ТАНЫМАЛ ЭКСПРЕСС-ДИАГНОСТИКА
Жетекшінің басқару іс-әрекетінің кеңістігі
Әрбір шебердің өз құралы бар. Хирургта – скальпель, сурет- шіде – қылқалам, жетекшінің негізгі құралы іс-әрекеттің қатаң жалғаспалы тізбегі болып табылады, оның әрбір бөлігі күрделі басқарушылық функцияны, яғни операцияны атқарады. Бұл тіз- бектің негізгі бөлімдері қандай?
Микрожағдаятты бағалау және диагноз.
Жоспарлау (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және шұғыл).
Ағымды микрожағдаяттың бағыты және диагностикасы.
Шешімді өңдеу және қабылдау.
Іс-әрекеттің бағдарламасын құру.
Шешімді орындауға жіберу ұжымы.
Ағымды және соңғы нәтижелерді бақылау, бағалау және түзету.
Басқару процесінің түйіндік механизмдерін – «жоспарлау, мақсат қою және шешім қабылдау», негізінен іс-әрекеттің, бүк- телген бағдарламасын және нәтижесінің моделін қалыптас- тырады.
Шешім қабылдау ең алдымен басқару психологиясының бө- лімді механизмінің бастауында проблемалы жағдайдың шешіл- генін білдіреді.
Психология адамның интеллектуалды қайраткерлігінің проб- лемалы жағдайларын қарастырады.
Барлық жағдайлар проблемалы бола бермейді. Проблемалы жағдай келесі компоненттерден тұрады:
қажеттілікті ұсыну, бұл проблемалы жағдайдың аспекті- лері – бұл субъект жағдайы;
зияткерлік мүмкіндіктер;
белгісіз білімдер немесе проблемалы тапсырмалар.
Дәл осы үш компоненттің жиынтығын қамтитын жағдайлар басқа жағдайлардан ерекшелігін көрсетеді. Мына жағдайлардың үш түрін бөліп көрсетеді:
адам өзінің білетінін білгенде – бұл жағдайда қиындық та жоқ, ойланудың қажеттілігі де жоқ.
ол өзінің білмейтінін білмегенде – бұл жағдайда болашақ ғылыми проблемалар туралы айтуға болады.
ол өзінің білмейтінін білгенде – бұл жағдайда ол нағыз қиын жағдайға кездескен. Оның ерекшеліктерінің бірі – ол өзі- нің қосымша күшіне сүйене отырып, тапсырманың немесе қиын- дық тудырады және шешімін өзі таба алады.
Басқаруда шешім қабылдау – мақсатты қалыптастыру, орын- дау субъектісі ретінде оны тапсырмаға қосу, іс-әрекет бағдар- ламасын белгілеу және жалпы бағыт-бағдар беру, ашық түрде туралауға орнату болып табылады.
Қиын жағдайдың түріне және басқару қайраткерлігінің шарт- тарына тәуелді шешім қабылдауда өзіндік белгілер орнатылады. Қиын жағдай үш түрге бөлінеді:
Детерминациялы. Оқиғалар мен құбылыстардың сызықтық себептік – зерттеулік байланыс негізіндегі ситуация (ең қара- пайым үлгі: егер күн батса, қараңғы түседі).
Мүмкіндік. Бұл қандай да бір құбылыс немесе оқиғаның өзіндік немесе басқа деңгейлік мүмкіндікте жүзеге асыры- луы (мысалы: құлап бара жатқан монета немесе сандарымен кубик).
Стратегиялық. Бұл белгілі құбылыстың алдағы болашақта- ғы өтуге тиіс жағдайлар (мысалы: жылдық жоспарды орындау, сертификат алу, диплом қорғау т.б.).
Басқару шешімдерінің ерекшеліктері мен тән белгілерін қа- растырмас бұрын, сіздің назарыңызға тест ұсынылады, бұл тұл- ғаның ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады.
Төменгі ұсынылған 20 сөйлемді мұқият оқыңыз және ұсы- нылған төрт шешімнің біреуін таңдаңыз:
Сіздің басшыңыз басқа жауапты тапсырмамен айналы- сып отырған қызметкеріңізге шұғыл тапсырма береді. Сіз және сіздің басшыңыз өз тапсырмаларыңызды кідіртуге болмайды деп есептейсіз.
Өзіңіз қолданатын шешім нұсқасын таңдаңыз.
А. Субординация қызметін қатаң ұстанамын, қызметкер- ге ағымдағы жұмысты орындауды кейінге қалдыруды ұсына- мын.
В. Барлығы басшының мен үшін қаншалықты беделді екен- дігіне байланысты.
С. Қызметкерге бастаған жұмысын аяқтауын ұсынамын. Д. Қызметкердің жұмысына көңіл аудармаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |