Психиканың жұмыс режимінің эмоциялықтан рационал-дысына ауысуы. Жанжалда жиі эмоция басым болады. Бұл аф- фектке әкеледі, онда сана өшіп, адам өз әрекеттеріне жауап бере алмайды. Эмоциялық амал істің, мәселенің және қарсы пікір біл-
дірушіге қатынастың ауысуына әкеледі. Біз қарым-қатынас- тарды анықтап алуда кептеліп қаламыз, ал іс, мәселе шешілусіз қалады. Егер мәселе шешілмесе, онда қарым-қатынас та бұзы- лады немесе үзіледі.
Міне сондықтан өзінің қатынасында эмоцияны мәселеден ажыратып алу және оларды мүмкіндігіше араластырмау қажет. Мұнда екі тәуелсіз міндеттерді шешуге тырысу керек: бастысы
бұл мәселенің шешімін табу және қарым-қатынастарды реттеу. Бірақ, егер шешімі табылмаса, не жағдай болса да, жақсы қа- рым-қатынасты сақтауды ойластырған жөн. Өйткені шешімін іздеуге сақталған қарым-қатынасқа сүйене отырып, кейінірек қайта оралуға болады.
Қарсыпікірбілдірушіге«бұлқынысыншығарыпалуға»мүмкіндік бер, ол басылған кезде сөйле. Оның «атылысы» кезін- де өзіңді жайбарақат, сенімді ұста, бірақ менменшіл болма. Кө- бісі біздің қарсы пікір білдірушіге ішкі шиеленісін төмендетуге қаншалықты көмек көрсететінімізге байланысты. Бұл бағытта ең орындысы үнсіздік, жымию, қол алысу, өкініш білдіру және т.б. болып табылады. Егер бұл көмектеспесе, онда агрессияның же- леп өтпейтін аура бар екенін сезінген жөн. Соңғы жағдайда біз оқшауланған, қорғанышты ортада боламыз.
Көптеген зерттеулер барысында қызықты заңдылық анық- талды: егер эмоциялық жауап қайтару түрінде нығаю алған болса, кері эмоциялық әсер күшейеді. Нығаю алмай, кері эмо- циялық әсер өшеді. Кері эмоциялық әсерге жауап қайтармау- ға мүмкіндік беретін негізгі амалдар келесілер болуы мүм- кін:
− жауап қайтаруға асықпа, кідір;
− өзіңе шеттен қара;
− басқа бір затқа назарыңды аудар;
− қарсы пікір білдірушіге шынайы өкініш білдір;
− өз назарыңды басқа объектілерге саналы аударт, есту се- зімдеріне емес, көру жән сезіммен қабылданатын объектілерге зейініңді шоғырландыр.
Қарсыпікірбілдірушіденнаразылығынбайсалдынегіз-деуін талап ет. Бірақ эмоцияны емес, айғақтар мен объективтідәлелдердіескеретіндігіңді айт.Мұнда негізгі амалдар:
− әртүрлі ашық сұрақтарды пайдалан. Мысалы, былай сұра:
«Сіздің айтып жатқаныңыз айғақ па, әлде пікірлер, болжамдар ма?»;
− айтылып жатқан наразылықтардың санын азайтy. Мыса- лы: «Сіздің дауларыңыз маған жұмысты жақсартуға мүмкіндік береді, сондықтан ең маңыздысын және бірінші дәрежелісін ажыратып көрсетіңіз»;
− бұл наразылықтарды қарсы пікір білдіруші қалайтын нақ- ты соңғы нәтижеге ауыстыр;
− қарсы пікір білдірушіден кеңес сұра, оның наразылығын тудырған нәрсені ол қалай шешетіндігін сұра. Бірақ мұнда ақ- талма, басқаларды айыптама, жағдайларға жүгінбе;
− қатынасты позитивті күйде аяқта, мысалы, қарсы пікір білдірушіге оған өз қызметінің сыни көзқарасын көрсеткендігін айтып, ризашылық білдір.
Мүмкін болған агрессияны күтілмеген амалдармен жой.Мұнда басты міндет кері эмоциялардың деңгейін төмендету, идеалында – қарсы пікір білдірушіні кері эмоциядан позитивтіге ауыстыру болып табылады. Мұндай амалдарға келесілерді жатқызуға болады:
− қарсы пікір білдірушіден сенімді түрде кеңес сұра;
− мүлдем басқа туралы, бірақ сұхбаттасушы үшін маңызды зат туралы күтілмеген сұрақ қой;
− бұрында не байланыстырғанын және жағымды болған- дығын есіне сал;
− қошемет сөздер айт («Ашуланғанда сіз одан сайын әдемі болып кетесіз...»).
Қарсыпікірбілдірушігемәселенішешудеөзнұсқаларынайтудыұсын:
− кінәлілерді іздеме және болған жағдай туралы түсіндірме, бірлесіп одан шығатын жол ізде;
− бірінші қолайлы нұсқада тоқтап қалма, нұсқалардың спектрін жаса, кейін олардан ең жақсысын таңда;
− шешімнің өзара келісімді нұсқасын іздеген жөн, тікелей араласу нүктелерін ізде;
− егер келісе алмасаңдар, онда келісімнің объективті негізін ізде (нормативтер, заңдар, айғақтар, жағдай, нұсқаулықтар және т.б.).