Білім алушылар
, %
Қазақстан
Вьетнам
Ресей
Сингапур
Канада
Бельгия
Гонконг
Дания
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі «PISA-2012 нәтижелері»
210
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
Жоғарыда
қарастырылған
факторлар
өзара
байланысты
және
білімгерлердің білім жетістіктеріне әсерін тигізеді. Халықаралық сарапшылар
тәуелсіз бағалау нәтижесін түсіндіретін отбасы ортасын ең күшті факторлардың
бірі деп таниды. Жалпы алғанда, зерттеуге қатысушы ЭЫДҰ елдерінде
білімгерлердің әлеуметтік-экономикалық мәртебесі факторы үш бағыт
бойынша табыстылық көрсеткіштеріндегі 42% айырмашылықты түсіндіреді
(математика – 15%, оқу– 13%, жаратылыстану – 14%).
Бұл көрсеткіш Макао-Қытайда, Катарда, Гонконг-Кытайда және
Норвегияда 7% кем ауытқиды, ал Уругвай, Словак Республикасы, Франция,
Венгрия, Болгария, Чили және Перуде 19% одан көп ауытқиды.
Қазақстанда
әлеуметтік-экономикалық мәртебеге және отбасы ортасына байланысты
факторлар
жиынтығы
15-жастағы
зерттеуге
қатысушылардың
көрсеткіштеріндегі
айырмашылықтың
29%
түсіндіреді (математика – 8%,
оқу– 12%, жаратылыстану – 9%). Осы факторлар жиынтығының әсері, олардың
жеке әсеріне қарағанда анағұрлым күшті болып табылады (4.1.3 сурет).
4.1.3 сурет. Казақстан/ PISA-2012 бағыттары бойынша нәтижелер айырмашылығы
Көрсеткіштегі мән айырмашылығы
,
ұпай
Айырмашылық пайызы
Математика
Жаратылыстану
Оқу
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
Осы орайда, PISA-2012 халықаралық сарапшылары жағымсыз әлеуметтік-
экономикалық мәртебесі бар көптеген зерттеуге қатысушылардың жоғары
нәтижелерін атап өтеді («төзімді білімгерлер»). Осы білімгерлердің нәтижелері
211
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
әлеуметтік-экономикалық жағымсыз әсерді жеңе білуге болатынын көрсетеді.
Түрлі елдерде «төзімді» білімгерлердің саны әртүрлі болғанына қарамастан,
олардың айтарлықтай саны барлық қатысушы елдерде дерлік бар.
Сауалнама мәліметтері бойынша халықаралық зерттеуге қатысушы
білімгерлердің жартысынан астамы Шанхай-Қытай, Гонконг-Қытай, Макао-
Қытай, Сингапур, Корея, Қытай Тайпейі және Вьетнам елдерінде әлеуметтік-
экономикалық
тұрғыдан
жағдайы
нашар
отбасыларына
жатады
(қатысушылардың осы тобының жалпы құрамының 12,5%). Бұл орайда, олар
басқа елдердегі ұқсас білімгерлерге қарағанда жоғары көрсеткіштер берген,
бірақ олардың көбісі PISA-2012 бағалау шәкілі бойынша сауаттылықтың ең
жоғары деңгейіне қол жеткізген. «Төзімді білімгерлердің» саны сондай ақ,
2003 жылмен салыстырғанда Туркияда, Мексикада, Польшада, Италияда,
Тунисте, Германияда айтарлықтай артқан.
Қазақстандық жоғары нәтижелер көрсеткен 15-жастағы «төзімді»
білімгерлердің үлесі тек 2% ғана құраған. Ал, көшбасшы елдер Шанхай-Қытай,
Гонконг-Қытай, Макао-Қытайда осындай білімгерлердің үлесі 17% -дан
19% адамға дейін ауытқымалы (4.1.4 сурет).
4.1.4 сурет. PISA-2012
жоғары нәтижелер көрсеткен білімгерлердің үлесі
«Төзімді» білімгерлер пайызы
Қазақстан
Ресей
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
212
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
Осылайша, басқа қатысушы елдермен салыстырғанда әлеуметтік-
экономикалық тұрғыдан отбасының нашар жағдайына қарамастан, жоғары
нәтиже көрсете алған білімгерлердің үлесі Қазақстанда үлкен емес.
Білім беру ұйымының орны.
PISA-2012 халықаралық зерттеуінің
сауалнамасына мектеп ресурстарының бар, немесе жоқ екендігі туралы (пәндік
бөлмелер, сумен/жылумен/жарықпен қамтамасыз ету жүйесі) және олардың
мектептегі оқытуға тигізетін әсері туралы мектеп директорларына арналған
сұрақтар енгізілген. Алынған жауаптар
мектеп инфрақұрылымы сапасының
индексіне
біріктірілген болатын.
Орташа алғанда ЭЫДҰ қатысушы елдері бойынша зерттеуге қатысушы
15-жастағы
білімгерлердің
71%,
директоры
қолданыстағы
мектеп
инфрақұрылымының сапасы қажетті талаптарға сай келетінін айтқан
мектептерде білім алады. Осы орайда, білім беру ұйымдары басшыларының
сауалнамаға берген мәліметтері бойынша PISA-2012 қатысушы Қазақстандық
білім алушылардың 30% астамы мектеп ресурстарының жеткіліксіз деңгейдегі
сапасына ие (4.1.5 сурет).
4.1.5 сурет. PISA-2012 қатысушылар үлесі/
мектеп инфрақұрылымы сапасының
индексі
Қазақстан
Ресей
ЭЫДҰ
АҚШ
Латвия
Сингапур
Мектеп ғимараттары мен бөлмелерінің жеткіліксіз саны мен сапасы
Жылу
/
суыту жүйелері мен жарық жүйелерінің жеткіліксіз саны
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
213
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
Жақсы инфрақұрылым мен заманауи оқулықтардың болуы өз алдына
сауаттылықтың жоғары көрсеткіштеріне кепілдік бермейді, дегенмен, осындай
ресурстардың болмауы оқыту нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мектеп
директорлары сауалнамада түрлі ресурстардың жеткіліксіздігі, немесе
болмауы
(зертхана
жабдықтары,
компьютерлер,
ғаламтор
желісіне
қолжетімдік, кітапхана қоры) олардың ойынша білім беру үдерісін
күрделендіре түседі. Жауап берушілердің жауаптары
материалдық ресурстар
индексіне біріктірілді. Осы индекстің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
зерттеуге қатысушы білім беру ұйымының ресурстар жеткіліксіздігінің деңгейі
төменірек болмақ.
Сингапурде,
Лихтенштейнде,
Австралияда,
Қытай
Тайпейінде,
Швейцарияда, Ұлыбританияда, Гонконг-Қытайда, Жапонияда, Словенияда
материалдық ресурстардың тапшылығы туралы басшылардың сауалнамасында
басқа елдерге қарағанда азырақ көрсетілген.
Қазақстанда білімгерлерді оқытудың 68% ғылыми зертханалар мен
жабдықтың жекіліксіз болуы, 47% - оқыту материалдарының (оқулықтар,
компьютерлер), 48% - кітапхана материалдарының, 60% - компьютерлік оқыту
жасақтамаларының, 68% - аудио-видео ресурстардың, 55% - ғаламторға
қолжетімдік болмауының әсері тиеді. Материалдық ресурстар индексі
бойынша Қазақстан, зерттеуге қатысушы басқа елдермен салыстырғанда
58 орынды иеленеді (4.1.6 сурет).
214
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
4.1.6 сурет. PISA-2012 қатысушылар үлесі/ материалдық ресурстар индексі
ғылыми зертханалар мен жабдықтардың жеткіліксіз
саны
ЭЫ
ДҰ
Қа
зақ
ста
н
Білім алушылар
, %
оқу материалдарының жеткіліксіз саны
Интернетке қол жетімсіздік
компьютерлік оқыту материалдарының
жеткіліксіз саны
кітапхана қорларының жеткіліксіз саны
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
Мектептердің
заманауи
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялармен
жабдықталуы оқу сабақтарының тиімділігін арттыруға
септігін тигізеді. Білім беру ұйымы басшыларының сауалнама қорытындысы
Қазақстандық зерттеуге қатысушылардың 80% бір компьютерге 1-2 адамнан
келетін мектептерде оқитынын көрсетеді, бұл орайда қатысушылардың
57% ғаламтор желісіне қосылған компьютермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.
Ал, басқа көптеген PISA-2012 халықаралық жобаға қатысушы елдерде
білімгерлердің 95% астамы ғаламторға қол жеткізе алады (4.1.7 сурет).
215
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
4.1.7 сурет. PISA-2012 қатысушылар үлесі/ материалдық ресурстар индексі
ЭЫДҰ
Қазақстан
Вьетнам
Ресей
Сингапур
Австралия
Тайпей
Финляндия
Эстония
Гонконг
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
Сонымен қатар, білімгерлердің білім жетістіктеріне мұғалім-оқушы
қатынасы, мұғалімдердің кәсіби деңгейі, педагогикалық кадр жетіспеуі де
айтарлықтай ықпал етеді. ЭЫДҰ елдерінде 15- жастағы зертеуге қатысушы
білімгерлер мұғалім –оқушы қатынасы бір мұғалімге 13 оқушыны құрайтын
мектептерде оқиды. Осы қатынас бір мұғалімге жиырма бес, немесе одан көп
білімгерлер санымен Мексикада, Бразилияда және Колумбияда құбылып
отырады, Лихтенштейн, Португалия, Люксембург, Грекия, Бельгия, Польша,
Латвия және
Казақстанда
бір мұғалімге
10 білімгерден
кем болып келеді
(
қосымша, 4.1.1 кестесі).
PISA-2012 халықаралық зерттеуінің сауалнама мәліметтерін талдау,
әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен білімгерлер оқитын мектептерде
бір мұғалімге аз білімгер саны келетінін көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық
мәртебесі жоғары білімгерлер көбірек оқитын білім беру ұйымдарында кері
жағдай байқалады. Осы орайда, білімгерлердің көбі жағымды әлеуметтік-
экономикалық мәртебеге ие мектептерде
кәсіби санаты жоғары
мұғалімдердің
саны басым болып келеді. Бұл байланыс статистикалық тұрғыдан күштірек.
216
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
Халықаралық емтихан сұрақтарының табысты орындалуы
мұғалімдердің
кәсіби деңгейіне
тікелей байланысты. Жоғары білімі мен кәсіби санаты бар
мұғалімдер үлесі неғұрлым көп болса, білімгерлердің нәтижесі де соғұрлым
жақсырақ болады. Халықаралық бағалаудың нәтижелерін салыстырмалы
талдау көрсеткеніндей, білім беру ұйымы мұғалімдерінің жоғары кәсіби
деңгейі білімгерлердің жақсы табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік туғызып
отыр.
Шанхайда, Сингапурде, Гонконгта, Кореяда, Норвегияда, Жапонияда,
Ирландияда, Францияда, АҚШ пен Ресей Федерациясында 95% астам зерттеуге
қатысушы білімгерлер әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы мектептерде
және кәсіби деңгейі жоғары мұғалімдерден білім алуда.
Қазақстандағы жағдайы жақсы және жағдайы нашар мектептерде
жоғары білімі бар мұғалімдердің үлесі 85% және сәйкесінше 79% құрайды. Бұл
ЭЫДҰ елдері арасында жоғары көрсеткіш болып табылады, бірақ
көшбасшылық орындарда тұрған елдермен салыстырмалы емес (4.1.8 сурет).
4.1.8 сурет. PISA-2012 қатысушылар үлесі/
кәсіби деңгейі жоғары мұғалімдер
ЭЫДҰ
Қазақстан
Ресей
АҚШ
Жапония
Жағдайы жақсы мектептерде кәсіби деңгейі жоғары мұғалімдерден білім
алатын
PISA-2012
қатысушыларының үлесі
Жағдайы нашар мектептерде кәсіби деңгейі жоғары мұғалімдерден білім
алатын
PISA-2012
қатысушыларының үлесі
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
217
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
Педагогикалық кадрлар тапшылығы.
Сауалнамада білім беру ұйымының
басшыларына кадрлық әлеует туралы сұрақ қойылған болатын. Осы
ақпараттың негізінде
мұғалімдер тапшылығының индексі
құрылған. Индекстің
мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым педагогикалық кадрлардың
тапшылығы да жоғары болғаны. Респонденттердің жауаптары мектеп
директорлары мектепті қаншалықты кадр ресурстарымен қамтамасыз ете
алатындығын анықтау үшін қолданылуы мүмкін.
Люксембургте,
Жорданияда,
Тайландта,
Туркияда
40%
астам
білімгерлердің оқуына мұғалімнің жеткіліксіз саны кедергі келтіреді, осы
көрсеткіш халықаралық орташадан жоғары болып табылады (16%). Польшада,
Болгарияда, Португалияда, Испанияда, Словенияда, Литвада, Венгрияда осы
көрсеткіш 4% кемді құрайды.
Қазақстанда 15-жастағы зерттеуге қатысушылардың 31% жаратылыстану
ғылымдары пәндері бойынша, математикадан- 32%, тілден -20% және басқа
пәндерден-35% кәсіби деңгейі жоғары мұғалім тапшылығы бар мектептерде
білім алады (4.1.9 сурет).
4.1.9 сурет. PISA-2012 қатысушылар үлесі/ педагогтар тапшылығының үлесі
Математика мұғалімі
Тіл бойынша мұғалім
Жаратылыстану бойынша мұғалім
Басқа пәндер бойынша мұғалімдер
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
218
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
Халықаралық
сарапшылар
білім
беру
ұйымы
тиімділігінің
көрсеткіштеріндегі кейбір айырмашылықтарды оның
орналасқан жерімен
түсіндіреді. Үлкен елді мекендерде білімгерлердің оқыту ресурстарына
қолжетімдігі көбірек. Алыста орналасқан аудандарда білімгерлердің өз
әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктері шектеулі болып келеді. Түрлі елді
мекендердегі білімгерлер көрсеткіштеріндегі аражік себебі, мектептер
орналасқан аудандардағы түрлі әлеуметтік-экономикалық тұрғыға байланысты
болып табылады.
PISA-2012 нәтижелерін талдау, көптеген ЭЫДҰ елдерінде зерттеуге
қатысушы қала мектептерінің білімгерлері, ауылдық жерде тұратын
құрдастарына қарағанда сауаттылықтың жоғары көрсеткіштерін бергенін
көрсетеді. Олардың көрсеткіштері арасындағы айырмашылық 35 ұпайды
құрады, ол бір жылдық оқуға сәйкес келеді.
Білімгерлер мектептің орналасқан жеріне қарамастан Шанхай, Сингапур,
Гонконг, Тайпей, Вьетнам, Макао, Корея, Жапония, Лихтенштейн, Польша,
Швейцария, Эстония, Германия, Нидерланд, Финляндия, Канада, Австрия және
Чех Республикасында халықаралық тәуелсіз тестілеу қорытындылары
бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен. Казақстанда 43% қала мектептері
ауыл мектептеріне қарағанда 23 ұпайға артық нәтиже көрсеткен (4.1.4 кестесі).
4.1.4 кестесі. Казақстан: PISA-2012 қатысушылардың нәтижелері / елді мекен
Елді мекен
Білімгерлер, %
Математика,ұпай
Мегаполис
43
420
Қала
24
428
Ауыл
33
443
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
219
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
Білім беру ұйымдары мен зерттеуге қатысушы мектеп іші арасындағы
халықаралық бағалау көрсеткіші айырмашылығының себебін қарастырған
маңызды. Мектеп ішіндегі көрсеткіштер айырмашылығын түрлі білімгерлердің
түрлі қабілеті, сабаққа түрлі көзқарасы болуы мүмкіндігімен және олардың
сабаққа күш салу, немесе салмауымен түсіндіруге болады. Мектептер
арасындағы көрсеткіштер айырмашылығы түрлі білім беру әдістерін қолдану
мен мектептің басқаша ұйымдастырушылық сипаттамасымен байланысты
болуы мүмкін.
PISA-2012 мәліметтеріне сүйене отырып, білімгерлер сауаттылығының
көрсеткіштері жүйе ішінде де, сондай ақ мектептер арасында да қаншалықты
ауытқымалы екендігінің деңгейі айқындалды. ЭЫДҰ елдерінде білімгерлер
жетістіктерінің 37% айырмашылығы мектептер арасында және 63% мектептер
ішінде байқалады. Қытай Тайпейі, Нидерланд, Лихтенштейн, Венгрия, Бельгия,
Түркия
елдерінде
білімгерлердің
жетістіктеріндегі
мектепаралық
айырмашылық 60% (4.1.10 сурет).
4.1.10 сурет. PISA-2012 айырмашылықтар көрсеткіші, %
Тайпей
Түркия
Қазақстан
ЭЫДҰ
Мектептер арасындағы жетістіктер
айырмашылығы
Мектеп ішіндегі жетістіктер
айырмашылығы
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері»
220
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
Қазақстанда
халықаралық
зерттеуге
қатысқан
білімгерлердің
жетістіктеріндегі айырмашылықтың 30% мектепаралық деңгейге, ал 3%
мектеп ішіндегі деңгейге келеді. «Математикалық сауаттылық» бағыты
бойынша тест тапсырмаларын орындау табыстылығындағы айырмашылық
мектепаралық деңгейде 45 бағалау ұпайын, ал мектеп ішінде 15 ұпайды
құрады.
Білім беруге шыққан шығын -
мемлекет пен қоғамның азаматтардың
білім алуына көңіл бөлу деңгейін көрсететін қоғамдық дамудың басты
көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Білім беруге салынған инвестиция
елдегі адам капиталын арттырудың маңызды тәсілі болуымен қатар, олардың
өзіндік құндылықтары да бар, себебі білім беру адамның дүниетанымын
кеңейтіп, олардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына, олардың жақсы жағдайы
мен салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік туғызады.
1
ЭЫДҰ «PISA-2012 нәтижелері» Халықаралық есебінің мәліметтері
бойынша көптеген ЭЫДҰ қатысушы елдерінің соңғы жылдары білім беру
саласына жұмсаған шығыны артқан. 2001 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта
бастауыш, орта және жоғары білім саласына ЭЫДҰ елдерінің жұмсаған шығыны
1 білімгерге шаққанда 29% өскен.
Бір қарағанда, PISA нәтижелері, табысы жоғары елдер (адам басына
шаққандағы ЖІӨ 20 000 АҚШ долларынан жоғары) мен білім беру саласына
көп қаржы жұмсайтын елдер білімгерлердің жоғары үлгерім деңгейіне ие
сияқты болып көрінеді. Табысы жоғары елдер білім беру жүйесіне жұмсайтын
көп ресурстарға ие: орташа есеппен 6 жастан 15 жасқа дейінгі әрбір білімгерге
89 337 АҚШ долларынан келеді. Табысы төмен елдер білім беру саласына
орташа есеппен 25 286 АҚШ долларын жұмсайды. Сонымен қатар, табысы
жоғары елдердің математикадан нәтижелері, адам басына шаққандағы
221
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
ЖІӨ 20 000 АҚШ долларынан төмен елдерге қарағанда, 70 ұпайға артық.
Дегенмен, табысы жоғары көптеген ЭЫДҰ елдерінде осы жағдай байқалмайды.
Мүмкін осы елдер тобы үшін білімгерлердің үлгеріміне басқа факторлар әсер
ететін шығар.
Ресурстар
қандай
тәсілмен
бөлінетініне
байланысты,
оларды
инфрақұрылымға, мұғалімдер жалақысына, білімгерлердің тамақтануына және
басқа да шығындар бабына салуға болады. 6 жастан 15 жасқа дейінгі бір
білімгердің оқытылуына жұмсалатын жалпы шығын Норвегия, Швейцария,
АҚШ, Люксембург, Австрия және Дания елдерінде 100 000 АҚШ долларынан
асады (сатып алу паритетін ескергенде). Керісінше, Туркия, Мексика және
ЭЫДҰ серіктес елдері Вьетнам, Жордания, Перу, Тайланд, Малайзия,
Уругвай, Колумбия, Тунис және Черногория елдерінде осы оқыту кезеңінде бір
білімгерге жұмсалатын шығын 25 000 АҚШ долларынан төмен. Қазақстанда
6 жастан 15 жасқа дейінгі бір білімгердің оқытылуына жұмсалатын жалпы
шығын 3 494 АҚШ долларын құрайды (жалпы орта білім – 1507 доллар, ТКБ –
1987 доллар)
1
.
PISA-2012 халықаралық сарапшылары атап өткендей, білім беру жүйелері
соңғы онжылдықта қарқынды дамығанына қарамастан, білім берудегі теңсіздік
көптеген елдер үшін өзекті мәселе болып қалып отыр. «Білім беру жүйесіндегі
құлдыраудың бағасы тым жоғары және өз әлеуетін жүзеге асыра алмаған,
қоғамға біте қайнасып кете алмаған адамдар, қолдауды қажет ететіндіктен,
тұрғындардың осал топтарын қолдауға арналған әлеуметтік жүйе үшін масыл
болады».
Жағымды болашақ үшін білім беру шешуші факторлардың бірі болып
табылатындығын ескере отырып, білім берудегі теңдік қоғамдағы теңдікке де
1
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамыту мен жағдайы туралы Ұлттық баяндама, 2012 жыл
222
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
жетелеуі мүмкін. Білім беру бір әлеуметтік-экономикалық таптан екіншісіне өту
мүмкіндігін айтарлықтай жақсарта алады, сондай ақ келешек ұрпақтың
әлеуметтік және экономикалық мобильді болуын жақсартады.
Кейбір елдерде, білімгерлердің әлеуметтік-экономикалық мәртебесі
оардың жетістік деңгейлерін қатты болжайды, басқа елдерде мұндай қатынас
аса білінбейді. Мысалы, Канада мен Бельгияда орташа ұпай 518 және 515,
бірақ Канадада әлеуметтік-экономикалық мәртебе мен жетістіктер арасындағы
байланыс біршама осал және жетістіктердегі айырмашылықтың әлеуметтік-
экономикалық мәртебеге қатысы жоқ. Тура осындай үрдіс біздің елде де
байқалады. PISA-2012 қатысушы 15-жастағы білімгерлер жетістіктерінің
әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне байланысты болуы халықаралық
орташа көрсеткіштен төмен, ол әділ білім беру жүйесін көрсетеді.
4.2. Оқыту тиімділігі факторлары
PISA зерттеуіндегі келешек өмірдегі табыстылық дәстүрлі түрде
білімгерлердің функционалдық сауаттылығы қалыптасу деңгейімен бағаланады
(математикалық, жаратылыстану ғылымдары және оқу сауатылығы). Мектеп
тәжірибесі функционалдық сауаттылықтың жоғары деңгейі білімгер оқыту
үдерісіне толығымен тартылғанда, олардың зияткерлік және эмоциялық
тұрғыдан оқуға дайындығы болғанда және нәтижеге мақсатталып, өз
жетістігіне сенімді болғанда ғана жүзеге асатынын көрсетеді. PISA зерттеуінде
жасалған тиімді оқыту моделі білімгер табыстылығының үш факторын көрнекі
береді: уәждеме, оқуға тартылу және өзіне деген сенімділігі (4.2.1 сурет).
223
PISA 2012
халықаралық зерттеуінің нәтижелері
PISA - 2012
4.2.1 сурет PISA/
тиімді оқыту моделі
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі «PISA-2012 нәтижелері»
Достарыңызбен бөлісу: |