Pisa 2012 Ұлттық есеп Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/25
Дата13.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#4042
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

 
Білімгерлердің  білім  беру  үдерісіне  тартылуы. 
Мектепке  кешігу. 
  PISA-
2012 
зерттеуінің 
нәтижелері 
көрсеткеніндей, 
оқыту 
табыстылығы 
білімгерлердің  сабақта  болу,  немесе  болмау  факторына  тікелей  байланысты 
болып табылады. Сабақтан неғұрлым көп қалса, соғұрлым білімгер үлгерімі де 
төмен  болмақ.  Қазақстандық  15-жастағы  зерттеуге  қатысушылардың 
«Математикалық  сауаттылық»  бағыты  бойынша    сабаққа  бір  рет  кешікпеген, 
немесе  1-2 сабаққа кешігіп келген (зерттеу басталмастан екі апта бұрын) білім 
алушылар 
көрсеткіштеріндегі 
айырмашылық 
11 
ұпайды 
құрайды. 
Қарастырылып  отырған  кезең  ішінде  5  реттен  астам  кешіккен    білім 
алушылардың, олардың тәртіпті құрдастарымен салыстырғанда  нәтижесіндегі 
айтарлықтай төмендеу (30 ұпайға) байқалады.  
Қуантатын  жәйт,  Қазақстанда    сабаққа  кешікпеуді  қалайтын  білімгерлер 
саны,  ЭЫДҰ  қатысушы  елдерімен  салыстырғанда    (65%)  көбірек  (72%). 
Халықаралық  зерттеу  сауалнамасы  нәтижелерін  талдау  бойынша  Уругвай, 
Болгария,  Коста-Рика,  Латвия,  Швеция,  Португалия,  Израиль,  Чили,  Перу  және 
Тунис  елдерінде  респонденттердің  жартысынан  астамы  сабаққа  кешігеді.                 
Математиканы оқу 
барысындағы өзіне 
деген сенімділігі 
Білім 
алушылардың 
білім беру 
үдерісіне 
тартылуы 
Ұмтылдыру 
мен 
уәждеме 

 
 
224 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
Ал,  Жапония  мен  Гонконгта  осы  санаттағы  қатысушылар  15%  кем  адамды 
құрайды (4.2.2 сурет). 
 
4.2.2 сурет. Білімгерлердің нәтижелері / сабаққа кешігу саны 
%
Білімгерлер
М
ат
ем
ат
ик
ал
ы
қ 
са
уа
тт
ы
л
ы
қ
ор
та
ш
а 
ұп
ай
бір рет те 
емес
1-2 
рет
3-4 
рет
5, 
немесе одан 
көп рет
Қазақстан
ЭЫДҰ
 
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі «PISA-2012 нәтижелері» 
 
Отбасының  әлеуметтік-экономикалық  мәртебесі    білімгерлердің  сабаққа 
қатысуына ықпалын тигізеді. Сауалнама сұрақтарын талдау, сабаққа көп кешігу 
мен  келмей  қалу,  жағдайы  нашар  отбасынан  шыққан  балаларға  тән  екендігін 
көрсетеді    (ата-аналары  бақыламайды,  алыс  аудандардан  қоғамдық  көлікпен 
келеді; жұмыс істеп, отбасына көмектеседі) 
Мектептің  мүшесі  ретінде  сезіну.
  Бастауыш  мектеп  жасындағы  балалар 
үшін  отбасы  олардың  әлеуметтік  және  эмоционалдық  әлемінің  ортасы  болып 
табылады. Жасөспірім кезеңінде  бәрі басқаша: отбасы, құрдастары мен мектеп 
басқа мәнге ие бола бастайды. Мұғалімнің, сыныптастарының, пікірі маңызды 
болып, өз беделі туралы сезімі арта түседі. Сондықтан да, отбасы мен мектептің 
қандай  деңгейде  өзара  әрекет  ететіндігі  білімгердің  жалпы  жағдайына  ықпал 
етіп,  оның  социумда    бейімделуіне  әсер  етеді.  Білімгерлердің  құрдастарымен 
қатынасы  жақсы  болып,  олар  өздерін  әлеуметтік  топтың  бір  бөлігі  ретінде 
сезінгенде ғана, олар оқудағы жетістіктерді көрсете бастайды.  

 
 
 
225
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
PISA-2012 білімгерлерге оларды оқыту қаншалықты қанағаттандыратыны 
мен    мектеп  олардың  қалағанына  қаншалықты  сәйкес  келетіндігі  туралы 
сұрақтар қойған.  Білімгерлердің берген жауаптары  
мектептің мүшесі ретінде 
сезіну индексін 
құруға пайдаланылды.  
Зерттеуге  қатысқан  89%  Қазақстандық  білімгерлер    өзін  мектеп  мүшесі 
ретінде  сезінетінін  айтқан,  93%  өз  құрдастарымен  оңай  тіл  табысады,                        
91%  өздерін  жолы  болмағыш  деп  санамайды.  Сонымен  қатар,  сауалнама 
мәліметтері  бойынша      респонденттердің  91%  өздерін  мектепте  бақыттымыз 
деп  есептейді,  94%  мектептегі  оқуға  көңілі  толады,  ал  89%  мектептегі 
жағдайларды мінсіз  деп есептейді.  
Көшбасшы елдер Шанхай, Сингапур, Корея, Жапонияда «мектепте өзімді 
бақытты  сезінемін»,  «мектептегі  жағдай  мінсіз»  деп  осындай  айтқандармен 
келіскен  білімгерлер  саны    халықаралық  орташадан  төмен.    Барлық  сұрақтар 
санаттары бойынша   Қазақстан көрсеткіштерінен төмен (4.2.3 сурет). 
 
4.2.3 сурет. PISA-2012 қатысушылар үлесі/ 
мектеп мүшесі ретінде сезіну 
Б
іл
ім
ге
рл
ер

%
Қазақстан
ЭЫДҰ
Өзін мектеп 
бөлігі ретінде 
сезінеді
Мектепте оңай 
дос табады
Мектепте өзін 
аутсайдар 
ретінде 
сезінбейді
Мектепте өзін 
бақытты 
сезінеді
Өз мектебіне 
риза
Мектепте бәрі 
мінсіз деп 
есептейді
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі «PISA-2012 нәтижелері» 
 
Білімгерлердің  мектепке
   
қатынасы
   
олардың  ата-анасы,  құрдастары, 
мұғалімдер 
және 
мектеп 
атмосферасының 
әсерінен 
қалыптасады.                           
PISA-2012    зерттеуінде  білімгерлерге  келесі  айтқандармен  келісу,  немесе 
келіспеу деңгейлерін білдіру сұралған  : «мектеп ересек өмірге дайындау үшін 

 
 
226 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
аз  нәрсе  жасады»,    «мектеп  уақытты  бос  өткізу  болды»,  «мектеп  шешім 
қабылдаудағы  сенімділікті  ұялатты»,  «мектеп  келешектегі  мамандыққа 
пайдалы  болатын  нәрселерді  үйретті»,  «мектепте  тырысып  оқу  жоғары  оқу 
орнына  түсуге  септігін  тигізеді»,  «мектепте  тырысып  оқу  жақсы  жұмыс  табуға 
септігін тигізеді».  
Зерттеуге  қатысушылардың  көбі  мектеп  уақытты  бос  өткізу  деп 
есептемейді  (88%),  және  ол  келешекте  пайдалы  болатын  нәрселерді  үйретті 
деп  есептейді  (87%).  15-жастағы  білімгерлердің  71%  астамы  мектеп  оларды 
ересек  өмірге  үйретті  және  шешім  қабылдаудағы  сенімділікті  ұялатты  деп 
есептейді.  Респонденттердің  100%  дерлік,  мектепте  тырысып  оқу  олардың 
жоғары оқу орнына түсіп, жақсы жұмыс табуына септігін тигізетініне сенімді.  
Осы  орайда,  мектепке  жақсы  қатынас  индексі  әртүрлі  елдерде 
айтарлықтай  өзгеше  болып  келеді.    Осылайша 
Қазақстанда,
  Албанияда, 
Тайландта,  Перуде,  Вьетнамда,  Мексикада,  Колумбияда,  Индонезияда,  Ресей 
Федерациясы  және    Малайзияда  зерттеуге  қатысушылардың  90%  астамы 
мектепті бос уақыт өткізу деп есептемейді. Ал Жапония, Люксембург, Норвегия, 
Корея,  Германия,  Нидерланд    және  Израиль  елдерінде  жобаға  қатысқан  
білімгерлердің 70% кемі осы пікірмен  келіседі. (4.2.4 сурет). 
 
4.2.4 сурет. PISA-2012 қатысушылар үлесі/ мектепке қатынас индексі 
Б
іл
ім
ге
р
л
ер

%
Мектеп бос 
уақыт өткізу 
болған жоқ
Мектеп ересек 
өмірде пайдалы 
болатын 
нәрсеге үйретті
Мектеп ересек 
өмірге 
дайындады
Мектеп шешім 
қабылдаудағы 
сенімділікке 
үйретті
Мектептегі  
зейінді оқу 
жақсы жоғары 
оқу орнына 
түсуге 
көмектеседі
Зейінді жұмыс 
жақсы жұмыс 
табуға 
көмектеседі
Қазақстан
ЭЫДҰ
 
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 

 
 
 
227
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
Уәждеме  мен  қызығушылық
  болашақ  кәсіби  қызметтегі  табыстылықты 
айқындайды.    Білім  алуға  деген  уәждеме  білімгерлердің  бүгінгі  оқуына 
жағымды  ықпал  етеді,  олардың  келешектегі  білім  алу  траекториясын 
айқындайды  және  соның  нәтижесінде,  еңбек  нарқында  ұсынысқа  ие  маман 
болуына септігін тигізеді.  
Уәждеменің басты құрауыштары төзімділік, қандай да бір болмасын оқу 
пәндерін  меңгерудегі  табандылық,  мәселені  шешуге  деген  дайындық  болып 
табылады. Сонымен қатар, уәждемені сыртқы және ішкі деп бөледі.  
Оқудағы  табандылық.
  PISA-2012-де 
оқудағы  табандылық  индексін 
анықтау  үшін  зерттеуге  қатысушыларға  келесі  айтқандармен  келісу,  немесе 
келіспеу  деңгейлерін  білдіру  сұралған:  «оқу  барысында  бір  қиындыққа 
кездессем,  тез  берілемін»,  «туындаған  мәселені  шешу  үшін  көп    күшімді 
саламын»,  «күрделі  мәселені  шешуді  ертеңге  қалдырамын»,  «бастаған  ісімді 
аяғына дейін апарамын». 
Алынған мәліметтерді талдау, осы индекстің барлық елдер үшін маңызды  
емес екендігін көрсетеді. Зерттеуге қатысушы ЭЫДҰ елдерінде 56% 15-жастағы 
респонденттер қиындықпен кездескенде мойымайтынын, 49% бұрын бастаған 
ісінің  немен  аяқталатынына  қызығушылық  білдіретінін,    44%  істі  аяқтағанға 
дейін тастамайтынын айтқан.  
Ресей  Федерациясы,  Казақстан,  Польша,  Жордания,  БАӘ  және    Албания 
елдерінде    халықаралық  зерттеуге  қатысушылардың  70%    астамы    мәселені 
шешу  барысында  туындаған  қиындықтан  мойымай,  оны  шыңына  жеткізгенге 
дейін жасай беретіндіктерін айтқан. Ал, Жапония, Чех  Республикасы, Франция, 
Тайпей    және  Бельгияда  жоғарыда  айтқандармен  келіскен  білімгерлер  үлесі 
халықаралық орташа көреткіштен төмен болып табылады  (56%) (4.2.5 сурет). 
 
 
 
 

 
 
228 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
 
4.2.5сурет. PISA-2012 қатысушылар үлесі/ оқудағы табандылық индексі 
Қазақстан
ЭЫДҰ
Мәселе туындаса

оңайлықпен берілмеймін
Бастаған істі үнемі аяғына 
дейін жеткіземін
Күрделі тапсырмалардың 
шешімін ертеңге 
қалдырмаймын
 
 
         
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 
 
Зерттеуге  қатысушы  көптеген  елдерде  «Математикалық  сауаттылық» 
бағыты  бойынша  15-жастағы  білімгерлердің  оқу  жетістіктеріне    оқудағы 
табандылық индексінің  тигізетін әсері айтарлықтай болып табылады. 25 елде 
математикадан  жетістіктердегі    табанды  және  табанды  емес  білімгерлер 
арасындағы  айырмашылық  20  ұпайдан  астам.  Финляндия,  Корея,  Норвегия, 
Жаңа Зеландия, Тайпей және  Исландия елдерінде  осы санаттағы білімгерлер 
нәтижелері 
арасындағы 
 
аражік 
30 
ұпайдан 
астамды 
құраған.                           
Қазақстанда-33  ұпай  (табандылардың  көрсеткіші-447,  ал  табанды  емес 
қатысушылардың көрсеткіші-414 ұпай) (4.2.6 сурет). 
 
 
 
 
 

 
 
 
229
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
 
4.2.6 сурет. Білімгерлер нәтижелері/ оқудағы табандылық индексі 
ЭЫДҰ
Қазақстан
Аса табанды емес білімгерлер
Табанды білімгерлер
Математика бойынша нәтижелер
 
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 
Мәселені шешуге ашықтық .
 PISA-2012 –де білімгерлердің оқу барысында 
туындайтын  түрлі  мәселелерді  шешудегі  ашықтық  деңгейі  зерттелген.  
Зерттеуге  қатысушы  білімгерлердің  ашықтық  индексі    олардың  бірқатар 
сұрақтарға  жауап  беруі  негізінде  құрылған:  «Үлкен  ақпарат  көлемін  қабылдай 
аласың  ба?»,  «Болып  жатқан  оқиғалардың  түсініктемесін  іздейсің  бе?», 
«Айғақтарды өзара оңай біріктіре аласың ба?» , «Қиын тапсырмаларды шешуді 
ұнатасың ба?». 
ЭЫДҰ  елдерінде  15-жастағы  білімгерлердің  53%  үлкен  көлемдегі 
ақпаратты  өңдей  алатынын  айтқан.  Алған  ақпараттың  мағынасын  57%  адам 
түсінсе,  61%  болып  жатқан  оқиғалардың  түсініктемесін  іздейтінін  айтқан.                    
57%  айғақтарды  еш  қиындықсыз  бір  арнаға  тоғыстыра  алатынын,  ал  ЭЫДҰ 
елдеріндегі  білімгерлердің    33%  күрделі  тапсырмаларды  шешуді  ұнататынын 
айтқан. 
Осы 
орайда, 
PISA-2012 
жобасына 
қатысушы 
15-жастағы 
Қазақстандықтардың  үлесі  осы  индекс  көрсеткіштерінен    асып  түседі                      
(4.2.7 сурет). 
 
 
 
 

 
 
230 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
 
4.2.7. Казақстан / PISA-2012 қатысушылар үлесі/ білімгерлер ашықтығының индексі 
Үлкен ақпарат 
көлемін орындай 
аламын
Істің байыбына 
тез барамын
Болып жатқан 
оқиғалардың 
түсіндірмесін 
іздеймін
Айғақтарды өзара 
оңай 
байланыстырамын
Күрделі 
мәселелерді 
шешкенді 
ұнатамын
Білім алушылар
, %
 
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 
 
 «Математикалық 
сауаттылық» 
бағыты 
бойынша 
нәтижелер 
көрсеткіштері  халықаралық  орташадан  жоғары  зерттеуге  қатысушылар 
арасында  мәселені  шешуге  ашықтыққа  дайын  болуына  көп    байланысты. 
Словак  Республикасы  мен  Въетнамда  көрсеткіштері  ең  жоғары  білімгерлер 
арасындағы айырмашылық 30 ұпайды құрайды, ал төмен нәтижелер көрсеткен 
білімгерлер  мен  мәселені  шешуге  ашықтық  арасындағы  байланыс  
байқалмайды.  
            Көптеген  елдерде  осы  факторға  байланысты  білімгерлер 
жетістіктеріндегі  айырмашылық  10  ұпайдан  астам.  Қазақстандық  мәселені 
шешуге  ашық  15-жастағы  білімгерлер,  өз  бетінше  шешім  қабылдай  алмайтын 
құрдастарына қарғанда 25 ұпайға артық нәтижелер береді (4.2.8 сурет). 
 
 
 
 
 

 
 
 
231
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
4.2.8 сурет. Білімгерлер нәтижелері/математика / білімгерлер ашықтығының индексі 
О
р
та
ш
а 
ұп
ай
Қазақстан
ЭЫДҰ
Мәселелерді шешуге анағұрлым ашық
Мәселелерді шешуге аса ашық емес
 
   Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 
 
Ішкі  және  сыртқы  уәждеме.
 
Көптеген  балалар  мектепке  оқуға  деген 
дайындықпен  және  құмарлықпен    келеді.    Бастауыш  мектеп  жасындағы 
білімгерлер    оқуға,  математикаға  және  жаратылыстану  пәндеріне  жоғары 
деңгейдегі  қызығушылық  пен  жағымды  көзқарас  көрсетеді.  Мектептер  осы 
оқуға деген құштарлық пен бейімділікті қаншалықты үдетіп, ұлдар мен қыздар 
мектепті аяқтаған соң өмір бойы оқуға ынтық болатынын қалыптастыратынына 
сенімді бола алады?! 
Белгілі бір пәнге деген қызығушылық білімгерлерді оқыту үдерісіне тарту 
қарқыны  мен  ұзақтығына  әсерін  тигізе  алады.  Өз  алдына  оқыту  үдерісіне 
тартудың  жоғары  деңгейі  білімгерлердің  пән  мазмұнын  түсінуін  үдете  түседі. 
Мысалы  математиканы  оқыту  әдісі  мен  түрлері    сыныпқа,  білім  беру  ұйымы 
мен  елге  байланысты  әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Осыған  байланысты  PISA-2012 
сауалнамасы  зерттеуге  қатысушы  білімгерлердің  математиканы  оқуға  деген 
қызығушылық деңгейі туралы сұрақты қамтыған.  
ЭЫДҰ 
елдерінің 
38% 
астам 
зерттеуге 
қатысушы 
білімгерлері 
математиканы осы пән ұнағандықтан оқитынын айтқан.  Математика мен оның 

 
 
232 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
құрауыштарын  оқу  үдерісіне  мүдделі  екендігін  респонденттердің  53%  айтқан. 
Фондық  ақпаратты  талдау  Индонезия,  Малайзия, 
Казақстан
,  Тайланд  және  
Албания  елдерінде  70%  астам  білімгерлер  «Математика»  пәні  оларға 
ұнайтынын  айтқан.  Сонымен  қатар,  Албания,  Тайланд,  Колумбия,  Перу, 
Мексика, 
Казақстан
,  Жордания  және    Малайзия  елдерінде  80%  астам 
білімгерлер математиканы оқудың мазмұндық элементтерінің  маңыздылығын 
атап өткен.  
PISA-2012–дегі «математикадан алған білім менің келешектегі жұмысыма 
қажет», «математиканы оқу менің кәсіби өсуім үшін маңызды» деген қосымша 
ақпарат    математиканың  білімгер  өміріндегі  алатын  орнын  көрсетті.  Зерттеуге 
қатысушылардың    берген    жауаптарына  жасалған    талдау,    ЭЫДҰ  елдерінде, 
Қазақстан_ЭЫДҰ_Өзіндік_ұтымдылықтың_жоғары_деңгейі_Өзіндік_ұтымдылықтың_төменгі_деңгейі'>Қазақстандағыдай    70%  астам  зерттеуге  қатысушылар  математика  олардың 
келешекте  жұмысқа  орналасуына  қажет  болатындығын    айтқанын  көрсеткен 
(қосымша, 4.2.2 кестелер). 
Өзіне  деген  сенімділік.
 
PISA-2012-де  бірқатар  өзіндік  сенімділік   
зерттелген:  өзіндік  ұтымдылық,  өзіндік  баға,  математиканы  оқу  барысындағы 
қобалжу.  
 
Өзіндік ұтымдылық 
термині білімгердің өз  әрекетімен қажетті нәтижеге 
қол  жеткізуге  деген  сенімділігін  сипаттау  үшін  қолданылады,  ол  өз  алдына 
әрекет етудің мықты қозғаушысы және мәселені шешудегі табандылық болып 
табылады 
(Бандура, 
1977). 
Білімгерлердің 
математикалық 
өзіндік 
ұтымдылығына    олардың  берілген  деңгейдегі  тапсырмаларды  табысты 
орындауы  жатады (Шунк, 1991). 
PISA-2012  зерттеуі,  бұдан  бұрынғы  зерттеу  айналымдарындағыдай 
«Математикалық сауаттылық» бағыты бойынша   жоғары көрсеткіштер беретін 
білімгерлердің  өзіндік  ұтымдылығы  мен  өзіндік  бағасы  да  жоғары  болатынын 
көрсетеді. 
Қазақстандық 
зерттеуге 
қатысушылардың 
жоғары 
өзіндік 
ұтымдылығы  (түрлі  оқу  тапсырмалары  мен    қолданбалы  математикалық 

 
 
 
233
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
есептерді  шешу  қабілеті)  нәтиженің    50  ұпайға  артуына  септігін  тигізді  (ЭЫДҰ 
елдерінде-129 ұпай) (4.2.9 сурет). 
 
4.2.9. Білімгерлер нәтижелері/ өзіндік ұтымдылық деңгейі  / математика 
Қазақстан
ЭЫДҰ
Өзіндік ұтымдылықтың жоғары деңгейі
Өзіндік ұтымдылықтың төменгі деңгейі
 
                          
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 
 
Математикалық  табыстылықтағы  өзіндік    жоғары  баға,
  өзіндік 
ұтымдылық секілді жоғары білім жетістіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.  
Орташа  алғанда,  ЭЫДҰ  елдерінде  PISA-2012  халықаралық  зерттеуіне 
қатысушы  15-жастағы  білімгерлердің      43%  математиканы  жақсы  білетінін,               
59% математикадан жақсы бағалар алатынын, 37% ең күрделі тапсырмаларды 
шешетінін,  52%  математиканың  жеңіл  берілетінін,  38%    математика  ең  қызық 
пән  екендігін  айтқан.  Осы  жауаптар  елдер  арасында  әртүрлі  болып  келеді. 
Жордания,  БАӘ  Катар, 
Казақстан
,  Сингапур,  АҚШ  пен    Коста-Рика  елдерінде  
60%  астам  білімгерлердің  математиканы  оқуға  деген  өзіндік  бағасы  жоғары  
екендігі  байқалады.  Ал,  сауалнама  мәліметтері  бойынша  Тайпей,  Корея, 
Въетнам  және  Жапонияда    осы  көрсеткіш  білімгерлердің  40%  азында 
байқалады (4.2.10 сурет). 

 
 
234 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
4.2.10 сурет. PISA-2012 қатысушылар үлесі/ өзіндік баға / математика 
Қазақстан
ЭЫДҰ
Математиканы 
жақсы біледі
математикадан 
жақсы бағалар 
алады
математиканы 
жақсы біледі
күрделі 
есептерді 
шешеді
математиканы 
оңай шығарады
математика ең 
жақсы пәндердің 
бірі болып 
табылады
 
    Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 
 
Математиканы оқу барысындағы қобалжу
 
(сабақ барысында шарасыздық 
пен  қобалжу  )  бұрынғы  сәтсіздіктер  мен  өзіндік  бағаның  төмен  болуына 
байланысты  туындайды.  Осы  сезім  пәнді  оқуға  көңіл  бөлуден  алаңдатады,  ол 
материалды  дұрыс  түсінбеуге  алып  келеді.  Қобалжуды  сипаттайтын  индекстің 
көтерілуімен,  математикалық  сауаттылық  төмендей  түседі.  Қазақстанда 
қобалжу  деңгейі  төмен  және  жоғары    зерттеуге  қатысушы  топтардың 
нәтижелері  арасындағы  айырмашылық    46  ұпай  шамасын  құрайды                       
(ЭЫДҰ  елдері  арасында-86  ұпай).  Сауалнама  мәліметтері  бойынша 
қазақстандық  PISA-2012  зерттеуіне  қатысушы  15-жастағы  білімгерлердің                
55%  сенімсіздік,  қобалжу  олардың  үлгерімін  төмендететінін  атап  өткен 
(қосымша, 4.2.3 кестесі).   
 

 
 
 
235
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
4.3. Мектептегі білім  беруді басқару мен сауаттылық көрсекіштері  
Мектеп  дербестігі. 
PISA-2012  бағалауында  кадрлар  құрамының  мектепті 
басқару  мен  мектеп  саясатын  анықтауда    қатысу  мүмкіндіктерін  анықтау 
мақсатымен    мектеп  директорларына  арнайы  сұрақтар  қойылған  болатын. 
«мұғалімдерді  қабылдау  мен  жұмыстан  шығаруды,  базалық  және  жалақы 
жоғарылату  деңгейін,  мектеп  бюджетін  құру  мен  бөлуді  кім  шешеді  (мектеп 
мұғалімдері,  директорлары,  мектептік/  аудандық/қалалық/  облыстық  білім 
басқармасы,  білім  министрлігі)?    Оқу  жоспары  мен  оқыту  тәсілдерін  жасау 
кімнің негізгі міндеті болып табылады (бағалау саясатын анықтау, білімгерлерді 
іріктеу, пәндер топтамасын  және олардың мазмұнын анықтау)?» 
Алынған жауааптардың негізінде екі индекс құрастырылды: 
ресурстарды 
бөлу  саласындағы  мектеп  дербестігі 
және  оқу  жоспары  мен  бағалау 
саласындағы мектеп дербестігі индексі. 
Ресурстарды  бөлу  саласындағы  мектеп  дербестігінің  индексі 
көптеген 
елдерде  қатысушы  мектептердің  шамалы  саны  ғана  мұғалімдердің 
жалақысына  ықпал  ете  алатындығын  көрсетті.        ЭЫДҰ  елдері  арасында 
халықаралық  жобаға  қатысқан    білімгерлердің  70%  жуығы  директорлары 
ұлттық  және/немесе  аймақтық  білім  басқармасы  мұғалімдердің  базалық 
жалақысы  мен  жалақы  өсіру  туралы  шешім  қабылдайтынын  айтқан 
мектептерде оқиды.  
Мектеп  директорлары  мен  мұғалімдері  көбіне  мұғалімді  жұмысқа 
қабылдау  мен  жұмыстан  шығару,  мектеп  бюджетін  қалыптастыру  мен  мектеп 
деңгейінде  бөлу  үшін  ғана  жауапты  болады.  Мектеп  дербестігі  мектептің 
ресурстарды  бөлу  жауаптылығы  индексінің  тұрғысынан  алғанда  Макао, 
Нидерланд,  Ұлыбритания  елдерінде  басым.  Керісінше,  ресурстарды  бөлудегі 
жауаптылық  Түркия,  Грекия,  Албания,  Италия,  Германия,  Румыния,  Австрия, 
Франция және Жордания елдерінде шамалы.  

 
 
236 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің  нәтижелері
 
PISA - 2012 
Түрлі  елдерде  мектептер  ресурстарды  бөлудегі  түрлі  дербестік 
деңгейлерін  көрсетеді.    Көшбасшылық  орындарды  иеленіп  отырған  Сингапур 
(55%),  Жапония  (67%),  Корея  (49%)  сияқты  елдерде  мұғалімдерді  қабылдау 
және  жұмыстан  шығару  үшін  жауапкершілік  ұлттық  және  аймақтық  білім 
басқармасына  жүктелген.  Ал,  Қазақстан  мен  Ресей  Федерациясында    осы 
көрсеткіш 2% және  0% құрайды. Шанхайда педагогты білім беру ұйымына алу  
туралы  шешімді  ұлттық  және  аймақтық  білім  басқармасы  бірлесе  отырып 
қабылдайды.  
Бюджетті  мектеп  деңгейінде  бөлу    Сингапурде  (52%),    Кореяда  (50%), 
Шанхайда    (69%),  Ресей    Федерациясында  (62%)  мектеп  пен  ұлттық  және 
аймақтық  білім  басқармасымен  бірге  шешіледі,    Казақстанда  білім 
алушылардың  22% осындай білім беру ұйымдарында оқиды.  
Осылайша  зерттеуге қатысушылар жоғары нәтижелер көрсеткен елдерде  
«мектеп+  аймақтық  және  ұлттық  білім  басқармасы»  мектепті  басқаруда  
бірлесіп шешім қабылдау  үрдісі байқалады (4.3.1 кестесі).  
4.3.1. кестесі PISA-2012 қатысушылар үлесі/  мектеп дербестігінің индексі / ресурстарды бөлу 
 
 
 
Елдер 
Мұғалімдерді қабылдау және жұмыстан 
шығару үшін жауапкершілік 
Мектеп деңгейінде бюджетті бөлу 
Ме
кте
п 
д
ир
ек
тор
ы
 
Ме
кте
п 
д
ир
ек
тор
ы
 
ұл
тты
қ
/ай
мақт
ы
қ 
бі
л
ім 
басқар
масы
ме
н
 
бі
р
л
е
сіп
   
Б
іл
ім бас
қар
масы
 
Ме
кте
п 
д
ир
ек
тор
ы
 
Ме
кте
п 
д
ир
ек
тор
ы
 
ұл
тты
қ
/ай
мақт
ы
қ 
бі
л
ім 
басқар
масы
ме
н
 
бі
р
л
е
сіп
   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет