Бі
л
ім
басқ
ар
масы
Шанхай
34
56
10
26
69
5
Сингапур
8
36
55
40
57
3
Жапония
14
19
67
65
27
7
Корея
38
13
49
41
50
9
Ресей
94
6
0
23
62
15
Казақстан
81
17
2
11
22
67
ЭЫДҰ
49
27
24
45
49
6
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
237
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
Жалпы алғанда, рестурстарды бөлу саласындағы дербестік
оқу жоспары
бөлігіндегі
дербестікті білдірмейді. Грекия, Туркия, Жордания, Вьетнам, Катар,
Малайзия, Мексика, Сербия, Хорватия, Люксембург, Болгария, Уругвай
елдерінде оқу жоспары мен бағалау саясатын анықтауда дербестіктің ең аз
деңгейі байқалады. Оқу жоспары мен бағалау саясатын анықтауда дербестіктің
ең көп деңгейі Жапония, Нидерланд, Ұлыбритания, Гонконг, Тайланд елдерінде
байқалады.
Бір жүйе аясындағы мектептердің барлығы бірдей оқу жоспарын құру
еркіндігінің бірдей деңгейіне ие емес. БАӘ, Перу және Словакияда кейбір
мектептер өз бағдарламары мен бағалауын құра алады, ал басқа мектептер
ұлттық/ аймақтық білім басқармасы қабылдаған шешімді ұстануы тиіс. Сербия,
Грекия, Түркия, Болгария, Люксембург және Хорватия елдерінде барлық
мектептер өз бағдарламаларын құруда осындай дербестікке ие.
Сауалнама респонденттерінің мәліметтері бойынша
Қазақстанда
бағалау
саясаты (49%) мен пәндер топтамасын (65%) қабылдау туралы шешімді
негізінен аймақтық Білім басқармасы мен Білім министрлігі мектеппен бірлесе
отырып шешеді, ал оқулықтарды таңдау (52%) мен іріктелген пәндер мазмұнын
(55%) анықтау білім басқармасының құзыретінде.
Осылайша, 2009 жылы айқындалған үрдіс расталады. Қазақстанда оқу
жоспарын құру мен бағалау саясатын анықтау саласындағы мектеп
дербестігінің индексі «қалыптасушылық» деңгейінде (.4.3.2 кестесі).
238
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
4.3.2. кестесі PISA-2012 қатысушылар үлесі/ мектеп дербестіні индексі /оқу жоспары
Елдер
Оқу жоспарын анықтау
Бағалу саясатын анықтау
Мектеп
директор
ы
Мектеп
директоры
ұлттық/аймақты
қ білім
басқармасымен
бірлесіп
Білім
басқармасы
Мектеп
директор
ы
Мектеп
директоры
ұлттық/аймақтық
білім
басқармасымен
бірлесіп
Білім
басқармасы
Шанхай
22
74
4
25
69
6
Сингапур
28
72
0
17
83
0
Жапония
95
5
1
98
2
0
Корея
66
30
4
69
29
2
Ресей
9
91
0
17
73
10
Казақстан
16
70
14
34
49
17
ЭЫДҰ
46
49
5
47
41
12
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
Мектепті таңдау.
Кейбір мектепте білім беру жүйелерінде білімгерлерді
тұратын жері бойынша мектепке баруға ынталандырады, немесе міндеттейді.
Дегенмен, соңғы онжылдықтағы реформалар ата-аналар мен олардың
балаларының мектеп таңдау мүмкіндіктерін арттырды. Зерттеуге қатысушы
ЭЫДҰ елдері респонденттерінің жартысынан астамы мемлекеттік мектептер
арасындағы мектепті таңдау мүмкіндігін шешуді азайтқанын айтқан. Жобаға
қатысқан он екі ел автономды мемлекеттік мектептердің жаңа түрін құрғанын
айтқан, ал оны қаржыландырудың жаңа механизмін енгізіп, мектепті таңдау
мүмкіндігін арттырғандарын айтқан. Дегенмен, осы реформалардың кейбір
болжамдары күдік ұялатады (Берендс и Зоттола, 2009). Мысалы, ата-аналар
балаларына мектеп таңдау барысында қажетті ақпаратты толық ала алады ма,
ата-аналар білім беру ұйымының жоғары жетістіктерге қол жеткізуіне көңіл
бөледі ме екендігі белгісіз (Хейнеман 2009; Шодерстром и Юситало 2010;
Шнайдер и Бакли, 2013).
Ата-аналардың балаларының үлгерімі негізінде мектепті таңдау
мүмкіндігі болған кезде, мектептердің өзара бәсекеге түсуіне тура келеді.
Бұл өз алдына мектептерді, білімгерлердің жан-жақты қызығушылықтарын
239
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
өтеу мақсатымен оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуіне жетелейді. Кейбір білім
беру жүйелерінде қаржы алу үшін мектептер бір-бірімен бәсекеге түседі.
ЭЫДҰ елдері мектеп директорларының жауаптарына сәйкес, орташа
есеппен 15-жастағы білімгерлердің 76% кем дегенде бір мектеппен бәсекеге
түсетін мектепке барады. PISA-2012-ге Қазақстандық және Ресейлік
қатысушылар білімгерлерді тарту үшін екі, немесе одан көп мектептермен
бәсекеге түсетін мектептерге барады. Алыс ауылдық жерлер мен аудандарда
орналасқан мектептер арасындағы бәсеке сирек кездеседі.
Зерттеуге қатысушы 15-жастағы білімгерлер сауалнамасының нәтижелері
ең көп бәсеке Гонконгта (94%), Жаңа Зеландия (86%), Ұлыбритания (82%),
Таййпей (84%), Жапония (85%), Австралия (89%), Макао (87%), Индонезия
(86%), Сингапур (93%), Корея (71%) және Шанхай - (72%) (рис.4.3.1) елдерінде
екендігін көрсетеді.
4.3.1 сурет. PISA-2012 қатысушылар үлеі/ мектепаралық бәсеке
Та
йп
ей
Ұл
ыб
ри
тан
ия
ЭЫ
ДҰ
Қа
зақ
ста
н
Екі
,
немесе одан көп білім беру ұйымдарымен бәсекеге түсетін мектептер
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі «PISA-2012 нәтижелері»
Мемлекеттік және жекеше мектептер.
Мектептегі білім беру негізінен,
тікелей, немесе жанама түрде мемлекеттік білім басқару органдарына
бағынатын мемлекеттік мектептер арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен,
240
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
білім беру мүмкіндіктерінің артуына байланысты үкімет барлық мүдделі
тұлғалар қатысып, шығынды әділ бөлуге мүмкіндік беретін білім беру
саласындағы ресурстарды мобилизациялап және жаңа саясат жасау
мақсатымен ынтымақтастықтың жаңа түрлерін құруда. Жекеше білім беру
көптеген қаржыландыру көздерінен ресурстарды мобилизациялау түрі ғана
емес. Көп жағдайда осындай оқыту түрі білім берудің экономикалық тиімді
түрін
құру
тәсілі
де
болып
табылады.
Мемлекеттік
көздерден
қаржыландырылатын мектептер міндетті түрде мемлекеттік органмен
басқарылмайды. Үкімет қаржы бөлу механизміне сәйкес қаржыны
мемлекеттік, немесе жекеше оқу орындарына аударуы мүмкін.
Халықаралық зерттеуге қатысқан ЭЫДҰ елдерінде респондентердің
18% жеке тұлғалар басқаратын мектептерге барады, яғни тікелей, немесе
жанама түрде мемлекеттік емес ұйымдармен басқарылады (кәсіподақтар,
бизнес құрылымдары, және басқа да жекеше институттар). Гонконг пен Макао
елдерінде зерттеуге қатысушылардың 80% астамы осындай мектептерге
барады. Түркияда, Израиль, Черногория, Сербия, Исландия, Тунис, Румыния,
Ресей Федерациясы, Болгария, Литва, Норвегия және Хорватия елдерінде
білімгерлердің 98% астамы мемлекеттік мектептерде оқиды.
Мемлекеттік органдардың ведомстволық басқаруындағы мектептер
ЭЫДҰ серіктес елдерінде жаппай кездеседі. Қазақстанда зерттеуге
қатысушылардың 97% мемлекеттік мектептерде оқиды. Ресей Федерациясы,
Румыния, Черногория, Сербия, Сингапур, Тунис, Хорватия және Болгария
елдерінде 2% кем білімгерлер жекеше органдардың ведомстволық
басқаруындағы мектептерде оқиды.
Мәнмәтіндік талдау 15-жастағы білімгерлердің нәтижелері олар оқитын
мектеп меншігінің түріне байланысты екендігін көрсетеді. Қазақстанда
мемлекеттік білім беру ұйымына баратын білімгерлердің 97% математикадан –
241
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
432, оқудан – 392 ал жаратылыстанудан – 425 ұпайды көрсетсе, жекеше
мектептерде оқитын білімгерлер математикадан, оқудан және жаратылыстану
сауаттылығынан 4, 20 және 17 ұпайға артық нәтижелер көрсеткен. Осы айғақ
басқа ЭЫДҰ елдеріне де тән болып отыр. Осылайша, мемлекеттік мектептен
зерттеуге қатысушылар математикадан, оқудан және жаратылыстану
пәндерінен нәтижелерді жекеше мектеп білімгерлеріне қарағанда 50 және
одан да көп ұпайға төмен көрсетеді. Осындай үрдіс көшбасшылық орындарда
тұрған елдерде де байқалады (4.3.2 сурет).
4.3.2 сурет. Казақстан: PISA-2012 қатысушыларының нәтижелері / мектептің меншік түрі
Оқу
Жаратылыстану
Мемлекеттік білім беру ұйымы
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
Оқу бағдарламасы.
PISA-2012-де 15-жастағы білімгерлерге олар оқитын
бағдарлама туралы ақпаратты беру ұсынылған. Содаң соң, олардың жауаптары
бағдарлама бағдары бойынша жіктелді. Зерттеуге қатысушы ЭЫДҰ елдерінде
орташа есеппен, 82% 15-жастағы білімгерлер жалпы білім беру бағдарламасы
бойынша білім алады, 14% кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша,
ал 4% модульдық бағдарлама бойынша білім алады.
242
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
АҚШ, Гонконг, Жаңа Зеландия, Финляндия, Жордания, Дания, Перу,
Тунис, Исландия, Катар, Сингапур, Норвегия, Лихтенштейн, Румыня және
Бразилия елдерінде 15-жастағы білмгерлердің барлығы жалпы бағдарлама
бойынша білім алады. Сербия, Хорватия, Австрия, Черногория және Словения
елдерінде екі білімгердің біреуінен көбі кәсіптік оқыту бағдарламалары
бойынша білім алады. Канадада барлық қатысушылар және Словак
Республикасында қатысушылардың төрттен бірі модульдық
бағдарлама бойынша білім алады (орта білім + колледж) (4.3.3 сурет).
4.3.3 сурет. PISA-2012 қатысушылар үлесі/ оқыту бағдарламасы
Б
Іл
ім
ге
р
л
ер
,
%
Тайпей
Жапония
Шанхай
Корея
Қазақстан
ЭЫДҰ
Жалпы орта білім
Техникалық және кәсіптік білім
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
Оқыту ортасы.
Оқытудың тиімді тәсілдерін зерттеу мектепте тәртіп болу
қажеттігін және оқыту ортасы ашық және сыныпта да, сыныптан тыс жерлерде
де білімгерлер құштарлығына сезімтал болуы қажеттігін айқындады [Jennings
and Greenberg, 2009]. Сонымен қатар, оқыту мен үлгерімді білімгерлер де,
мұғалімдер де бағалауы тиіс [Scheerens and Bosker, 1997; Sammons, 1999;
Taylor, Pressley and Pearson, 2002]. Осы бөлім оқыту ортасының екі аспектісін
243
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
қарастырады:
мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас пен мектеп және
сыныптағы тәртіп климаты
.
Оқыту ортасын, сондай ақ, мектеп әкімшілігі мен ата-аналар құрады.
Өз балаларының оқуына қызығушылық танытып, олардың оқуына араласатын
ата-ана мектеп шараларына да қатысып, осылайша мектеп ресурстарын
толықтыра түседі [Epstein, 2001]. «Ата-аналар өз балаларына ең жақсы білімді
тілейтіндіктен, олар академиялық стандарттарды көтеру үшін мектепке көбіне
қысым көрсетеді. Мектеп директорлары өз алдына білім беру мақсаттарын
анықтап, оларға қол жеткізуді көздейді» (ЭЫДҰ, 2013).
Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қатынас.
Мұғалімдер мен
білімгерлер арасындағы жағымды қатынас тиімді оқытуға септігін тигізетін
орта құруға мүмкіндік береді. Зерттеу жағдайы нашар отбасынан шыққан
білімгерлер олардың мұғалімдері табысқа бейімделгенін көрсе, жақсы оқып,
тәртібі де жақсы болатынын көрсетеді [Gamoran, 1993] және мұғалім мен
білімгерлер арасында жақсы қатынас орнайды [Crosnoe et al., 2004].
Білімгер мен мұғалім арақатынасы сипаттамасын анықтау үшін
15-жастағы зерттеуге қатысушыларға бірнеше сұрақ қойылды. Сұрақтар
келесіні қамтыды: олар мұғаліммен қаншалықты тіл табысады, мұғалім
олардың жағдайына алаңдаушылық білдіреді ме, мұғалімдер білімгерлерді
дұрыс қабылдайды ма, білімгерге қосымша көмек қажет болған жағдайда
мұғалім оларға қолдау көзі болып табылады ма және мұғалімдер
білімгерлерге әділ қарайды ма. Осы ақпарат
«мұғалім мен білімгер өзара
қатынасы» индексін
құру үшін пайдаланылды. Жоғары мән мұғалім мен
білімгер арасындағы жағымды қатынасты білдіреді.
PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ елдеріндегі қатысушылар мұғалім мен
білімгердің ара қатынасына риза деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Осылайша, 82% зерттеуге қатысушылар мұғаліммен арақатынасы жақсы
244
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
екендігін растайды.
Казақстан
, Индонезия, Шанхай, Сингапур, Гонконг,
Албания, Макао, Португалия, Мексика, Тайланд және Малайзия елдеріндегі
респонденттердің 90% астамы осы айтқандарды растады.
ЭЫДҰ елдеріндегі қатысушылардың 81% мұғалімдердің оларға әділ
екендігін атап өткен. Осы берілгеннен жоғары көрсеткіштер Колумбия,
Албания,
Казақстан және
Шанхай елдерінде байқалған (білімгерлердің 90%
астамы).
82% респонденттер қажет жағдайда мұғалімдердің көмек көрсететінін
атап өткен (ЭЫДҰ, 2013). Осы айтқанмен Вьетнам,
Казақстан
, Шанхай,
Индонезия, Сингапур, Канада, Португалия, Гонконг, Ұлыбритания, Тайланд
және Албания елдеріндегі білімгерлердің 90% астамы келіскен. Австрия,
Германия, Италия, Люксембург, Хорватия, Израиль, Тунис, Грекия және
Словения елдерінде білімгерлердің 75% кемі осы айтқанмен келісетінін
білдірген.
74% мұғалімдердің білімгерлерге құлақ асатынын айтқан (ЭЫДҰ, 2013).
Осы көрсеткіштен жоғары нәтижелер
Казақстан
, Албания, Тайланд, Перу,
Португалия және Жордания елдерінде (85% астам білімгерлер).
77% білімгерлер мұғалім оқушының жағдайына алаңдаушылық
туғызатынымен келісетінін айтқан (ЭЫДҰ, 2013).
Казақстан
, Индонезия, Латвия,
Сингапур, Португалия, Шанхай, Албания, Колумбия және Коста-Рика елдерінде
осы санаттағы білімгерлер қатарына 95% адам кірген.
ТМД елдері арасында өз мұғаліміне көңілі толатын білімгерлер пайызы,
ЭЫДҰ елдерінің білімгерлеріне қарағанда анағұрлым артық, әсіресе
Казақстан
білімгерлерінің арасында (қосымша, 4.3.1 кестесі).
Мектептегі және сыныптағы
тәртіптік климат
та
білім беру нәтижесіне
тікелей әсер етеді. Айтарлықтай тәртіп мәселесі бар мектептер және сыныптар
тиімді оқуға кедергі келтіреді, себебі мұғалім сабақты бастамас бұрын
245
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
сыныптағы қажетті жағдайды қалпына келтіруге уақытын жұмсайды [Gamoran
and Nystrand, 1992 in Newmann et al., 1992]. Оқу үдерісін жиі бөлу
білімгерлердің тиімді оқуына кедергі келтіреді.
PISA-2012 қатысушыларына келесі айтқандар бойынша пікірін айту
ұсынылған: «сабақта шу мен тәртіпсіздік орын алған», «сынып тынышталғанға
дейін мұғалімнің біраз күтуіне тура келеді», «сабақ басталған соң, шудың
әсерінен білімгерлер біраз уақыт бойы сабаққа кірісе алмайды».
Респонденттердің жауаптары «
тәртіптік климат
» индексін құру үшін
пайдаланылды. Индекстің неғұрлым жоғары мәні сыныптағы жақсы тәртіптік
климатты білдіреді. Дегенмен, есте ұстайтын жәйт, білімгерлер сұраққа
өз тәжірибесіне сүйене отырып жауап бергендіктен, олардың жауаптарын
салыстыруда абай болған жөн.
PISA-2012 зерттеу мәліметтері бойынша ЭЫДҰ елдеріндегі білімгерлердің
басым көпшілігі олардың сыныбындағы тәртіп жеткілікті жоғары деңгейде
екендігін көрсетеді. ЭЫДҰ елдерінде білімгерлердің 78% жуығы кейбір
сабақтарда ғана мұғалім сабақты бірден бастай алмайтындығын айтқан.
Вьетнам,
Казақстан,
Шанхай, Сингапур және Кореяда 85% астам білімгерлер
осындай жаууап берген, ал Тунис, Катар, Жордания, Аргентина және
Грекияда 33% астам білімгерлер осындай жағдайдың көп болатынын, немесе
әрбір сабақта болатынын айтқан. 72% білімгерлер сынып тынышталғанға дейін
мұғалімнің біраз күтуіне тура келетінін айтқан.
Казақстанда осы көрсеткіш
85%
астам.
ЭЫДҰ зерттеуге қатысушы елдерінің арасында «тәртіп климаты»
индексінің ең жоғары мәні Жапония мен Кореяда, ал ең төмені Грекия,
Люксембург, Финляндия, Норвегия, Нидерланд және Францияда болып отыр
(қосымша, 4.3.2 кестесі).
246
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
Пәнді оқуға кететін сағат саны.
PISA -2012 бағалауындағы іріктеу зерттеуге
қатысушы елдердің орташа, немесе жоғары сыныптарда болуы мүмкін түрлі
деңгейлердегі 15-жастағы білімгерлерін қамтиды. Осы айғақ білімгерлердің
оқуға жұмсайтын оқу уақытын салыстыру барысында ескерілуі тиіс, себебі
кейбір пәндер білімнің бір деңгейінде міндетті болса, екінші деңгейінде
міндетті болмауы да мүмкін.
PISA-2012 зерттеуіне қатысушы ЭЫДҰ елдері
математиканы
оқытуға
3,5 сағат, 2,5 - тілге (мектептегі оқыту жүргізілетін тіл) және аптасына 3 сағат -
жаратылыстану пәндеріне бөлінетінін көрсеткен. Канада, Чили математиканы
оқытуға аптасына бес сағаттан артық уақыт бөледі. Казақстанда 15-жастағы
білімгерлердің математиканы оқуына 3 сағат бөлінген.
Осы орайда, Чили білімгерлері аптасына 6 сағат
тілді оқиды
(мектептегі
оқыту жүргізілетін тіл), ал Канада мен Дания - аптасына 5 сағат бөледі.
Қазақстандық білім алушылар тілді оқуға аптасына бар- жоғы 2 сағат қана
жұмсайды.
Жаратылыстану пәндерін
Қазақстандық білім алушылар аптасына 3 сағат
меңгереді, бұл орайда көшбасшылық орындағы елдер аптасына 4,5 сағат
бөледі (4.3.4 кестесі).
4.3.4 кестесі. Зерттеу бағыттары бойынша аптадағы оқу уақытының айырмашылығы
Елдер
Математика
Оқу
Жаратылыстану
Шанхай -Қытай
4,5
4
4,5
Гонконг-Қытай
4,5
4,5
4
Сингапур
5
4
3
Ресей Федерациясы
4
2
4,5
Казақстан
3
2
3
ЭЫДҰ
3,5
2,5
3
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
Халықаралық зерттеудің нәтижелері білімгерлер жетістіктері, олардың
пәнді меңгеруге жұмсайтын уақытымен тікелей байланысты екендігін
247
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
көрсетеді. Ұтымды жағдайда математика, оқу және жаратылыстану пәндерін
оқытуға көп уақыт бөлетін қатысушы елдер тұр.
«PISA-2012 нәтижелері» халықаралық зерттеу мәліметтері бойынша
зерттеуге қатысушылар мектептен кейін жеке, немесе топпен
қосымша
сабақтарға
қатысады. Осы сабақтар мемлекеттік көздерден де, ата-аналар
тарапынан да қаржыландырылады.
Сауалнама нәтижелері көрсеткеніндей, зерттеуге қатысушылар басқа
пәндермен салыстырғанда математикадан қосымша сабақтарға көбірек
барады. ЭЫДҰ елдеріндегі PISA-2012 жобасына қатысушылардың 73% жуығы
оқыту тілі мен жаратылыстану пәндері бойынша қосымша сабақтарға
қатыспайды.
Вьетнам, Тунис, Малайзия, Перу, Шанхай,
Казақстан
, Ресей Федерациясы
және Жапония елдерінде
70%
және одан астам білімгерлер сабақтан тыс
математикадан қосымша сабақтармен қамтылған. Ал, Норвегия, Австрия,
Ирландия, Лихтенштейн, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, Словения,
Нидерланд, Германия, Швейцария және АҚШ елдерінде 70% астам білімгерлер
математикадан қосымша сабақтарға қатыспайды. Осы елдерде математикадан
қосымша сабақтар аптасына төрт, немесе одан көп сағат көлемінде
білімгерлердің 2% және 7% үшін ұйымдастырылған (қосымша, 4.3.3 кестесі).
Зерттеу нәтижелері бойынша халықаралық сарапшылар білімгерлер
көрсеткіштерінің пәндер бойынша қосымша сабақтарға қатысуына байланысын
айқындамаған.
Мектеп алды білім.
Білім беру жүйесіндегі теңсіздік мектепке келген
сәттен бастап болады және осы теңсіздіктің әсері оқытудың барлық кезеңінде
қала бермек [Entwisle, Alexander and Olson, 1997; Downey, Von Hippel and Broh,
2004]. Мектепке ерте жастан қабылдау білім берудегі теңсіздікті төмендету
тәсілі болып табылады. Сонымен қатар, ерте қабылдаудың арқасында
білімгерлердің мектепте жоғары жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндіктері
248
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
артады [Heckman paper on ESCS, Hart and Risley, Perry Pre-school, an OECD
document].
Орташа алғанда, ЭЫДҰ елдерінде 15-жастағы зерттеуге қатысушылар
мектеп алды білім алғанынын айтқан. Қазақстандық халықаралық зерттеуге
қатысушылардың 65% 1-ші сыныпқа барғанға дейін мектеп алды дайындыққа
бармағандарын айтқан (қосымша, 4.3.4 кестесі).
Осылайша, осы фактордың білімгер табыстылығына тигізетін әсерін
салыстырмалы түрде талдау, PISA-2012 функционалдық сауаттылықты
бағалаудың анағұрлым жоғары көрсеткіштерін мектепалды дайындықтан өткен
білімгерлер үлесі көп қатысушы елдер көрсеткенін білдіреді.
249
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
Зерттеуге қатысушы 15-жастағы білімгерлердің білім жетістіктеріне
тигізетін әсерді «ата-аналардың білім деңгейі мен жұмысының болуы»,
«сабақтан қалу», «мектептің жабдықталуы мен дербестігі » және т.б.
секілді индекстер көрсетті.
Қазақстан білімгерлерінің математиканы оқыту үдерісіне қанағаттану
көрсеткіштері олардың Қытайдағы құрдастарымен салыстырғанда жоғары.
Үйде және мектепте ғаламтор желісі болмауының білімгерлер нәтижесіне
тигізетін әсері қалып отыр.
PISA тест тапсырмаларын қалалық білімгерлер анағұрлым табысты
орындайды.
Зерттеуге қатысушылардың оқу жетістіктеріне олардың өзіндік бағалау
деңгейі тікелей байланысты екендігі байқалады.
Көптеген Қазақстандық білім алушылардың оқудың одан әрі
траекториясын құру үшін оқу пәнінің бағасын түсінетіндігі байқалады.
Жоғары білім алуға ниеттенген Қазақстандық білім алушылар тест
тапсырмаларын табысты орындайтыны көрінеді.
Қазақстандық 15-жастағы білім алушылар мәселе шешуге ашық, өз бетінше
шешім қабылдай алмайтын құрдастарына қарағанда, 25 ұпайға артық
нәтиже көрсетеді.
Қазақстандық білім алушылардың көрсеткіштерінде білім беру ұйымының
меншік түріне байланысты үш бағыт бойынша айырмашылықтар
байқалады.
Мектепалды дайындықтан өткен білім алушылардың жоғары нәтижелері
байқалады.
250
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
251
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
252
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
253
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
15-жастағы білім алушылардың білім жетістіктерін бағалаудың
халықаралық зерттеуіне қатысушы елдер санының арту үрдісі- әлемдік
қауымдастықтың ұлттық білім беру жүйелерінің бәсекеге қабілетті болуына аса
қызығушылық танытатынын көрсетеді.
TIMSS және PISA нәтижелері бұл елге тәуелсіз халықаралық емтихандар
мемлекеттік білім беру саясатын тиімді жүзеге асырудың шынайы
көрсеткіштері болып табылады.
Елдің PISA-2012 мониторингтік зерттеуіне қатысуы үш жыл ішіндегі
білімгерлердің математикалық, жаратылыстану ғылымдары және оқу
сауаттылығы бойынша үрдісін қадағалауға мүмкіндік берді (Қазақстан алғаш
рет PISA-2009 жобасына қатысты).
ЭЫДҰ «PISA-2012 нәтижелері» халықаралық есебінде біздің еліміздің
табысты нәтижелері атап өтілген. Қазақстан 65 елдің ішінде 15-жастағы
зерттеуге қатысушылардың математикалық және жаратылыстану ғылымдары
құзыреттілігі бойынша орташа ұпайдың ең көп артуын көрсетті, ол PISA
халықаралық бағдарламасындағы жақсарудың айтарлықтай жағымды өзгерісі
болып табылады.
Қазақстандық
15-жастағы
қатысушылардың
математикалық,
жаратылыстану ғылымдары және оқу сауаттылығы бағыттары бойынша
халықаралық емтиханның тест тапсырмаларын орындау табыстылығы,
еліміздің әлемдік функционалдық сауаттылық рейтингінде алатын орнын
айқындады.
Осы Ұлттық есепте Қазақстанның нәтижелері тек халықаралық
салыстырма тұрғысынан ғана емес, аймақтық салыстыру түрінде берілді. PISA-
2012 тест тапсырмаларын орындау нәтижелеріне алғаш рет үш бағыт бойынша
аймақтық тұрғыдан қала/ауыл және оқыту тілі мәнмәтінінде талдау
жасалынды.
254
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
PISA-2012 халықаралық зерттеуіне ауыл мектептері мен қазақ тілінде
оқытатын білім беру ұйымдарының көптеп қатысуы ұлттық білім жүйелерінің
бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстанның алатын орнына айтарлықтай
ықпалын тигізді.
Қазақстанның екінші кезеңдегі PISA-2012-де қатысуының қорытындысы
халықаралық емтиханның 15-жастағы қатысушылары күрделілік деңгейі
жоғары
логикалық
сұрақтарға
жауап
бере
алмайтынын
көрсетеді.
Математикалық және жаратылыстану пәндері бойынша тапсырмаларды
орындау табыстылығы білімгерлердің оқу құзыреттілігі деңгейіне тікелей
байланысты
болып
табылады.
Халықаралық
емтиханның
тест
тапсырмаларының форматы білімгерлердің үлкен ақпарат көлемінен тұратын
мәтіндік тапсырмаларды орындаудың дұрыс жолдарын өз бетінше іздеуін
көздейді.
PISA жобасы педагогикалық қауымның назарын мектеп пәндерін
жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық циклдармен, пәнаралық
біріктіру маңыздылығына аудартады. Алынған білімді өмірлік жағдайларда
қолдануды қалыптастыруға бағытталған практикалық сабақтарды оқытуға
енгізу арқылы білімгерлердің оқуға деген уәждемесін көтеру сыни тұрғыдан
маңызды болып табылады.
PISA-2012 нәтижелері шынайы мәліметтер алуға ғана мүмкіндік беріп
қоймай, сонымен қатар мектептегі білім берудің жетістіктері мен мәселелерін
шынайы бағалауға да мүмкіндік туғызады. Осы берілген ЭЫДҰ жобасына
Қазақстанның қатысу маңыздылығын әрбір білім беру ұйымына жеткізу
мақсатымен, PISA-2012 зерттеуінен алынған нәтижелердің талдауын облыстық
деңгейлерде жүргізу маңызды болып табылады. Мүмкін білім беру жүйесінің
аймақтық көрсеткіштер рейтингіне мектептегі білім беру сапасын тәуелсіз
халықаралық тұрғыдан зерттеу нәтижелерін қосу қажет шығар.
