16- мысал. Жемсау – йод жетіспеушілігінен болатын ауру. Ол адам
ағзасындағы зат алмасуды басқарушы орталық рөлін атқарады. Сондықтан оны
«денсаулық сақшысы» деп те атайды. Жемсаудың нәтижесінде қалқанша без
ұлғаяды.
1- сұрақ. Неліктен ертеден бері Қытайда жемсау ауруын теңіз омыртқасыздарының (ұлулардың) күлімен емдейді? Жауабы. Теңіз омыртқасыздары, теңіз орамжапырағы йодқа бай.
Сондықтан да ертеден бері Қытайда және Жапонияда жемсаумен
ауыратындарды йодпен емдеп келеді.
2- сұрақ. Адам ағзасына тәулігіне 800 мкг йод қажет (ең төмен көрсеткіш
200 мкг-ға дейін). Осы қажеттілікті өтеу үшін адамдар тәулігіне қанша грамм теңіз орамжапырағын жеулері қажет? 100 г теңіз орамжапырағында
250 мкг йод бар.
Жауабы. Тәулігіне 320 мкг.
Тапсырма. Құрамында йоды бар азық-түліктер ағзадағы йод жетіспеушілігі
проблемасын шеше алады. 1 кг көкөністерде 20-30 мкг, жануарлардың 1 кг
майында және жұмыртқада 35 мкг-ға жуық, балық тағамдары йодқа бай, оның 1
кг-да 100-200 мкг-ға дейін йод болады. Ағзадағы йод қажеттілігін
қанағаттандыру үшін адам тәулігіне қанша балық жеуі қажет?