Топтықдифференциацияпроцестерін қарқынды ашып көрсету. Топ мүшелерінің рөліжәне көшбасшыанықталады, топтың иерархиялық құрылымы түзетіледі. Көбінесе формальды жетекші емес, осы топтың басқа бір мүшесі мұндай көшбасшы болып шығады. Үш шағын топ, яғни «көшбасшыны қолдаушы- лар», «оппозиция», «бейтараптар» қалыптасады. Көшбасшы бол- маған кезде топтың дифференциациясы паритеттік типтегі коали- циялық сипатта болады.
Топтың тағы бір меташешім шығаруы – жеке басымдық- тарды келістіру негізіне арналған көрсеткіш таңдау. Бұл топ- тық шешімнің бүкіл процесінің ең жан ауыртар және қарама- қайшы сатысы. Бұл кезең компромистік сипатта болады.
Нақты альтернативтік вариантты таңдау. Бұл кезең тұтас- тай алғанда бүкіл процесс үшін айқындаушы болып табылады. Ол бірнеше негізгі тәсілдермен жүзеге асырылады:
жетекші ұсынатын (немесе мәжбүрлейтін) вариантты қа- былдау негізінде;
топ келісілген шешім қабылдау мүмкін болмағанда бас- тапқы мәселені қайтатұжырымдайжәне шешім қабылдау қажеттілігінен кете алады (жоғары тұрған жетекшіліктен шешім сұрау немесе проблеманың «өздігінен шешілуін» бей-жай күту). Шығарылған және қабылданған шешімдердің орындалуынұйымдастыруғабайланысты кезең өте маңызды. Ол дербес ретінде атап көрсетілуге тиіс, өйткені басқару іс-әрекетінің ең сипатты ерекшелігі – басқару шаралары бар арнайы және күр- делі процедуралар талап етеді. Сондықтан бақылау көбінесе шешімнің жалпы процесінің дербес кезеңі ретінде қарасты- рылады. Онымен басқа да іс-қимылдар, яғни санкциялаушы,
тәртіптік, ынталандырушы, т.б. іс-қимылдар қатар жүреді.
Коллегиялық шешімдер процесінің қорытынды кезеңі – сәтсіз немесе қате шешімдерді түзету мен өтеуді жүзеге асыру. Коллегиялық басқару шешімдері процестерін іске асырудың маңызды шарты – шешім қабылдау процесінің әртүрлі кезең-
дерінде көшбасшыныңсерпіндіасуыныңтиімділгі туралы жағдай.
Коллегиялық басқару шешімдерінің негізгі кезеңдерінің то- лық циклі шешім шығарудың нормативтік оптимумына ұқсас. Бірақ ұйымдастырудың нақты психологиялық ерекшелігі, нақты шешімдердің өзінде кезеңдердің толық жинағы үнемі болмай- тынынан көрінеді. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің қарастырылған оптимумнан ауытқуы – маңызды психологиялық заңдылық, бұл – шешім қабылдау процестерінің нормативтік және дискриптивтік мазмұндарының айырмалануының ерекше құбылысы. Мұндай айырмаланудың екі негізгі топтағы себеп- тері бар:
ол субъективтік қателіктердің нәтижесі болуы мүмкін (таңдау көрсеткіштерін нақты тұжырымдауға қабілетсіздік не- месе балама зардаптарына сыни баға бере алмау);
ол шешімдер процесін оңтайландыру құралы болуы мүм- кін; іс-әрекетке тән стереотиптік жағдайларда симультандық (бір сәттік) шешімдер болуы, оның кең ашылған процессуалдық серпінсіз және репродукция типі бойынша жүзеге асуы мүмкін (өткен тәжірибе жүйесі іске қосылады).
Репродуктивтік шешімдер үнемді, тиімді тәжірибемен тексе- рілген, тәуекелі төмен. Шешімдердің мұндай типі «артық кетпе- ген таңдау» ұғымымен белгіленеді.
Жағдай күрделенген және жаңалары туындаған кезде ше- шімдердің сукцессивизациясы (оларда дербес кезеңдердің бөлі- нуі) орын алады. Процестің кезеңдерге бөліну шамасы мен бұл кезеңдердің саны максималды емес, мақсатқа жету үшін жет-кілікті болуға тиіс. Мақсат шешім процесінің және оның бүкіл мазмұны – тіпті оған қандай кезеңдердің кіретінінің де – ба- ғытталуын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Процестің ашылу шамасы әр оқиға үшін минималды жеткілікті болуға тиіс.
Басқару шешімдері теориясында шешім процестерін ұйым- дастырудың екі принципі бар: