін және қылмыстық квалифика-
циясына әсер етуші жағдай ретінде қарасты- рылады.

Аффективті әрекет –

субъектінің белгілі бір эмоциялық күйлерімен бағытталатын және реттелетін әрекет, ондай күйлерге батылдық, құмарлық, ұнатпаушылық, құштарлық, кек қайтару, махаббат және т.б. жатады. Аффективті әрекет түсінігін Макс Ве- бер оны «Әлеуметтік әрекет» (мақсатқа рацио- налды және құндылық-рационалды) түсінігінен бөліп алу үшін енгізген.
Мақсатқа ұтымды әрекетке қарағанда және құн- дылық-рационалды әрекетке ұқсас аффективті әрекет нақты мақсатқа қол жеткізуге емес, әре- кет субъектісінің эмоциялық өзіндік көрінуіне, оның импульсивті өзіндік реттеуіне, құмарлық- ты немесе құштарлықты қанағаттандыруға ба- ғытталған.
Қозудан туған әрекет саналы мінез-құлық пен бейсаналы реакциялардың арасындағы шекте орналасқан. Олар ең аз саралануымен сипатта- лады; осы ең аз шектен өту психикалық іс- әрекеттің ұйымдасуының бұзылуына – аффект
күйіне алып келеді («Аффект» қараңыз).

Әдеттегі сана –

әлеуметтік қауымдағы басым эмпирикалық бі-
лім және түсініктердің жиынтығы.

Әлеуметтік бақылау

әлеуметтік нормаларға сәйкес адамның мінез- құлқын реттеу мақсатымен қоғам әлеуметтік және кіші топтағы тұлғаларға әсер ететін құрал-
дар жүйесі.

Әлеуметтік бейімделу –

индивидтің әлеуметтік орта жағдайларына үйре- нуі. Әлеуметтік бейімделудің типтері: 1) ортаға белсенді әсер ету; 2) әлеуметтік топтық құнды-
лық бағдарлары мен мақсаттарын пассивті кон- формды қабылдауы.







Әлеуметтік бейімделу индивидтің өзінің және өз әлеуметтік байланыстарының бейнесіне пара- пар әртүрлі әлеуметтік рөлдерді қабылдауына байланысты. Әлеуметтік бейімделудің бұзылуы әлеуметтік емес мінез-құлық, маргиналдылық,
ішімдікке салыну мен нашақорлық болып та- былады.

Әлеуметтік ингибиция –

бөгде адамдарджың қатысуында іс-әрекеттің
төмендеуі.

Әлеуметтік-психологиялық
ахуал –

топ деңгейінің дамуына тәуелді, тиімді бірлесе
әсер ететін тұлғааралық қатынасының саласы.

Әлеуметтік күту –

әлеуметтік қауымдастықтың әрбір тұрғыдан әлеуметтік-рөлдік талаптарын тиісті орындауын күту (ата-аналардың рөлдері, ұстаздардың, әкім- шіліктің, саяси лидердің, парламент депутатта-
рының, т.б. қызметтері).

Әлеуметтік стереотип –

әлеуметтік объектінің тұрақты, қарапайым (үс-
тірт) бейнесі, бөгде топтармен қатынасындағы негативтік бағдарлар.

Әлеуметтік қабылдау –

адамдармен әлеуметтік объектілерді (басқа адам-
дар, өзін-өзі, әлеуметтік топ және қауымдастар) қабылдау, түсіну, бағалау ерекшелігі.

Әлеуметтік-этностық қарым-қатынастар –

ұлтаралық әлеуметтік қарым-қатынастардың кө- рінісі. Әр ұлт өзінің ұлттық мәдениетімен, салт- дәстүрімен, ұлттық өнерімен, ұлттық талғамы- мен ерекшеленеді. Басқа ұлт өкілдерімен күн- делікті өмірде қарым-қатынасқа түскенде өзінің ұлтына тән ерекшелікпен көрінуге тырысады. Әр ұлт өзіндік өнер ерекшелігімен дараланады. Оны ұлттық сана-сезімнің, ұлттық мақтаныш-
тың көрінісі деуге болады.

Әсер –

индивидтің немесе әлеуметтік топтың басқа адам- дардың мінез-құлықтарын, олардың позицияла- рын, бағалауы мен бағдарларын өзгерту процесі және оның нәтижесі. Бағытталған әсердің меха- низмі сендіру мен пайымдау болып табылады. Бағытталмаған әсердің механизмі – еліктеу және
жұқтыру. Әсер тура және жанама бола алады.

Әлеуметтік позиция –

бұл – индивидтің немесе топтың қоғам жүйе- сіндегі орны. Адамның мінез-құлқы стилін рет- тейтін, тұлға немесе индивидтің қоғам жүйе-
сіндегі орны.

Әлеуметтік рөл –

тұлғаның әлеуметтік қызметі, оның әлеуметтік мекемелердің қоятын талаптарына, әлеуметтік
күтуіне сәйкес келуі, мінез-құлық моделі.




Әлеуметтік фасилитация –

белгіленген әрекетті басқа адамдардың қатына-
сымен жеңілдету (соның ішінде қылмыстық топ жағдайындағы қылмыстық әрекеттер).

Басқару –

басқарудың бағдарламасы және мақсаттын іске асыру, іс-әрекет тәртібін өзгерту немесе қолдау, құрылымды сақтау, мақсаттың дамуын қамта-
масыз ету және субъектінің басқару жүйесіне әсер ету процесі.

Басқару психологиясы –

басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейтін психологияның бір саласы. Басқару психологиясының негізгі міндеті – басқару жүйе- сіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арт- тыру мақсатында басқару қызметінің психоло- гиялық жағдайлары мен ерекшеліктеріне талдау
жасайды.

Басқару іс-әрекеті –

берілген тапсырмаларды тиімді орындауға үлес қосатын «адам-адам» жүйесіндегі басшылардың аналитикалық-конструктивтік, іс-әрекеттік-рет- теулік, коммуникативтік және бағалау-түзету функцияларын іске асырудан тұрады. Бұл әре- кеттің ұжымдағы қызметтік және басқа да тап- сырмалардың тиімді шешімін табуда маңызы зор. Сондай-ақ бірлескен іс-әрекет міндеттерін орындау үшін қызметкерлер тиімділігін қамта-
масыз ету болып табылады.

Басқару іс-әрекетін белсенді ету –

үйлесімді қағидаларды айқындау мен дәлелдеу процесі, сондай-ақ басқаруды іске асырудағы объективті заңдарының талаптары айтылады. Жетекшінің басқару функциясын үздік орын-
дауын қамтамасыз етеді.

Басқару іс-әрекетінің психологиясы –

психология ғылымының жаңа жетекші бағыты. Әртүрлі жағдайларда тиімді басқарудың шарт- тары мен факторлары, механизмдері, заңды- лықтарының қызметімен бекітіледі. Жетекшінің өзіндік басқару қабілеті мен ойлауын қалып- тастыру, қызметкерлердің өмірлік жаңа үлгілері мен технологияларын қолдана отырып, іс-әре-
кетін шығармашылықпен басқару.

Басқару іс-әрекетінің стилі –

(стиль – латын сөзі, жазуға арналған стержень)
– жетекшінің жеке басқару қызметін іске асыру- дағы қалыптасқан мінездің әдіс, тәсілдер жүйесі болып және ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен дамиды. Жетекшінің жоғары стилін таңдау белсенділеу көрсеткіштеріне сәйкес іске
асып, оның белсенділігінің құрылымдық-қыз-







меттік, психологиялық, нәтижелілік көрсеткіш-
тері арқылы көрініс тауып сыртқа шығады.

Басқару іс-әрекетінің технологиясы –

жетекшімен басқару құралдарын қолдану мен құрастыруы, ұйымдастыру-әдістемелік бағдары- ның жиынтығы. Оған басқарудың тактикасы
мен техникасы, стратегиясы жатады.

Басқару менталитеті (ділі) –

бұл жетекшінің басқару іс-әрекетіндегі дара-
лығы және жүйелі еңбегінің қайталанбауы.

Басқару өнері –

жетекшінің басқару құзырлылығының кемел- денуі, жетекші өз міндеттеріндегі басқарудың тұрақты жоғары нәтижелеріне қол жеткізуі, жаңа технологияларын шығармашылықпен мең- геруі және мықты ерік-жігерімен, адамгершілік-
патриоттық қарым-қатынасымен сипаттала-ды.

Басқару функциясы (қызметі) –

бұл тапсырманың орындалу кезеңіндегі басшы-
ның міндеттерге сәйкестенген басшылық қыз- метін атқару рөлі.

Басқару шеберлігі –

бұл жетекшінің жоғары деңгейдегі құзырлылы- ғымен, тиімді озық технологияларды қолдана отырып жетістікке жетуі, яғни жетекшінің жо-
ғары деңгейде басқару қабілеттілігі және тұрақ- ты нәтижелерге қол жеткізуімен сипатталады.

Басшы –

ұжымды басқару және оның қызметін ұйымдас- тыру функциялары ресми жүктелген адам. Бас- шы өзін тағайындаған (сайлаған, бекіткен) инс- танция алдында топтың (ұжымның) өз функция- сын атқаруы үшін заңдылық жауаптылықта бо- лады және қатаң тиянақталған санкциялау – ба- ғыныштылардың өндірістік белсенділігіне ық- пал ету мақсатында жазалау және көтермелеу
мүмкіндіктеріне ие.

Баурап алатын көңіл-күй (навязчивые состояния) –

ырықсыз күйлерде туындайтын билеп алатын түсініктер, ойлар мен түрткілерді ілестіріп жү- ретін жағымсыз эмоциялық түрі – фобиялар (қорқыныштар). Дені сау адамдарда осы күйлер
қатты шаршағанда, психикалық бәсеңдеу бары- сында туындайды.

Бақылау локусі (Locus - орны, бағыты) –

сыртқы күштерге индивид өзінің іс-әрекетінің теріс нәтижесін жауапкершілікті басқа адам- дарға артады. Мысалы, сыртқы күштерге (экс- терналды бақылау локусі д.а.) немесе өзінің тұлғалық ерекшеліктерінен (интерналды бақы- лау локусі) көреді.
Интерналды бақылау локусінің иегерлері өте әлеуметтік жағынан жауапты және мақсаты ай-







қын, мақсатқа жету жолында қайсар, өжет бо- лып келеді.
Сыртқы байқау локусының иегерлері – жауап- кершілігі төмен, өз шешімін жүзеге асыруда ұзаққа созады, көп жағдайда конформды және
агрессивті болады.

Бейсаналылық –

саналы бақылаусыз (инстинктер) іске асырыла-
тын психикалық процестер.

Бәсекелестік –

өзара жарыс; біреуден озу мақсаты көзделген талас, тайталасу, ерегісу, бәсекелесу. Өндіріс құрал-жабдығы жекеменшікке негізделген қо- ғамда тауар өндірушілердің тауар өндіруде және өткізуде неғұрлым қолайлы жағдай туғызу жолдарындағы өзара күресі, неғұрлым көп пай-
да табу жолындағы күрес.

Дарындылық –

индивидке белгілі бағытта (математика, музыка, өнер, әдебиет, ғылым, спорт) жоғары нәтижелі
іс-әрекеттің мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.

Дидактогения – (грек сөзі, didasko – «оқу», genesis –
«шығу тегі») –

ата-аналар мен ұстаздар және тәрбиешілердің
әдепсіздігінен туындайтын индивидтің жағым- сыз психикалық күйі.

Динамикалық стереотип –

әдеттер мен дағдылардың нейрофизиологиялық негізі, тұрақты шартты рефлекторлық реакция-
сының тітіркендіргішке жауабының жүйесі.

Дисфория – (латын сөзі, dysphoria – «ішкі тынышсыздық, қайғыны
күту сезімі») –

агрессивтік көріністерге дайын болу, ызалану, жағымсыз эмоциялық күй.

Доминанта – (латын сөзі,
dominans – «үстемдік ету») –

мінез-құлыққа белгілі бағыт беретін жүйке жүйе-
сіндегі басым ошағының қозуы.

Ерік –

адамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктің негізгі функциялары ретінде мыналар сараланады: түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мо- тивациясы жеткіліксіз не басы артық болғанда, іс-әрекетке деген ниет, ынтаны реттеу, психи- калық процестерді адам атқаратын іс-әрекетке барабар жүйе етіп ұйымдастыру, қойылған мақ- саттарға жетуде кедергілерден өтетіндей жағ- даятта физикалық және психикалық мүмкіндік-
терді жұмылдыру.

Еске түсіру –

бұрын қабылданған материалдың өзектенуі,
бұрын қалыптасқан бейнелердің қайта шығуы, олардың уақыт пен кеңістіктегі локализациясы.




Іштарлық –

жетістік мотивациясының көріністері, игілікті игеру барысында біреу немесе біреудің артық- шылығы субúектімен эмоционалüды жағымсыз бағалаушы, жеке қол жеткен табысына қысым көрсетуі болғандай сезінеді. Жат жетістіктерге тосқауыл қоятындай болып көрінеді. Оны дис- кредитациялау, іштарлық адамды агрессивті
әрекеттерге итермелейді, индивидтің психика- сына кері әсер етеді (бұзады, зақым келтіреді).

Іштей сөйлеу –

тілдік мәндерді ойлау, түсініктер мен операция- лар жасау құралы ретінде, ойдағы басқа адам- мен диалог ретінде шынайы коммуникация про- цесінен тыс (ақылда) қолдану. Сырттай сөйлеу-
ден іштей сөйлеу құрылымның жасырынды- ғымен ерекшеленеді.

Жалғыздық –

индивидтің психикалық күйі; мазасыздану, де-
прессия, әлеуметтік-коммуникативтік шеттету- мен сипатталады.

Жауапкершілік –

тұлғаның мінез-құлқы әлеуметтік-нормалы та- лаптарға, парызына, міндеттеріне сәйкес әлеу- меттік бақылауға тұлғаның мінез-құлқы бағы- нышты. Бақылау түрлері ішкі және сыртқы бо- лып бөлінеді. Жауапкершілік – ол тұлғаның қо- ғамға, қоғамның тұлғаға қойылған обúективті талаптарын бұжытпай орындауы. Индивидтің неғұрлым нақты мүмкіндігі және құқықтары кең болса, соғұрлым жауапкершілігі жоғарылайды. Тұлғаның әлеуметтік міндеті – өзінің мінез-
құлқын белгілі стандартқа бағындыруы.

Жатсыну (отчуждение) –

шынайы қоршаған ортаға индивид өзін-өзі қар- сы қоюы, тұлғаның деперсонализациясы, инди- вид базалық әлеуметтік құндылықтарды қабыл- дамауы, бұл – тұлғаның криминалды мінез-
құлқының алғышарты.

Жетекшінің авторитарлы стилі –

адамдардың іс-әрекетін басқаратын бұл стиль- дің бір түрі, қатаң басқару түріне жатады, яғни қоластындағы адамдардың пікірімен санаспай- тын, олардың демократиялық мүмкіндіктерін
шектейтін стиль болып табылады.

Жеке тұлғалық –

жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшелік- терінің жиынтығы, басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан си- патталатын адам; индивидтің психикасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Ж.т.
темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер си-







патында, перцептивтік процестер мен зият сана-
сында, қажеттіліктер мен қабілеттерінде көрі- неді.

Жетекшілік –

әлеуметтік-психологиялық ерекше құбылыс. Топ- тағы тұлғааралық қатынастар жүйесінде үстем- дік пен бағыну, ықпал жасау және оған еру қа- тынастары. Әлеуметтік топтың ішінде билік пен ықпал уәкілдіктерінің жүзеге асырылуын белгі-
лейтін термин.

Жұқтыру –

эмоционалдық күйдің бір адамнан екінші адам- ға психофизиологиялық байланыс деңгейінде өтеді; әлеуметтік кенеттен ұйымдасу факторы. Алайда бақылаудан шыққан психикалық жұғу мінез-құлықтың нормалы-рөлдік құлдырауына
әкеп соғады, диструктивті «тобыр әсері» туын- дайды.

Заңды жауапкершілік –

бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, құқық
нормалары санкцияларында белгіленген, мемле- кет күшімен байланысты.

Заң психологиясы –

құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және әлеу- меттік қатынастарда жалпы психикалық заңды- лықтар мен механизмдерін зерттейтін қолдан- балы психология саласы. ХІХ ғ. аяғында экспе- рименталды психологияның дамуымен байла-
нысты заң психологиясы қарқынды дами бастады.

Зиялы қауым –

мәдениет пен ғылымның, техниканың салалары-
нан арнайы дайындығы, білімі бар ой еңбегінің қызметкерлері.

Идентификация – (латын сөзі, identifico –
«сәйкестендіру») –

әлеуметтік психологияда субъектіні белгілі әлеу- меттік топппен теңестіреді (әлеуметтік теңестіру).

Инстинкт (латын сөзі, іnstіnctus – «соқыр сезім») –

Мінез-құлықтың туа берілген жүйесінің жиын- тығы. Негізгі тітіркендіргіштердің әсерінен бел-
сенділігі артады.

Интеллект – (латын сөзі, іntellectus – «таным,
ұғыну») –

ақыл-ой қабілетінің тұрақты құрылымы.

Интериопризация – (латын сөзі, interior – «ішкі») –

мінез-құлықтың бағдарлық негізін қалыптасты-
ру, ішкі психикалық құрылымына сыртқы іс- әрекеттің әлеуметтік шартталуы негізінде игеруі.

Профессиограмма – (латын сөзі, Professio –
«мамандық» + Gramma –
«жазу») –

нақты кәсіпке қойылатын әлеуметтік, психоло- гиялық және басқа талаптардың жүйесі және тұлға мен іс-әрекет сапасы (мамандықтың адам-
дағы негізгі әлеуметтік-психологиялық сапа- ларына қойылатын талаптар жүйесі).




Тұлғааралық қарым-қаты- нас –

бірлескен іс-әрекет процесінде және қарым-қа-
тынаста адамдардың өзара объективті әсер ете- тін әлеуметтік-психикалық құбылыс.

Ұйымдастыру іс-әрекеті –

бұл субъектілер мен олардың іс-әрекеттерін бай- ланыстыратын практикалық іс-әрекеттер жиын- тығы, сондай-ақ оның басқару процестері болып
табылады. Ұйымдастыру іс-әрекеттері жоғары ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді.

Қоғамдық пікір –

қоғамдық ортаның әртүрлі құбылыстарға жалпы қызығушылықтарының бағытталуы және ұжым
қарым-қатынасындағы бағаланған пікірлер мен ойлардың жиынтығы.

Кәсіби құзырлылық –

тұлғаның кәсіби іс-әрекетіне қатысты білімі, бі-
ліктілігі мен дағдысының өзара байланысқан са- паларының жиынтығы.

Кәсіби шеберлік –

тұлғаның бойындағы кәсіби іс-әрекетінің қам- тылған жемісі, тұлғалық кәсіби сапасы, оның
жоғары деңгейдегі білім, білік, іскерлігін дамы- тудағы көрінісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет