Денсаулыққа пайдалы 5 кеңес
8-
мәтін сұрақтарының сипаттамасы
С
ұра
қт
ар
ды
ң
нөм
ір
і
Сұрақтар типтері
Мәнмәтін
Құзыреттілік
К
өп
т
аң
дау
ды
қ
аж
ет
ет
ет
ін
с
ұр
ақ
та
р
Қ
ы
сқа
жа
уа
пт
ы
қа
ж
ет
ет
ет
ін
с
ұр
ақ
та
р
Ө
зі
нд
ік
Ө
зі
нд
ік
К
өп
ш
іл
ік
М
ект
еп
К
әс
іб
и
А
қп
ар
ат
ты
із
де
у
ж
ән
е
та
бу
Ө
зі
нд
ік
Тұ
ж
ы
ры
мд
ау
1
+
+
+
2
+
+
+
3
+
*
+
4
+
+
+
5
+
+
+
№8-мәтін
1.
Көз – адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін
энергиясы. Сондықтан көзді сақтау қажет. Компьютердің алдында ұзақ уақыт
отырмаңыз. Күн көзіне қарсы киетін көзілдірігіңізді міндетті түрде тексеріп
алыңыз. Өйткені оның да кері әсері көп. Ең бастысы дұрыс тамақтаныңыз.
Біздің көру клеткаларымызға лосось, скумбрия, тунец, анчоус сынды
балықтардың құрамындағы майлы қышқылдар өте пайдалы. Көздің көруін сәбіз
де жақсартады. Өйткені оның құрамында көзге мол әсерін тигізетін лютеин мен
бета-каротин бар. Сол сияқты күнделікті миндаль жеп тұрсаңыз, Е дәруменімен
құнарланасыз, катарактадан сақтанасыз.
101
2.
Асқазан-ішек жолдарының біздің өміріміздегі маңыздылығын сөзбен
айтып жеткізу қиын. Дұрыс жұмыс істейтін асқазан әдемі тері, дені сау шаш,
белсенді зат алмасудың кепілі. Сондықтан, әрбір адамның күнделікті рационы
пайдалы тағамдардан құралуы керек. Фаст-фуд, жартылай фабрикат сынды
«асқазан жауларын» рационнан өшіріп тастауға тырысыңыз. Ас қорыту
жұмысын жақсартқыңыз келсе, күніне тым болмағанда 4-5 шақырым жаяу
жүріңіз. Газдалмаған суды көп ішіңіз, жиі ішілген су тағамдардың тез сіңуіне
жол ашады. Тамақ жеп отырып сөйлеуден аулақ болыңыз. Жүріп бара жатып
тамақ жемеңіз. Компьютер не теледидар алдында тамақ жеуге болмайды.
Қышқыл сүтті өнімдер мен көкөністерді, жемістерді барынша көп пайдалануға
тырысыңыз. Бұл өнімдер тез қорытылып қана қоймай, құрамындағы
дәрумендері және пайдалы заттары сізге энергия, көтеріңкі көңіл-күй
сыйлайды.
3.
Тіс – адамның ең жанды жері. Тісті күніне екі рет жуып тұрған абзал.
Таңертеңгісін, кешке астан соң, ұйқы алдында. Себебі астан кейінгі қалдықтар
тіс қуыстарында қалып қойған, тістің шіруіне алып келеді. Тіс ауруы – күтпеген
кезде келетін қонақ. Ауруға қарсы көмекшілердің бірі – шүйгіншөп тұнбасы
мен камфор спирті. Осы тұнбалардың біріне шайылған мақтаны тісіңізге
бассаңыз, ауруды тежейді. Сондай-ақ, ауруды бәсеңдетуге орамалға қапталған
мұз кесектерін бетіңізге басу көмектеседі. 5-6 тамшы йод пен 1 қасық тұзды
алып, оны 1 стақан суда ерітіп, ауру тісіңізді шайыңыз. Тіс ауруына қарсы
сарымсақ, пияз және тұз көмектеседі. Бұл тағамдарды уатып, тіске басу арқылы
аурудан арыла аласыз. Мақта тығынын самырсын майында жібітіп, ауырған
тісіңізге немесе қызыл иекке 10-15 минут басып, 1,5-2 сағаттан соң тағы бір рет
қайталасаңыз, нәтижесін көресіз.
4. «
Еңсені тік ұстау» туралы ой ұмытылып кетпеуін қадағалау керек. Кей
адамдар ұмытпау үшін көрінетін жерге осы сөзді қағазға жазып, іліп қояды.
Сымбатты түзеуге арналған жаттығулыр: Жаяу көп жүріңіз. Иықты айналдыра
көп жаттығу жасаңыз. Дененің бар бөлігі қатысатын жаттығу жасаңыз. Иогамен
айналысыңыз. Бой қисая бастаса, төбеңізде шар тартып тұр деп елестетіңіз.
Басыңызға кітап қойып жүріңіз. Өзіңізді сән моделі санаңыз. Тұрған кезде
салмақ табанның әр бөлігіне бірдей түсуі тиіс. Қарынды ішке тартыңыз. Анда-
санда қабырғаға сүйеніп, түзуленіп тұрыңыз.
5.
Естеріңізде болсын! Егер сіз жоқ дегенде он минут күлсеңіз, ағылшын
психологтарының айтуы бойынша, сіздің ұйқыңыз тынышталып, санаңыз
серігіп, жігеріңіз артады. Егер өлең айтқанды ұнататын болсаңыз және де
өлеңді күнде айтсаңыз, онда өміріңіз әлдеқайда ұзарады. Зерттеулер көрсетіліп
отырғандай ән салу тек қана кеуде бұлшық еттерін ғана дамытып
қоймайды,сонымен қатар жүрек бұлшық еттерін де нығайтады. Өмірге
қуанышпен қараңыз. Оптимист болуға тырысыңыз. Қорқыныш сезімін жеңуге
тырысыңыз.
Өзіңізбен
өзіңіз
жеке
болуға
уақыт
табыңыз.
Айналадығыларыңыздың сізден тым көп нәрсе талап етуін болдырмаңыз.
Өзіңізге ұнамайтын нәрсені ұнайтындай кейіп танытпаңыз. «Бұл менің
102
қолымнан келмейді» деген сөзді сирек айтуға тырсыңыз. Дене сымбатыңызға
көңіл бөліңіз [18].
Тапсырмалар:
1-
сұрақ.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қай кеңестен бастаған жөн?
Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.
2-
сұрақ.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығына
байланысты айтылған ойға қатысты бір сөйлем жазыңыз.
3-
сұрақ. Бірінші, екінші, үшінші кеңестен адам ағзасына зиянын тигізетін
ақпараты бар үш сөйлем жазыңыз.
4-
сұрақ. Бесінші кеңеске сәйкес, стресс жағдайында ең алдымен қандай
ұстанымда болу қажет? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.
5-
сұрақ.
Мына сурет қай кеңеске сәйкес келеді (3.9-сурет)? Кеңестің нөмірін
жазыңыз.
3.9-
сурет – 8-мәтіннің тапсырмасы
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар
1-
тапсырма
1.
Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.
2. Әр сөйлемді түсініп, зерделеңіз.
3.
Әрбір кеңесте не туралы айтылады және қандай мәселе көтерілетінін
анықтаңыз.
4. Сөйлемдердің мәнін түсініп, жауабын өз сөзіңізбен жазыңыз.
2-
тапсырма
1.
Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.
2. Жан мен тән саулығына байланысты айтылған сөздің мағынасын
ашатын сөйлемді табыңыз.
103
3. Сөйлемдердің мәнін түсініп, жауабын өз сөзіңізбен жазыңыз.
3-
тапсырма
1.
Тапсырманы мұқият оқыңыз.
2.
Мәтіннен 1,2 және 3 кеңесті тауып, тағы бір оқып шығыңыз.
3. Әр кеңестен адам ағзасына зиянын тигізетін ақпараты бар сөйлемдерді
тауып, жауабын өз сөзіңізбен жазыңыз.
4-
тапсырма
1.
Суретті мұқият қараңыз.
2.
Оның детальдарына (адамның іс-әрекетіне, заттарға)назар аударыңыз.
3.
Оқылған мәтінмен суреттің қандай байланысы бар екені және суреттің
қандай жағдайды бейнелеп тұрғаны туралы ойланыңыз.
4.
Кеңестің нөмірін жазыңыз.
Бағалау кестесі:
Ең жоғары балл – 5
1. 2-
кеңес. Дұрыс тамақтану қажет.
2. Дұрыс тамақтанып, адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден
аулақ болғаны жөн.
3.
Компьютердің алдында ұзақ уақыт отырмаңыз. Фаст-фуд, жартылай
фабрикат сынды «асқазан жауларын» рационнан өшіріп тастауға тырысыңыз.
Астан кейінгі қалдықтар тіс қуыстарында қалып қойған, тістің шіруіне алып
келеді.
4.
Оптимист болуға тырысыңыз.
5. 2-
кеңес.
Достарыңызбен бөлісу: |