13- мысал. Сізге тоттың, сұйық майдың, кофенің, йодтың, сәбіз
шырынының, шие шырынының, еттің дақтарын кетіру қажет делік. Сіздің
қолыңызда бұрыш, тұз, кір жуғыш ұнтақ, ультракүлгін шам, тіс тазалайтын
ұнтақ және бензин бар. 1- тапсырма.Әрбір дақты кетіру үшін сәйкес келетін қажетті керек- жарақтарды 1.3-кестеде көрсетіңіз.
1.3-
кесте – Дақты кетіру жолдары
Дақтар Қажет заттар Дұрыс жауап A.
Тот
1.
Бұрыш
B.
Сұйық май
2.
Тұз
C.
Кофе
3.
Кір жуатын ұнтақ
D.
Йод
4.
Ультракүлгін шам
E.
Сәбіз шырыны
5.
Тіс тазалайтын ұнтақ
F.
Шие шырыны
6.
Бензин
G.
Ет дәмдеуіші
7.
Лимон қышқылы
2- тапсырма. Қаламсаптың сиясынан пайда болған дақ кез келген киімнің
сәнін кетіретіні сөзсіз. Мектеп оқушылары, мұғалімдер қаламсаппен күнде
жұмыс істейді. Жұмыс барысында байқаусызда киімдеріне қаламсаппен сызық
сызып немесе дақ түсіріп алады. Қаламсаптың сиясынан пайда болған дақты
кетірудің қандай жолдарын білесіздер. Өз ұсынысыңызды жазыңыз.
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________