Пікір жазғандар



бет47/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Мақсаттық детерминация принципі: мақсат осы процес- тің басты факторы және ұйымдастыру реттеуіші болып табы- лады.

  • Процестің кезеңдерге минималды жеткілікті дифферен- циациялану принципі (таңдауды іске асыру үшін минималды жеткілікті).

    Басқару шешімдерін процессуалдық ұйымдастырудың нор- мативтік психологиялық мазмұнындағы өте маңызды айырма- шылық, онда шешімнің өткен кезеңдеріне үнемі қайта оралу- дың, оларды қайта саналаудың және жаңа ақпаратты ескере отырып өзгертудің болуында. Нәтижесінде өткен кезеңдер ке- лесілермен түзетіледі, бүкіл процестің келісімділігі мен тұтас- тық шарасы артады. Өткен кезеңдерді көп қайтара «қарастыру» және жетілдіруден көрінетін заңдылық процессуалдық ұйым- дастырудың итеративтілік принципі ретінде белгіленеді [61].
    Басқару шешімдерінің процессуалдық сипаттамасының екі –
    «беттік» және «тереңдік» деңгейлері бар. Біріншісі – негізгі ке- зеңдердің мазмұны заңдылықтарына және олардың тізбектілі- гіне негізделген. Ашылған түрде бұл кезеңдер шешім қабылдау процестерінің нормативтік оптимумына ұқсас. Екінші деңгей мақсаттық детерминация, итеративтілік, минималды жеткілікті дифференциация принциптерімен шартталады. Олар басқару шешімдері процесінің нақты мазмұнын анықтайды және маңыз- ды бейімдеу – таңдау жағдайының мазмұны мен типін шешім процесінің мазмұнын, оларды оңтайландыра отырып келістіру функциясын атқарады.


    Басқару шешімдерін қабылдау процестерін құрылымдық ұйымдастыру

    Кез келген объектінің құрылымдық сипаттамасы оны ашып көрсету кезінде басты болып табылады. Басқару шешімдерін қабылдау процестеріне қатысты дәл осы негізгі жоспар таным үшін бұл процестердің жоғары күрделілігіне байланысты әлде- қайда қиын, сондықтан ол басқаларға (мысалы, процессуалдық аспектілерге) қарағанда, нашар жасалынған.


    Басқалардың шешімдер сипаттамасын бір мезгілде құры- лымдардың бірнеше негізгі типтеріне сүйене отырып береді, бұл осы шешімдердің күрделілігін шарттандырады. Құрылым- дардың типтері кешенді ғана басқару шешімдері құрылысын сипаттай алады. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің формальды, деңгейлік және операциялық құрылымдарын атап көрсетеді.
    Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің формальды құрылымы. Объект немесе процесс құрылымын орнату, оның компоненттік құрамын анықтауды және бұл компоненттер қалай өзара байланысатынын білдіреді. Басқару шешімдерінің басты ерекшелігі – өзіндік және тұрақты компоненттік құрам: шешім мақсаты, оның ақпараттық негізі, таңдау ережелері мен көрсеткіштері, шешім дайындау және қабылдау стра- тегиясы, болжаулар, баламалар.
    Өздерінің мазмұны бойынша бұл компоненттер объективті мен субъективтінің бірлігі ретінде болады. Олар таңдау жағ- дайының нақты ерекшеліктерін көрсету нәтижесі болып табы- латындығымен және солардың нәтижесінде қалыптасатынымен объективті болады. Олар шешім қабылдаушының өзі тұжырым- дауы керек екендігімен, оған дайын түрде берілмейтіндігімен субъективті.
    Әрбір компонент нормативтік және дискриптивтік маз- мұндар бірлігін білдіреді. Олардың барлығы белгілі бір сыртқы факторлардың, яғни шектеулердің, бұйрықтардың, құқықтық, технологиялық және әлеуметтік нормативтердің, т.б. ықпалымен қалыптасуы мүмкін. Бірақ кез келген шешім практикада олардан ауытқу арқылы сипатталады.
    Компоненттердің кез келгені саналаланатын және сана- ланбайтынның бірлігімен беріледі. Ақпараттың едәуір бө- лігі, мысалы, шешім процесінде саналанады, бірақ оның әлі көп бөлігі интуитивтік болжаулар мен шешімдер құбылы- сында байқала отырып, саналанбайтын деңгейде қайта өңде- леді.
    Бұл компоненттердің тағы бір ерекшелігі – олардың фор- мальды және мазмұнының бірлігін көрсететіндігінде. Формаль- ды түрде – құрамы бойынша таңдауды бұл компоненттердің толық жиынтығы ғана қамтамасыз ете алады, әрбір жекеленген жағдайда «формальды каркас» нақты жағдайға тәуелді әртүрлі мазмұнмен толығады.
    Формальды құрылым ұғымы басқару шешімдерін қабылдау процестерінің құрылысын түсіну үшін аса маңызды, бірақ оның
    «толығу» заңдылықтарын, яғни шешімдер процестерінің маз- мұндық құрылым ерекшеліктерін білу қажет.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   156




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет