В. Қайнамаған суы бар стақанның ішкі қабырғаларында ұсақ көпіршіктер
пайда болады.
С. Қайнаған су құйылған стақанның ішкі қабырғаларында ұсақ
көпіршіктер пайда болады.
Жауабы: В.
2-
сұрақ.Судың қайнауы барысында қандай өзгерістер болады?
А. Су қайнағанда газдармен қанығады.
В. Су қайнағанда газдар жойылады.
С. Су қайнағанда ешқандай өзгерістер болмайды.
Жауабы: В.
3-
сұрақ. Қай стақанда қайнаған және қай стақанда қайнамаған су бар
екенін қалай білуге болады? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.
Жауаптың нұсқасы. Кәдімгі су құбырының немесе құдықтың суы бар
стақанның ішкі қабырғаларында ұсақ көпіршіктер пайда болады. Өйткені,
әдетте бөлме температурасы су құбырының немесе құдықтың температурасына
қарағанда жоғарырақ болады, ауаның және басқа еріген газдардың артық
мөлшері үлкейе келе бос күйінде бөлініп шығады. Бұл құбылыс басқа стаканда
байқалмайды, өйткені қайнағанда судағы газдар жойылып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: