Ә мәтіні Қазіргі кезде бала құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бүкіл әлем қызығушылығын туғызып отыр. Бұл қоғамның өміршеңдігін кепілдік етудегі және оның келешек дамуын болжаудағы өсіп келе жатқан ұрпақтың анықталған рөлімен түсіндіріледі.
Бірақ, шынында, әлемдегі бірде бір ел мемлекет бала құқықтарын сақтау жөнінен өзін үлгі етіп қоя алмайтындығын айтқан жөн. Демократиялық және экономикасы дамыған мемлекеттердің өзінен-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс санының өсуі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың болуын, медициналық қызметтің жеткіліксіздігінен балалар өлімінің көбеюін, бақылаусыз балалар санының ұлғаюын көруге болады. Осы фактілердің барлығы бала мәселесін тек қана ұлттық тәсілдермен шешу мүмкін еместігін дәлелдейді.
Қорытындылай келгенде, балалықты құқықтық қорғау мәселесінің көкейтестілігі және көпқырлылығы соншалық, ол үнемі ғалымдар мен тәжірибедегі адамдардың назарын аударып отырады.
Егер әлемнің барлық мемлекеттері бала құқықтары төңірегіндегі қажетті жағдайларды орындауға ұмтылса, билік басындағылар өз жеке басының ғана қамын ойламай, өз еліндегі мұқтаж халдегі балалардың да жағдайын ойластырғаны абзал. Өкінішке орай, әлемдегі балалардың көпшілігі үлкендер және қоғам тарапынан немқұрайлықты сезінеді.
Ортақ мүдде қоғам дамуында әр кез тежеуіш емес, демеуіш болған. Олай болса, бала тағдырына байланысты күрделі проблемаларды шешуге отандастарымыз жұмыла ұмтылса дұрыс болар еді.(172 сөз). https://baribar.kz/student/20875/bala-quqyghy-konventsiyasy-turaly-referat/
А мәтіні
Ә мәтіні
Тақырыбы
Қандай стильде жазылған?
Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?
Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?
2-тапсырма. «Ұрпағың өнегесіз болса, еткен еңбегіңнің бәрі зая кетеді» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, аргументативті эссе жазыңыз. Жазу сауаттылығын сақтаңыз. (90-110 сөз.)