Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі
Сонымен қазіргі әлемдік менеджмент теориясы мен прак- тикасында өмір сүріп, өзара іс-әрекеттесіп жатқан негізгі 3 ба- ғыт бар: жүйелілік, процестік және жағдайлық. Тұжырымда- малардың, мектептердің орасан көп саны бар, олар нәтижелерді қорыту, синтездеу, біріктіру қиындығын туғызады. Басқару тео- риясын әрі қарай дамыту үшін сенімді негіз беруге мүмкіндік ту- ғызатын тұжырымдама жағдайлық тұрғысы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, бұл бағытқа сәйкес кез келген ұйым
ортамен өзара әсерде болатын ашық жүйе, ал оның ішінде болып жатқанның барлығын және тиімді басқару мазмұнын құраушыларды қазіргі менеджменттің негізгі ұғымы – бейім- делусіз сипаттауға болмайды. Басқару теориясында жаңа ба- ғыттар мен ағымдар, перспективалы ұстанымдар пайда болды. Бұлар – «стратегиялық менеджмент», «қызметкерлерді бас- қару», «ұйымдастыру мәдениеті» тұжырымдамалары. Соңғы тұ- жырымдаманы 80-жылдардағы басқарудағы ойдың «теориялық бұзып өтуі» деп есептейді. Жұмыс істеушілердің барлығының жалпы мақсаты – бір және осы мақсатқа жету жолдарын жасауға тікелей әрі қызығушылықпен қатысады. Басқарудың қуатты қаруы ретінде ұйымдастыру мәдениеті Жапонияда аса кеңінен қолданылуда. Соңғы кездері жапондық тәжірибемен менедж- мент тарихының айқын беттері тығыз байланыста. Америкалық менеджментті түбегейлі зерттеген жапондық мамандар, одан ең тиімділерін алып, басқарудың өзіндік моделін тұрғызды. Ме- неджменттің батыс және жапондық тұжырымдамалары арасын- дағы принципті айырмашылық мынадай: біріншісінде – түпкі- лікті нәтижеге, ал екіншісінде – адами факторларға бағдар ба- сым. Жапондық тұрғының негізі – өзін-өзі басқару және өзін-өзі
бақылау идеялары. Қызметкерлердің қабілеттілігі марапат- талады, олардың дамуы ынталандырылады, әріптестік пен өзара көмекке, ынтымақтастыққа, корпоративтік рухтың қалыпта- суына қолдау жасалынады. Қызметкерлердің моральдық көңіл- күйіне үлкен зейін аударылады. Адамды жұмысқа қабылдай отырып, әкімшілік оның кәсіби сапаларына ғана емес, сондай-ақ моральдық-этикалық сапаларына, оның ерінбей еңбектену тала- бына және топтық іс-әрекетке үйлесу шеберлігіне де қызығу- шылық танытады [30].
Басқару теориясы дамуының қазіргі кезеңінде негізгі ағым- дарды атап көрсетуге болады, олар:
ұйымның материалдық-техникалық базасына бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары мән беру;
басқаруды әрі қарай демократияландыру, ұйымды басқару объектісінен өзін-өзі басқару субъектісіне айналдыру;
менеджмент пен бизнесті және ол туғызған басқарудың жаңа мәселелерін интернационалдау.
Барлық осы және басқа да ағымдар басқаруға деген көзқа- растардың «тыныш басқару революциясы» деп аталатын жаңа жүйесінің қалыптасуына алып келді. Оның негізгі сипаттары мыналар:
ұйымның ішкі факторларына дұрыс әсер ету басқару табысының негізі болып табылады деп есептейтін менеджмент- тің классикалық мектептерінің басқарудағы ұтымдылығынан бас тарту. Басқарудың стратегиясы мен тактикасын сыртқы орта өзгерістеріне бейімдеу мәселесі әлдеқайда маңызды болып есептелінеді;
басқаруды жақсартатын кез келген жүйенің бірқатар әмбебап элементтерін анықтауға мүмкіндік беретін басқарудағы жүйелер теориясын қолдану;
басқаруға жағдайлық бағыт, оның басты тезисі – кәсіп- орынның ішіндегі бүкіл ұйымдастыру – бұл сыртқы әсерлерге жауап;
менеджменттің бүкіл қоғам және адам алдындағы (ұйым- да істейтін әрбір адамның) әлеуметтік жауапкершілігін тану.
ғасырдың 90-жылдардағы басқару қағидалары:
қызметкерлерге деген босаңдық;
жауапкершілік;
ұйымды тігінен де, көлденеңінен де көктеп өтетін комму- никациялар;
қызметкерлердің қабілеттілігін ашуға бағытталған ұйым- дастыру мәдениеті;
барлық жұмыс істеушілердің үлестік қатысуы;
сыртқы ортадағы өзгерістерге пара-пар реакция;
топ жұмысына тікелей араласу;
менеджердің жұмысы бойынша барлығын тыңдау шебер- лігі;
бизнес этикасы;
адалдық және адамдарға сену;
менеджменттің іргелі негіздері: сапа, сервис, ресурстарды бақылау, қызметкерлерге арқа сүйеу;
алдағы болашақты ұйымдастыруды көре білу;
жеке жұмыс сапасы және оны жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |