Пікір жазғандар


Ә мәтіні Балалар құқығы туралы Конвенция



бет67/83
Дата10.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#81201
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83
Байланысты:
8а ббжб

Ә мәтіні
Балалар құқығы туралы Конвенция

Ең маңызды заңдардың бірі – Балалар құқығы туралы Конвенция. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды.


Конвенцияның баптарына көз жүгіртсек:



1 - бап. Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі.
2- бап. Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне, этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді.
6 - бап. Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы.
7- бап. Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы.
9 - бап. Бала өз ата - анасынан ажырамауға құқылы.
13 - бап. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы.
14 - бап. Бала ойлау, ар – ұждан, діни сенім бостандығына құқылы.



15 - бап. Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы.
16 - бап. Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды.
17 - бап. Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы.
19 - бап. Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды.
27 - бап. Баланың әлеуметтік жағынан өсіп — жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді.
28 - бап. Баланың білім алу құқығын мойындайды.
31 - бап. Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын – сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды.

Баланың жеке басының құқықтары:

  • Аты – жөні, тегіне құқылы;

  • Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы;

  • Ата – анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге;

  • Адами қасиетін сыйлауға;

  • Туған – туыстармен араласуға;

  • Өз құқығын қорғауға;

  • Құқығын қорғау үшін құжырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы;

  • Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы. (259 сөз). http://ped.kz/




А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы




[1]


Мәтіндер қандай стильде жазылған?




[1]

Мәтіндер қандай типте жазылған (баяндау, сипаттау, талқылау)?


[1]

Мәтіндердің құрылымы толық сақталған ба?




[1]



2-тапсырма. Әр мәтіннің мазмұны бойынша перифразаны қолдана отырып, 3 сұрақ құрастырыңыз. [6]







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет