Пікір жазғандар



бет9/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Басқару іс-әрекетін қарастырудың негізгі тәсілдері

Басқару іс-әрекетінің мазмұнын зерттеулердің көптігіне қарамастан, әлі күнге дейін оның тұтастай сипаттамасы жоқ. Бұл мәселе бойынша салыстырмалы түрде толықтай түсінік- темені осы іс-әрекет мазмұнын сипаттаудың шағын тәсілдерін біріктіру негізінде ғана жасауға болады. Бұл тәсілдер екі тең емес топқа бөлінеді: психологиядан тыс және психологиялық. Тәсілдердің бірінші тобы уақыт бойынша ерте пайда болады, сондықтан ол әлдеқайда дамыған.


Басқару іс-әрекетін микроталдау. Ф. Тейлор мен Ф. Гилбрет іс-әрекетінің басқарудан басқа әлдеқайда қарапайым түрлерін қарастыра келе, кез келген іс-әрекетті негізгі компоненттерінің қайталанып отыратын жинағы ретінде сипаттауға болады деген тұжырымға келеді. Оларды терблигтер деп атайды (Гилбретті теріс оқығанда). Операцияларға талдау жүргізу үшін кино және фото түсірулер мен хронометраж әдістері қолданылады.
Инженерлік бұл тәсіл әрі қарай басқару іс-әрекетін талдауға қолданылады. Жетекшінің ағымдық деп аталатын шағын істері
оның микрокомпоненттері болады. Бұл талдау орта буын жетек- шісінің жұмыс күні ішінде әртүрлі байланысқа түсетінін көр- сетті.
Микроталдаудың басқа варианты – жетекшінің жұмыс уақы- тын уақыттық талдау. Зерттеулердің қорытындыланған мәлімет- тері бойынша жоспарланған кездесулер мен мәжілістерге уақыт- тың – 59%, жоспарланбағанына – 10%, қағазбен жұмыс істеуге – 22%, байқаулар, сапарларға – 3%, телефонмен әңгімелесуге – 6% кететіні белгілі болды.
Сонымен басқару іс-әрекетін микроталдау оның тек сыртқы жағын ғана сипаттайтынын көреміз.
Басқару іс-әрекетін эмпирикалық талдау іс-әрекеттің әлде- қайда ірі компоненттерін сипаттауға бағытталған. Оның екі түрі бар:

  1. Жетекші еңбегінің мазмұн түрлерін талдау. Жетекшінің барлық шағын істері негізгі түрлердің шектеулі санына топ- талуға тиіс:

а) «Қағаз жұмысы» – құжаттарды қарау, есеп жасау, т.б. Оның үлестік салмағы жетекшінің қызметі өскен сайын арта түседі.
ә) телефонмен сөйлесу; б) кездесулер;
в) алғы түрмен салыстырғанда, құпиялылық (конфиденциал- дық) сипатпен ерекшеленетін жеке байланыстар. Бұл – басқару іс- әрекеті құрылымындағы әлдеқайда маңызды түрі, ал оның үлестік салмағы жетекшінің иерархиялық деңгейі артқан кезде өседі;
г) жетекшінің жедел ұйымдастырушылық міндеттері. Олар- дың мазмұнын ұйымның іс-әрекетінің тақырыптық саласы мен жетекшісінің қызметі айқындайды.

  1. «Жағдайлық талдау» (нақты жағдайларды атап көрсету және қарастыру негізінде талдау). Оны менеджерлерді оқыту тәсілі ретінде қолданады, мысалы, АҚШ-тағы Гарвард бизнес мекте- бінде. Ол басқару іс-әрекетінің мазмұнын қарастыру кезінде де үлкен рөл атқарады. Басқару жағдайы осы іс-әрекеттің талдау бірлігі болып табылады. Атап көрсетілген жағдайларды жеңіл жіктеуге болады. Бүкіл іс-әрекеттің негізі ретінде қарастырылатын негізгі басқару жағдайларының жүйесі тұрғызылады.

Іс-әрекеттің психологиялық теориясы тұрғысынан, бұл теория, әрқайсысы іс-әрекеттің барлық негізгі сипаттамаларын сақтауға тиіс бірліктерді талдау ү шін және бұл кезде өз бойын- да тұтастық ерекшелігін әлі де сақтап қалған барлық мүмкін бірліктердің ең кішісі болуға тиіс ретінде бөлінеді.
Л.С. Выгодский талдау тәсілдерін компоненттікке және эле- менттікке бөлуді ұсынды. Мысалы, су үшін молекула – ком- понент, өйткені ол әлі сұйықтық болып табылады. Сутегі мен оттегі атомдары – тұтастық (сұйықтық) ерекшелігін жоғалта бастаған және газ болып табылатын элементтер. Выгодскийдің пікірінше, іс-әрекетті компоненттік психологиялық талдау ба- рынша мүшеленген және өз нәтижелерінде талданатын тұтастық барлық қасиетін қайта қалпына келтіре отырып, бір мезгілде толық мазмұнды болып шығады. Терең теориялық өңделу алған осыған ұқсас көзқарастар С.Л. Рубинштейн мен А.Н. Леонтьевке тиесілі [31].
Басқару іс-әрекетін талдауға деген, оны іс-әрекет пен ұйым- дастыру деңгейінде қарастыруды білдіретін психологиялық тәсіл құрылымдық-морфологиялық талдау ұғымымен белгі- ленеді. Ол басқару іс-әрекетін оны талдаудың басқа тәсілдері- мен (оның жеткіліксіздігінен) сабақтастыра қарастыру негізінде қолданылады.
Басқару іс-әрекетін талдауға рөлдік тәсіл. Бұл тәсілді алғаш рет Г. Минцберг «Еңбекті басқару табиғаты» еңбегінде ұсынды. Ол рөлді нақты мекемеге немесе нақты қызметке тиісті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде анықтайды. Ол
3 категорияға біріктірілген 10 негізгі басқару рөлдерін атап көрсетеді.
Тұлғааралық рөлдер:
Бас жетекшінің рөлі. Символикалық түрде құқықтық немесе әлеуметтік сипаттағы қарапайым міндеттерді орындайтын же- текші.
Көшбасшы рөлі. Қарамағындағылардың мотивациялануы мен белсенділенуіне қызметкерлерді таңдау мен дайындауға жауапты адам.
«Байланыстырушы буын» рөлі. Сыртқы байланыстар жүйесі мен ақпарат көздерінің жұмысын қамтамасыз етуші адам.
Ақпараттық рөлдер:
«Ақпарат қабылдаушы» рөлі. Ақпарат таратушының рөлі.
Уәкілдің рөлі. Осы сала мәселелері бойынша сарапшы.
Шешім қабылдауға байланысты рөлдер:
Кәсіпкер рөлі. Жетілдірудің алуан түрлі жобаларын жасай- ды және бақылайды.
Тәртіп бұзушылықты жоюшы рөлі. Маңызды шешімдер ке- зінде іс-әрекетті реттеуге жауапты адам.
Ресурстарды таратушының рөлі. Келіссөз жүргізуші адам рөлі.
Г. Минцберг бойынша бұл рөлдерді жүзеге асыру тәсілі дегеніміз – басқару іс-әрекеті процесінің мазмұны.
Басқару іс-әрекетін талдауға дименсионалдық тәсіл. Бұл тәсілді Г. Юкл жасаған. Ол басқару іс-әрекетін талдау бірлігі үшін «менеджерлік мінез-құлықты өлшеуді» (дименсияны) қабылдауды ұсынды. Басқару іс-әрекеті бірқатар дименсия- лардан тұрады:

  1. тәртіпке деген ынта;

  2. жұмысқа қолдау көрсету;

  3. мәселені шешу;

  4. мақсат қою;

  5. рөлді (орнын) түсіндіру;

  6. тиімділікке зейін аудару;

  7. жоспарлау;

  8. үйлестік;

  9. автономия (дербестік) беру;

  10. әзірлік;

  11. ынталандыру;

  12. зейін аудару;

  13. шешім қабылдауға қатысу;

  14. қолдау;

  15. марапаттауды түрлендіру мүмкіндігі;

  16. қарым-қатынасқа ықпал ету;

  17. уәкілеттік;

  18. ақпарат тарату;

  19. кикілжіңдерді басқару.

Бұл тәсіл аса бөлшектенгеніне қарамастан, басқару іс-әре- кетінің мазмұны жөнінде барынша толықтай түсінік береді.
Басқару іс-әрекетін нормативтік тұрғыдан талдау. Бұл басқа іс-әрекеттерге қатынасы бойынша қосымша ретінде қол- данылады және оларды жүзеге асыру әдістерінің бірі болып табылады. Мұндағының негізгісі – іс-әрекеттің нормативтік ма- құлданған тәсілі ұғымы (ІHMT). Кәсіби іс-әрекет теориясында ІHMТ іс-әрекетті орындаудың қорытылған және нұсқаулық- тармен бекітілген тәсілі ретінде анықталады.
Нормативтік талдау екі кезеңнен тұрады: 1) ІHMT мазмұ- нын қызметтік міндеттер мен оларды орындау талаптары тұр- ғысынан талдау; 2) іс-әрекеттің нормативтік және жеке тәсіл- дерінің алшақтауын талдау. Соңында осы екі кезеңнің нәти- желері қорытылады және талданады.
Басқару іс-әрекетін функционалдық талдау. «Әкімшілік мектеп» саласында пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейін басқару іс-әрекетінің табиғатын түсінуде және оны қарастыру- да айқын басымдықта. А. Файоль еңбектерінде, сондай-ақ аме- рикалық менеджмент мектебінде қазіргі кезде осы іс-әрекет- ті қарастыру нормасы пайда болған, функционалдық талдау- дың негіздері тұжырымдалды. Дидактикалық әдебиеттерде басқару іс-әрекетін талдау – басқарудың негізгі функцияларын ашу негізінде (жоспарлау, мотивация, мақсат қою, т.б.) келтірі- леді.
Басқару іс-әрекетін зерттеудің басты психологиялық бағыт- тары негізгі қызметтерімен тікелей қарым-қатынаста болады. Мысалы, басқаруда шешімдерді қабылдау психологиясы, жетекшіні мотивациялау психологиясы, т.б. Бұл тұрғыдан іс- әрекетті талдаудың бастысы – жекелеген басқару қызметтері қарастырылатын «бірліктерді талдау» мәселесі шешіледі. Бұл бірліктер кешенді, мазмұнға бай және қосымша мүшелеуді талап етеді. Басқару іс-әрекеті күрделі және кешенді болған- дықтан, оның бірліктері қарапайым бола алмайды. Сондықтан теория мен тәжірибедегі функционалдық талдау әлдеқайда конструктивтік болып шығады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет