Пікір жазғандар


-мәтін «Қызыл кітап» атауы қайдан шықты?



бет65/83
Дата10.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#81201
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
Байланысты:
8а ббжб

2-мәтін
«Қызыл кітап» атауы қайдан шықты?

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол – Қызыл кітап... Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс?


Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды.
Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын. Қызыл түс – әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап – өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті. Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді. Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған. (183 сөз).
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/2662

3-мәтін
Табиғи ресурстар

«Экология» деген сөз – тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы «экология» терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген. «Экология – табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым» деп анықтама берген де осы кісі. Енді, міне, сол экология мәселесі – бүкіл әлем алдында тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі – алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, тағы басқа ғылыми прогресс жетістіктері, бір жағынан, өмірімізді жеңілдетті, екінші жағынан, қауіп-қатер де туғызды.


Себебі адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Кез келген басқа тіршілік иелері сияқты қоршаған ортамен тұрақты өзара қарым-қатынаста болады. Адам ағзасы қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсерін қатты сезінеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің денсаулығымыз – қоршаған ортаның жағдайына тікелей тәуелді. Күннің сәулесі, құнарлы жер, ауа және таза су – бұл тіршілік атаулыға қажетті бірден-бір алғы шарт.
Сондықтан өзіміз өмір сүріп отырған ортаны қорғау – тек тиісті мекемелердің немесе құзырлы орындардың ғана емес, баршамыздың міндетіміз. Ең болмаса әр адам жылына бір ағаш ексе, өзі жұтып отырған ауаны тазартуға, қоршаған ортаны қорғауға қанша пайда тигізер еді. Ел ішінде экологиялық білім мен тәрбиені нығайту – болашақ жас ұрпақтың өмір сүріп отырған ортасына жанашырлықпен қарауына жетекші болар еді. (185 сөз). https://aqtobegazeti.kz/?p=17913




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет