Пікір жазғандар



бет8/83
Дата10.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#81201
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83
Байланысты:
8а ббжб

Бағалау критерийі:

Мәтіндердің тақырыбын, түрін, құрылымын салыстыра талдайды.
Мақала құрастырып жазады.
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады.



Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут





Мәтіндерді мұқият оқыңыз.
1-мәтін
Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім – тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық».
Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпаққа қашан да болса өнеге болмақ. Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Сол бай құндылықтардың ішінде, отаншылдықты дәріптейтін мұра — батырлар жыры. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары.
Елін, жерін сырт жаулардан қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына арналған көптеген дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының рухани жан дүниесінің беріктігі, ерлігі мен отаншылдық қасиетін баяндайтын асыл қазыналары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. (198 сөз).
history.kz/kz/publications/view/ulttik_kundiliktar_negizinde_otanshildikka_tarbieleu__3271
2-мәтін
Ұлы Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: біріншісі – ата - анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан» - деген екен. Сіз осы пікірмен келісесіз бе? Адамгершілік сезімнің қалыптасуына ата-ана, ауыл аймағының ықпалы зор болу керек. Сондықтан да бала тәрбиесінде шешуші факторы – отбасы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады. .Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата – бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – бұл қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі.
Ойымның қорытындысын, Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан ел болып, жұрт болып ұрпақ тәрбиесін қолға алу басты шаруа. Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп айта аламын. (143 сөз). https://ehistory.kz/kz/publications/view/3271


1-тапсырма.Төмендегі кестені толтырыңыз.



Тапсырма

Мәтіннің тақырыбы

Түрі

Құрылымы

Ұқсастығы

№1 мәтін











№2 мәтін










2-тапсырма. «Адал дос болу үшін адамда қандай қасиеттер болу керек?» деген тақырыпта тілдік құралдарды ( мақал-мәтелді, тұрақты тіркесті) қолдана отырып, мақала жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет