Пікір жазғандар



бет36/83
Дата10.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#81201
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83
Байланысты:
8а ббжб

2-мәтін
Дәйексөз:
Өзгелер үшін өмір сүру, өзгелер үшін жанын пида ету – адам баласына ғана тән асқақ сезім. Бұл сезімнің қайнар бастауы риясыз сүйіспеншілікте жатыр.

Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет- ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.


Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде осы бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Міне, осы бес құндылықтың ішіндегі сүйіспеншелікке тоқталып өтейік.
Жалпы сүйіспеншілік ұғымы – бүкіл жарық дүниені сүю. Сүйіспеншілік – тіршіліктің тірегі.Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп, көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді.
Өзгелер үшін өмір сүру, өзгелер үшін жанын пида ету – адам баласына ғана тән асқақ сезім. Бұл сезімнің қайнар бастауы риясыз сүйіспеншілікте жатыр. Баласы үшін өлімге бас тіккен ананың жанкештілігі мейірімділіктің нышанын ұқтырмай ма? Риясыз сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес... Оны іспен ғана білдіре аласың, себебі ол сезімнің бір бөлшегі, ол адамдар арасындағы жылуды ұялатады. Үлкен сезімдерге бастау береді. Риясыз сүйіспеншілік, жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын алады. Сүйіспеншілік – елдің ыстық ықыласына бөленудің ең төте жолы.(198 сөз)
http://zkoipk.kz/ru/nisconf2s/755-conf.html


3-мәтін
Дәйексөз:
Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз жан-дүниеміздің құндылықтарына назар аудара бермейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет