2-сурет. Ұйымдағы дау-дамайлар
Сыртқы ортамен дау-дамай – бұл дау-дамайлар көп жағ- дайда кәсіпорын басшылары мен иегерлерінің бәсекелестермен, клиенттермен, жеткізушілермен, өзінің кәсіподағымен дау-да- майлары.
Дау-дамайлықжағдайларжәнедау-дамайлықәрекеттер
Ұйымдағы дау-дамайлар белгілі бір дау-дамайлық жағдайдантуындайды, ол оның қатысушыларының тікелей соқтығысуына дейін ұзақ уақыт болуы мүмкін. Дау-дамайлық жағдай ұғымы дау- дамай ұғымымен сәйкес келмейді, өйткені алғышартты сипат- тайды, нақты дау-дамай туындауы үшін, сондай-ақ тараптардың өз мүдделерін қорғау бойынша нақты әрекеттерге негіз болады.
Дау-дамайлы жағдайларда адамдардың әлеуметтік-эконо- микалық, адамгершілік және басқа да қарым-қатынастары шие- ленісіп жатады.
Ұйымдағы дау-дамайлық жағдайға неғұрлым тән белгілер мыналар:
тұлғаның ар-намысын ресми және ресми емес жағдайда төмендету;
тікелей басшылардың нұсқауларын, өкімдерін орындаудан жалтаруы;
ұжым мүшесіне қатысты жағымсыз сөздер айту, тіл тигізіп немесе күш көрсетіп қорлау;
жекелеген қызметкерлердің тұйықтығы, немқұрайлы- лығы, жалғызсырауы, жабырқауы.
Дау-дамайлық жағдай екі тарап та әрекет еткенде ғана дау- дамайға ұласады. Мұндай әрекеттер мыналар:
1) ішкі мінез-құлықтық актілер және 2) қарама-қарсы тарап- тың өзіне қарсы деп танылған әрекеттері.
Дау-дамайлық әрекеттер – бұл қарама-қарсы тарапқа өзінің мақсатына жетуге тура немесе жанама кедергі келтіруге бағыт- талған әрекеттер. Олар дау-дамайдың өзінің өту фонын күрт ушықтырады: дау-дамайды күрделендіруі, оның эскалациясына тенденция туындатуы мүмкін.
Ұйымда дау-дамайдың пайда болуына ықпал ететін жағдай- лар мыналар:
− еңбек ұжымдарында сақталатын жағымсыз салттар мен дәстүрлер;
− басшының қарамағындағы қызметкерге сенімсіздігі (ол қарамағындағы қызметкердің өзінің міндеттерін орындау бары- сында тым артық қамқорлығынан көрінуі мүмкін);
− ұжымның бір мүшесінің екіншісіне алдын ала теріс түсі- нілген жағымсыз қатынасы;
− адамдарға тым артық шыдамдылық танытудан байқалатын жұмсақтық қатынас пен бәрін кешірушілік;
− ұйымдарда басшының тым жоғары талап қоюына наразы- лық білдіруінен, тұлғааралық антипатияның байқалуынан көрі- нетін дисфункционалдылықпен сипатталатын ресми емес мик- ротоптардың болуы.
Бұл мейлінше жоғары шағын өндірістік топтарда, бригада- ларда, звеноларда, ауысымдарда және т.с.с. байқалады, яғни, ма- териалдық құндылықтар жасалатын, өндірістің негізгі мәселе- лері шешілетін орындарда болады.
Дау-дамай іс жүзінде барлық жерде көрініп тұрады, өйткені, сырттайбайқалады: ұжымдағы шиеленістің жоғары деңгейі; жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі – соның салдары ретінде өн- дірістік және қаржылық көрсеткіштердің, жеткізушілермен, са- тып алушылармен өзара қарым-қатынастың төмендеуі және т.б.
Ұйымдағы дау-дамайлар адамдардың мүдделердің, мінез- құлық нормаларының, құндылықтарының қайшылығынан туын- даған қарама-қайшылық нәтижесі болып табылады. Олардың арасынан, ең алдымен, қарама-қайшылықтардың мынадай ти-пін бөліп алуға болады: ұйымдастыру, өндірістік, іскерлік, ин- новациялық.
Осыған сәйкес ұйымдағы дау-дамайдың негізгі типтерін атап көрсетуге болады:
− ұйымдастыру;
− өндірістік;
− еңбек;
− инновациялық.