255
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
Осы зерттеудің бірегейлігі халықаралық сарапшылардың әрбір елдегі
білім алушылардың оқу жетістіктері көрсеткіштерін көптеген факторлар
деңгейлерімен салыстыру, сәйкестендіру болып отыр. Білімгерлердің
отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі халықаралық емтихан
нәтижелерін түсіндіретін маңызды факторлардың бірі ретінде анықталған. Бұл
алынған қосымша ақпарат Қазақстандық білім алушылардың зерттеудегі үш
бағыт бойынша көрсеткіштеріндегі айырмашылықты басқа факторлармен бірге
талдады. Отбасының әлеуметтік жағдайы білім алушылардың үлгеріміне әсер
ететіні сөзсіз. Бұл тек білім беру жүйесі ғана емес, сонымен қатар басқа да
көптеген факторлар білім алушылардың функционалдық сауаттылығына өзінің
айтарлықтай ықпалын тигізетінін көрсетеді.
PISA-2012 қорытындысының тек статистикалық мәліметтерін зерттеу ғана
емес, сонымен қатар халықаралық базаның ақпаратын түсіндіріп,талдау үшін
де үлкен жұмыс атқарылды. Осыған байланысты, Ұлттық есептің әрбір бөлімі
барлық педагогикалық қауымның және ата-аналардың назарын халықаралық
емтиханның нәтижесіне ықпал еткен басты аспектілерге аударады.
Берілген қорытындылық талдамалы Ұлттық есебі - басқарудың ең
маңызды аспектілерінің бірін жүзеге асыру - білім беру үдерісінің түзету
жұмыстарын жүргізу мақсатына бағытталған. Қазақстандық білім беру
ұйымдарын PISA-2015 зерттеуіне дайындау үшін тиянақты жұмыс жүргізілуі
тиіс. Қазақстандық 15-жастағы жобаға қатысушылар халықаралық емтихан
тапсырмаларын орындаудағы табыстылық көрсеткіштерінің жағымды өзгерісін
көрсетуі қажет.
Білім беру бағдарламалары мен оқулықтардың сапалы жаңғыртылуы,
пән мұғалімдердің жоғары кәсіби деңгейі, білім алушылар мен олардың ата-
аналарының жауапкершілігі, барлық деңгейлердегі сауатты басқарушылық
шешімдер алдымызда тұрған ЭЫДҰ ұйымдастыратын PISA-2015 жобасында
Қазақстанның жоғары деңгейде болуында басты роль атқаруы тиіс.
256
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
БИБЛИОГРАФИЯ
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 24.10.2012 ж.
жағдайындағы өзгерістері мен толықтыруларымен.
2.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
3.
Қазақстандағы PISA-2009 халықаралық зерттеуі нәтижелері бойынша
Ұлттық есеп, БСБҰО, 2010.
4.
PISA-2012 Results: What students know and can do. Students performance
in mathematics, reading and science (Volume 1), PISA, OESD Publishing, 2013
5.
PISA-2012 Assessment and Analytical Framework. Mathematics, reading,
science, problem solving and financial literacy), PISA, OESD Publishing, 2013
6.
In Search of the Human Mind, Harcourt Brace / Sternberg, R. J, Orlando, Fl.,
1995.
7.
Nudge: Improving Decisions about Health, Wealth and Happiness, Thaler /
R.H. and C.R. Sustein Penguin Books, New York, 2008.
8.
Personality and Assessment / Mischel, Walter, Wiley, London, 1968.
9.
More than just test scores / Levin, H.M. Prospects, 2012.
10.Protect, prepare, support, and engage / Barber, B.L., M.R. and J.S. Eccles
in J. L. Meeceand J. S. Eccles (Eds.), Handbook of Research on Schools,
Schooling, and Human Development, Routledge, New York, 2010.
11.Student/teacher relations and attitudes toward mathematics before and after
the transition to junior high school / Midgley, C., Feldlaufer, H., & Eccles, J.S.
Child Development, 1989.
12.Қазақстан Республикасының білім беру жағдайы мен дамуы туралы
Ұлттық баяндамасы ҰБСБО, 2013.
13.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайты
http://www.edu.gov.kz
14.ҚР БҒМ Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы сайты
http://www.bilimstat.edu.kz
15. PISA OESD ресми сайты
http://oesd.org/pisa
257
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
ҚОСЫМША
258
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
259
PISA 2012
Халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
PISA - 2012
2.1.1 Кестесі. Орташа ұпайы бойынша елдер тобы
ЭЫДҰ бойынша орташа ұпайдан статистикалық тұрғыдан жоғары
ЭЫДҰ бойынша орташа ұпайдан статистикалық тұрғыдан салыстырмалы
ЭЫДҰ бойынша орташа ұпайдан статистикалық тұрғыдан төмен
Достарыңызбен бөлісу: |