Пікір жазғандар


Дау-дамайды басқару ерекшеліктері



бет90/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Дау-дамайды басқару ерекшеліктері




Ұйымдағы дау-дамайдың алдын алу
Ол дау-дамайлық жағдайдың ашық күреске айналып кет- кенге дейін оны шешу процесін басқару іскерлігін болжайды.
Дау-дамайды басқару – басшының дау-дамайлық жағдайды көре білуі, оны жете түсініп, шешу бойынша бағытталған әре- кеттерді іске асыра білу қабілеті.
Дау-дамайды басқару басқарушылық қызметінің саласы ретінде мынадай әртүрлі кезеңдері бар:

  1. дау-дамайды қабылдау және жағдайды алғашқы бағалау;

  2. дау-дамайды зерттеу және оның себептерін іздеу;

  3. дау-дамайды шешу жолдарын іздеу;

  4. ұйымдастыру шараларын іске асыру.

Ұйымдағы дау-дамай іс жүзінде әрдайым байқалып тұрады, өйткені, ол белгілі бір және сырттай көрінуге ие: ұжымдағы шие- леністің жоғары деңгейі; жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі; өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің нашарлауы; жет- кізушілер мен сатып алушылар арасындағы өзара қарым-қаты- настың өзгеруі және т.б.
Дау-дамайдың объективті деңгейі және оны қабылдау адек- ватты болуы керек екенін ескеру қажет, өйтпеген жағдайда мы- налар туындауы мүмкін:
− жалған дау-дамайлар (іс жүзінде жоқ дау-дамайлар);
− дау-дамайдың маңыздылығын тым артық бағалау немесе жете бағаламау;
− бар дау-дамайды қабылдамау, елемеу.


Дау-дамайды зерттеу және оның себебін іздеу


Бұл ұйымдағы дау-дамайды басқарудың келесі маңызды кезеңі

  • кез келген практикалық іс-әрекеттің алдында дау-дамайлық жағдайға талдау жасау болады, ол мыналарды болжайды:

  1. қарама-қайшылық мәнін анықтау, тек сылтауды ғана емес, себептерін де анықтау, кейде оны дау-дамай қатысушы- лары жасырады; ұйымдағы «сезгіш нүктелер» деп аталатын жағ- дайларды ашу және оларды жою бойынша жұмыстарды өз уақытында жүргізу;

  2. қатысушылардың мүдделері мен мақсаттарын, олардың позицияларын анықтау (өйткені мақсаттар қарама-қайшы болмай, бірақ әртүрлі түсіндірілуі мүмкін). Мұнда жеке талаптарын бекітумен байланысты мінез бітістерін және ұжымдық міндеттерді шешумен және міндеттемелерді орындаумен байланысты әлеумет- тік өзара әрекеттесу мақсаттарын бөліп алып көрсету маңызды;

  3. мүмкін болатын соңғы нәтижені және күрес салдарын, мақсатқа жетудің альтернативті нұсқаларын бағалау;

  4. жанасу нүктелерін, дау-дамайға түсушілердің ортақ мақ- саттары мен мүдделерін анықтау.

Дау-дамайды шешу жолдарын іздеу
Бұл кезең мыналарды болжайды:

  1. тайталасты толықтай тоқтатып, тараптардың өзара тату- ласуы;

  2. компромиске қол жеткізу – екі тараптың да талаптарын ішінара қанағаттандыру, өзара бір-біріне жол беру. Мұндай нәтиже өзара ұтысқа алып келеді;

  3. дау-дамайды іскерлік, қағидалық негізде: объективті та- лаптарды, тараптардың шағымдарын қанағаттандыру немесе қойылған талаптардың дәрменсіздігін әшкерелеу, дау-дамайға қатысушыларды жазалау жолымен шешу;

  4. дау-дамайды механикалық тоқтату (бөлімшелердің біреуін тарату, дау-дамайға қатысушылардың біреуін жұмыстан шы- ғару, дау-дамайлы тараптың көшбасшысын немесе бірнеше мүшесін, осы ұйымның бірқатар бөлімшелерін ауыстыру). Дау- дамайды басқа жолмен шешу мүмкін болмағанда мұндай нәти- же сөзсіз болады. Бірақ, дау-дамайды шешу кезінде төтенше жағдайларды болдырмау маңызды.

Қазіргі заманғы дау-дамайтану ұйымда дау-дамайды шешу- дің екі негізгі типін бөліп көрсетеді:

  1. Авторитарлық тип – дау-дамайды билік өкілеттілігін пайдаланып шешу. Оның негізгі белгілері мыналарда:

− басшы тек өзін ғана көреді және естиді. Қызметкерлер бағынуы тиіс деп санайды, оның шешімдерінің дұрыстығына күмән келтіруге болмайды;
− бас кез келген қайткен күнде де «жеңуім тиіс» деп санайды;
− дау-дамайлар адамдардың әлсіздігі ретінде қарастыры- лады;
− дау-дамайлық жағдайды басқару ұйым мүддесінде бо- лады, күдік туғызған жағдайда «бастарын алу керек» деп ой- лайды.
Дау-дамайды шешудің мұндай типінде мынадай әдістер пай- даланылады:

  1. сендіру мен нандыру. Оларды іс жүзінде бөлу мүмкін емес. Басшы өзінің басқарушылық жағдайын, беделін, құқықтарын пайдалануға және өзінің билігінің үстемдігі арқылы дау-дамайға түсуші тараптардың санасына логика, фактілер, мысалдар күші- мен әсер етуге тырысады;

  2. келісімге келмейтін мүдделерді келістіруге ұмтылу – бұл дау-дамайға түсуші тараптарды жақындастыру тәсілдерінің бірі, ол өзара келісуге боларлық салмақты әңгімеге қол жеткізуге, өзара қарым-қатынастағы шиеленісті шешуге мүмкіндік береді;

  3. «ойындар» әдісі, тараптардың бірі өз жағына, мысалы, ұйым басшысын, ал екінші тарап – кәсіподақты тартуға тырыса- тын жағдай.

Дау-дамайды шешудің авторитарлық типінің негізгі артық- шылығы, басшылардың ойынша, оны пайдаланған кезде уақыт үнемделеді. Оның басты кемшілігі, дау-дамай мұндай кезде ше- шілмейді, сырттай басып тасталады және оның қайта оралуы мүмкін.

  1. Дау-дамайды шешудің әріптестік типі – дау-дамайды конструктивті тәсілдерді пайдалану арқылы шешу. Оның негізгі белгілері, мыналар орын алады:

− басшының дау-дамайға түсуші тараптармен конструктивті өзара әрекеттесуі. Ұйым басшысының аргументтері қабылдануы үшін, тым болмағанда оларды тыңдау үшін, басшы өзіне сенді- руі керек, жағымсыз сезімдерді жоюы, этикетті сақтап, қарым- қатынаста әдептілік сақтауы керек;
− қарсы тараптың аргументтерін қабылдау;
− компромиске дайындық, шешімдерді өзара іздеу;
− өзара тиімді альтернативаларды жасау;
− тұлғалық және ұйымдастыру факторларын қиыстыруға ұмтылу;
− қабылдау іс-әрекеттің қалыпты факторы ретінде.
Дау-дамайды шешудің әріптестік типінің өз артықшылық- тары бар. Ол мәселені шешудің нақты жағдайына жақын, бі- ріктіретін факторларды табуға, яғни, тараптардың мүдделерін қанағаттандыруға (кейде, мүмкін, толық емес) мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, ұйымда дау-дамайды жылдам және толық шешуге ұмтылу өте маңызды екенін айта кетейік, өйтпеген жағ- дайда олар үздіксіз кикілжіңге ұласа беруі мүмкін. Осы кезде жағымды еңбек жағдайын жасаудың, еңбек қызметі барысында ұжым мүшелерінің бір-біріне тілектестік тұлғааралық қарым-қа- тынасын қалыптастырудың, себептерді сылтаулардан ажырата білу іскерлігінің, дау-дамайды шешудің неғұрлым дұрыс тәсіл-
дерін таңдаудың да маңыздылығы өте зор.
Бұл ұйым басшысының алғашқы міндеттерінің бірі. Өйткені тиімді басқару – бұл соның ішінде ұйым алдына қойылған мін- деттерді ең аз шығындармен іске асатын жағдайды жасай білу іскерлігі болып табылады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет