Пірәлиев С. Ж., Нәрібаев К. Н., Жампеисова Қ.Қ., Қойгелдиев М. К


Аталған бейнеге келесі сипаттар тән болуы тиіс



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата22.01.2017
өлшемі0,56 Mb.
#2453
1   2   3   4

Аталған бейнеге келесі сипаттар тән болуы тиіс:  

-патриотизм,  азаматтық,  төзімділік,  гуманизм,  дамыған  тарихи  сана  және 

әлеуметтік жады; 

- Отан мүддесі мен оның қауіпсіздігін қорғау бойынша азаматтық борыш пен 

конституциялық міндеттерді орындауға әзірлік; 

-  креативтілік,  жаңалыққа  ашықтық,  идеяларды  ойлап  табу  мен  жүзеге 

асырудағы  бастамашылдық  қабілеті;  білімді  қорытып,  жаңа  шешімдерге  қол 

жеткізе білу және оларды іс жүзінде жүзеге асыру; 

-  үш  тілді  (қазақ,  орыс,  ағылшын;  Қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  – 

ұлтаралық  қарым-қатынас  тілі,  ағылшын  тілі  –  жаһандық  экономикаға  сәтті 

кірігу  үшін  қажет  тіл.)  және  еліміздің  коммуникациялық  және  интеграциялық 

қабілеттері аясын кеңейтетін, әлем қауымдастығындағы бәсекеге қабілеттілігін 

арттыратын  басқа  да  тілдерді  меңгеруге  әзірлік.  Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл 

ретінде  меңгеру  Қазақстанның  әрбір  азаматының  патриоттық  және 

адамгершілік парызы деп қарастыру қажет; 

 - Қазақстан Республикасының ұлттық мұраты – еркіндік, тәуелсіздік, халық 

бірлігі, азаматтық әлем, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, саяси және 

әлеуметтік  тұрақтылық,  бәсекеге  қабілеттілік,  «Қазақстан  –  біздің  ортақ 

Отанымыз,  біздің  ортақ  үйіміз»  идеясымен  біріккен  Қазақстанның  барша 

халқының экономикалық әл-ауқаты. 



        

                                IX. Қорытынды нәтижелер 

 

       «Мәңгілік Ел» пәнін оқу нәтижесінде студент білуі тиіс: 

       -  этнос,  ұлт,  діл,  ұлттық  діл,  ұлттық  идея,  ұлттық  тәрбие,  ұлттық  сана-

сезім,  этникалық  сана,  ұлттық  мәдениет,  ұлтаралық  қарым-қатынас 

мәдениеті,  салауатты  өмір  салты,  зияткерлік  әлеует,  бәсекеге  қабілеттілік 

және т.б. сынды негізгі ұғымдардың мәнін; 

       -Қазақстан  Республикасының  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  үш 

маңызды құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық, жалпыұлттық) 

аясындағы  мәнін,  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  мұратының  мәні; 


25 

 

Қазақстан  тәуелсіздігі  мәртебесіне  лайық  рухани  құндылықтар  жүйесінің 



мәнін;  ұлттық  идеяны  ұлттық  болмыс  шындығы  мен  халықтың  тарихи 

тағдырына айналдыратын негізгі факторлардың мәнін;  



       -«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  философиялық-әдіснамалық  негізі 

ретіндегі қазақтану ілімінің мәнін; 

       -болашақ  мамандардың  ұлттық  сана-сезімін  дамытудың  әдіснамалық 

негіздерінің мәнін; 

       -ұлттық  идеяның  маңызды  үш  құрамдас  бөлігі  (этнос  қалыптастырушы, 

азаматтық,  жалпыұлттық)  аясында  тұлғаның  ұлттық  сана-сезімін 

қалыптастыру моделінің мәні. 

       Студент дағдылы болуы керек: 

      -а)  «Мен  –  қазақ  халқының  өкілімін»  этностық  барабарлығы  деңгейінде; 

ә)  «Мен,  біз  –  Қазақ  мемлекетінің  өкіліміз»  азаматтық  барабарлығы 

деңгейінде;  б)  «Мен,  Біз,  Бірге  –  бәсекеге  қабілетті  зияткер  ұлтпыз» 

жалпыұлттық  барабарлығы  деңгейінде  қалыптасу  деңгейінде  өзін-өзі  тану 

және таныту. 

     -  барбарлықтың  әр  деңгейіндегі  мәселелерді  анықтап,  оларды  шешудің 

жолдарын табу. 

      - тұлға құқығы мен еркіндігін және барша қазақстандық этностарға ортақ 

құндылықтарды құрметтей отырып, азаматтық қоғамда абыройлы өмір сүру. 

       Студент саналы түрде түйсінуі керек: 

      -  этностық  барабарлық  деңгейінде  жоғары  деңгейлі  ұлттық  сана-



сезімді  қалыптастыру  қазақ  халқының  тарихы,  тілі,  салт-дәстүрі,  өзіндік 

болмысы сынды маңызды компоненттері бар ұлттық мәдениеттің мәнін терең 

зерделеуді,  сондай-ақ  қазақ  халқының  ұлттық  мүдделерін,  ұлттық 

құндылықтары мен ұлттық бағдарын саналы түрде қабылдауды талап етеді; 

     - азаматтық  барабарлық  деңгейінде  жоғары  деңгейлі  ұлттық  сана-

сезімді  қалыптастыру  1)  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл,  ұлттық  сана-сезімнің 

базалық  тетігі,  Қазақстанның  барша  халқының  руханияты  мен  бірлігінің 

тұғыры ретінде белсенді түрде үйренуді; 2) бірлесе өмір сүріп жатқан барлық 

халықтар  мен  ұлыстардың  тілі,  тарихы,  салт-дәстүрі  мен  мәдениетіне  деген 

құрметті  дамытуды;  3)  жоғары  деңгейлі  ұлттық  абырой,  патриотизм  мен 

азаматтық,  төзімділік  пен  гуманизмді  дамытуды;  4)  этносараоық, 

конфессияаралық  және  мәдениетаралық  сұхбатқа  әзірлікті;  5)  Мейірімділік, 

Ақиқат,  Сұлулық  «мәңгілік»  мұраттарын  бейнелейтін  және  жер  бетінде 

бейбітшілік  пен  тыныштық  орнауына  септігін  тигізетін,  зорлық-зомбылыққа 

жол бермейтін өмір, еркіндік, ар, сенім, махаббат, бақыт сынды жалпыадамдық 

тұғырлы құндылықтар бағдарын ұстануға ықыласты болуды алап етеді. 

     - жалпыұлттық барабарлық деңгейінде жоғары деңгейлі ұлттық сана-



сезімді  қалыптастыру  Қазақстан  Республикасының  қазіргі  әлеуметтік-

мәдени  жағдайында  келесі  қасиет-сапаларға  ие  бәсекеге  қабілетті  зияткер 

тұлғаға  деген  сұраныстың  жоғары  болатындығын  саналы  түрде  пайымдап 

түсінуге  бағыттауды  талап  етеді:  а)  өзін  жетілдіруге,  өздігімен  дамуға,  өзінің 

негізгі  күш-қуатын  іске  асыруға  және  өзін  танытуға  ұмтылыс;  ә)  жаңа  білім 


26 

 

мазмұныны игеріп, тың идеяларды ойлап табуда бастамашылдық таныту және 



оларды отан игілігі үшін жүзеге асыруға дайын болу. 

   


      Студент игеруі керек: 

      -этнопедагогикалық,  этномәдени,  полисаяси  құзіреттіліктерін;  ұлтаралық 

келісім мен қарым-қатынас мәдениетін; әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктерді; 

ақпараттық,  коммуникативтік  құзіреттіліктерді;  мәселелерді  шешуге 

байланысты құзіреттіліктерді және т.б. 

 

           X.  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы  аясында  болашақ  мамандардың 

ұлттық сана-сезімін дамытудың (оқу курстары мен жылдары бойынша) 

міндеттерін жүзеге асыратын МЖМБС пәндері 

        

 

ЖОО-дағы оқудың барлық жылдарында болашақ мамандардың ұлттық 

сана-сезімін  қалыптастыру  үдерісінің  тиімділігі  келесі  педагогикалық 

шарттарддың жүзеге асуын талап етеді: 

      -  пәндер  мазмұнына  студенттердің  ұлттық  сана-сезімін  қалыптастыруға 

бағытталған  арнайы  материалдарды  (ұлттық  компонент)  енгізу  арқылы 

тұлғаның  зияткерлік  және  рухани-шығармашылық  әлеуетін  мейлінше 

белсендіру мақсатында ЖОО-ның әлеуметтік-гуманитарлық, психологиялық-

педагогикалық пәндер циклының мүмкіндіктерін барынша пайдалану; 

       -  ЖОО-ның  тұтас  педагогикалық  үдерісінің  этнопедагогикалық, 

мәдениеттанушылық, 

аксиологиялық, 

акмеологиялық, 

этномәдени, 

көпмәдениеттік, денсаулық сақтау және құзіреттілік бағыттарын қамтамасыз 

ету; 


       -  өз  бойындағы  ұлттық  сапаларды  түйсініп  тануға  бағытталатын  ойлау 

үдерісі ретіндегі рефлексопрактиканы ұйымдастыру; 

       -  педагогикалық  өзара  әрекеттестік  субъектілерінің  (оқытушы  мен 

студент)  ұлттық  сана-сезімді  қалыптастыруға  бағытталған  білім  беру  іс-

әрекетін жүезе асыруға деген әзірлігін ынталандыру; 

      -  болашақ  маман  тұлғасын  қазақ  халқының  ұлттық  етене  мәдениетіне 

араластыру, оны ұлттық және жалпыадамдық құндылықтарға баулу. 

   


                     1 курстағы пәндер блогы (МЖМБС)  

      

        Міндетті  компонент:  «Мәңгілік  Ел»  Қазақстан  тарихы.  Қазақ  тілі. 

Педагогикалық  кәсіпке  кіріспе.  Өзін-өзі  тану.  Әлеуметтану.  Даму 

психологиясы.  Жас  ерекшеліктері  физиологиясы  және  мектеп  гигиенасы. 

Экология  және  тұрақты  даму.  Өмір  қауіпсіздігінің  негіздері.  Шет  тілі. 

Тәжірибе. 

                       

 2 курстағы пәндер блогы (МЖМБС) 

            


27 

 

Міндетті  компонент:  Мәдениеттану.  Педагогика.  Этнопедагогика.  Өзін-өзі 

тану.  Философия.  Саясаттану.  Экономикалық  теория  негіздері.  Құқық 

негіздері. Оқу тәжірибесі. 

          

 3 курстағы пәндер блогы (МЖМБС) 

        

        Міндетті  компонент:  Кәсіби  қазақ  тілі.  Кәсіптік  бағдарлы  шет  тілі. 

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Әлеуметтік педагогика. 

          

 

Курстар  мен  жылдар  бойынша  пәндер  блогы  ҚР  жоғары  кәсіптік 



білімнің  МЖМБС-ына  сәйкес  (МЖМБС-ға  енгізуге  ұсынылып  отырған 

«Мәңгілік Ел» пәнінен басқа) анықталған және ЖОО компоненттері есебінен 

кеңеюі  мүмкін.  Осы  орайда  ЖОО  компоненттері  келесі  пәндерді  жүйелі 

түрде  оқытуға  бағытталады:  қазақ  тарихы,  қазақ  тілі,  қазақ  ауыз  әдебиеті, 

қазақ  философиясы,  қазақ  этикеті,  қазақ  құқығы,  қазақ  мәдениеті,  қазақ 

саясаттануы, 

қазақ 

экономикасы, 



қазақ 

этнографиясы, 



қазақ 

этнопсихологиясы және т.б. 



 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет