Pisa-2015 халықаралық зерттеуге дайындықТЫ



Pdf көрінісі
бет95/212
Дата23.02.2022
өлшемі4,99 Mb.
#26196
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   212
86-
есеп. Пайыздық өсім.  
Банкідегі  есепшотқа  25000  тг  салынды.  Бұл  ақшалардың  бір  бөлігін 
пайыздық  өсімі  5%-ды  құрайтын  есепшотқа  салды.  Қалған  бөлігін  пайыздық 
өсімі 4%-ды құрайтын есепшотқа салды. Жыл аяғында 261500 тг алды.  
1-
сұрақ. Пайыздық өсімі 5%-ды құрайтын есепшотқа қанша ақша салды?  
Жауабы: ___________.  
2-
сұрақ.  Егер  барлық  қаражатты  есепшоттардың  біруіне  ғана  салғандағы 
пайданы есептеңдер?  
Жауабы: ___________.  
 
87-
есеп. Таулар.  
2.11-
кестеде  әр  континент  бойынша  ең  биік  таулар  туралы  мәліметтер 
көрсетілген. Осы мәліметтерді қолданып, таулардың биіктіктерін табыңыздар.  
 
2.11-
кесте – Таулардың биіктігі  
 
№  Таудың атауы  Тау орналасқан 
материк  
Мәліметтер  
Биіктігі 

Эверест  
Азия  
 
8852 м 

Аконкагуа  
Оңтүстік 
Америка  
Аконкагуа 
тауының 
биіктігі  Эверест  тауы 
биіктігінің 
79%-ын 
құрайды  
 

Мак-Кингли  
Солтүстік 
Америка  
Аконкагуа 
тауының 
биіктігі 
Мак-Кингли 
тауынан 798 м-ге биік  
 

Килиманджаро  
Африка  
Килиманджаро  тауының 
биіктігі 
Мак-Кингли 
тауынан 199 м-ге аласа.  
 

Эльбрус  
Европа  
 
6642 м 

Винсон 
массивіндегі 
Сентинел жотасы  
Антарктида  
Сентинел 
жотасының 
биіктігі  Аконкагуа  мен 
Эльбрус 
тауларының 
биіктігінің 
айырымын 
13,98 есе арттырғанға тең 
 

Косцюшко  
Австралия  
Косцюшко 
тауының 
биіктігі 
Сентинел 
жотасының 
биіктігінен 
2666 м-ге аласа  
 
 
 
 
77 
 


3 PISA-
2015  халықаралық  зерттеудің  талаптарына  сәйкес  оқу 
сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған дидактикалық материалдар 
мен оқу тапсырмаларын әзірлеу  
 
2009  жылы  PISA  фокусының  бағдарламасына  оқушылардың  оқырмандық 
сауаттылығы  кірген.  Оқу  сауаттылығын  тексеру  барысында  оқушылардың 
жазба мәтіндерді оқуы, олардың рефлексиясын түсінуі, өз мақсаттарына жетуі 
үшін  олардың  мазмұнын, білімін  дамыту  және  қоғам өміріне белсенді  қатысу 
мүмкіндіктерін  пайдалана  білуі  қарастырылады.  Өмірлік  мақсаттарына  жету 
үшін оқығанын пайдалануда түсініктілігі мен біліктілігі бағаланады.  
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, қазақстандық оқушылар мәтінмен жұмыс 
істеуде  өздерінің  құрбыларынан  айтарлықтай  артта  келеді,  оқу  біліктілігі  мен 
дағдыларының  жеткіліксіз  деңгейде  қалыптасуын  көрсетеді  (2009  ж.  65 
қатысушы елдер арасынан – 59 орын, 2012 ж. – 63 орын).  
2009 
жылдан  бастап  PISA  нормаларында  техникалық  дағдылармен  қатар 
оқуға деген позитивті қатынасты қалыптастыруға үлкен назар аударылып отыр. 
«Көп  оқу  –  тілді  жетілдіру  кепілі»  басылымында  «еркін  оқи  білу»  (өз 
қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  оқу)  тілді  дамытуға  жағымды  әсер 
қалыптастыру  мен  оқығанын  түсінуге  әсер  етеді.  Оқушылар  газет-журналдар 
мен  комикстерді  үлкен  қызығушылықпен  оқи  отырып,  өздерінің  сөздік 
қорларын байытады. Ондай мәтіндер өзіндік ерекшелігі бар, заманауи сөздердің 
дереккөздері болып табылады [6].  
Бүгінгі күннің білім саласындағы өзекті болып отырған – функционалдық 
сауаттылықты  арттыру,  оның  ішінде,  әсіресе,  оқу  сауаттылығы,  яғни  кітап 
оқыту мәселесін қолға алған жөн. Өйткені, қазіргі мектеп оқушылары кітапты 
өте аз оқиды. Ресми деректер мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби 
мәтінді дұрыс түсіне алмайтынын айтады [7].  
Оқушының функционалдық сауаттылық дағдысын дұрыс қалыптастырсақ, 
оқушы мәтіннен ақпарат алуда жазу мен оқу дағдысын жеңіл қолданады, оны 
түсінеді,  өзгертеді.  Бұндай  оқушы  түрлі  оқу  әдістерімен  таныс  болады 
(танымдық, түртіп алу, түйіндеу). Мәтінді оқып, түсіну барысында бір әдістен 
екінші әдіске тез және оңай көше алады [8].  
PISA 
зерттеуінің  оқу  сауаттылығы  бойынша  құрастырылған  тест 
тапсырмаларына  тоқталатын  болсақ,  мұнда  әртүрлі  мәтіндер  беріледі.  Бұл 
құрылымы мәтіннің ірі бірліктерін құрайтын көркем мәтіндер негізінде алынған 
«
тұтас мәтіндер». Тұтас мағыналы азат жолдары сатылы құрастырылған және 
оқырманға  мәтіннің  логикалық  құрылымын  түсіну  үшін  тақырыбы, 
тақырыпшалары көрсетіледі.  
«
Тұтас  емес  мәтіндер»  кесте,  графиктер,  диаграмма  сияқты  мәтіннің 
ақпараттық  бірліктерінен  тұратындықтан,  басқа  оқу  дағдыларын  талап  етеді 
(3.1-
сурет). Аралас мәтіндері бірін-бірі толықтырып тұратын сөз  және сөзсіз 
көрсетілген элементтер арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі күні көптеген ақпараттық 
мәтіндер  презентациялық  форматта  (веб-парағы,  журналдар  және  т.б.) 
әзірленеді.  Құрама  мәтіндер  мағына  ғана  емес,  формат  жағынан  да  әртүрлі 
78 
 


мәтіндерден тұрады. Сонымен қатар мұндай мәтіндер өзінің мағыналық жағына 
байланысты  және  ойды  толық  аяқтап,  мәтіннің  диагностикалық  мақсатын 
анықтайды [9].  
Мысалы, PISA-2012 тест тапсырмалары төмендегідей құрастырылды: тұтас 
мәтіндер – 39%, тұтас емес мәтіндер – 30%, аралас – 23%, құрама – 8%.  
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
3.1-
сурет – Мәтінмен жұмыс жасау тәсілдері  
 
PISA 
тестіндегі оқу қызметінің екі маңызды құрамы бар. Олар: «жағдаят» 
пен «мәтін». «Жағдаят» – мәтінге сүйену бағытын қажет ететін, оқу мақсаты 
мен оның мәнмәтіні. Екіншісі «мәтін» – оқуға арналған түрлі форматтағы және 
мағынасы  да  әртүрлі  материалдар.  Тестіге  қатысушы  оқыған  мәтіннің  тек 
мазмұнын айтып берумен шектелмей, ұсынылған мәтін бойынша ізденеді және 
ақпаратты өзінше түсіндіреді. Мәтіннен қажет ақпаратты табумен бағаланады:  
1. Мәтіннен қажет болатын мейлінше көп ақпарат алу;  
2. Мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу;  
3. Мәтіндегі ақпараттарды жіктеу;  
4. Бұрыннан таныс және жаңа ақпараттарға жіктеу;  
5. Терең мазмұнды ақпаратты табу;  
6. Күрделі мәтінді қорытындылау;  
7. Мәтіннен ой түю.  
PISA 
зерттеуі  оқушылардың  оқу  сауаттылығын  тексеру  арқылы  олардың 
жазбаша мәтіндерді түсінуін, қолдануын, анализ жасауын және мақсатқа жету 
үшін қызығушылық танытып, білімін тереңдетуін, ой-өрісін кеңейтіп, қоғамдық 
өмірде белсенділік таныта білуін анықтайды.  
Оқу  сауаттылығын  бағалау  үшін  оқушыларға  мәтіндегі  ұсынылған 
ақпаратты  салыстыру,  автордың  ойын  табу,  жауап  дайындау  барысында  әлем 
туралы жеке түсінігіне сүйене отырып, өз көзқарасын қорғап алу үшін дәлелдер 
табу сияқты тапсырмалар беріледі.  
PISA 
тест тапсырмаларының құрылымы мәтінді толық түсінуге бағыттала 
отырып,  үш  оқырмандық  білікті  және  соған  қатысты  іс-әрекетті  орындауды 
талап  етеді.  Бұл  –  қажетті  ақпаратты  табу,  оны  жалпы  мәтіннің  мәнмәтінінен 
шығарып  алу,  жалпы  түсінгенін  тұжырымдау  және  мәтін  ақпаратының 
мазмұны мен түріне жеке көзқарасын білдіру. Әрбір тест тапсырмасы 15 жасар 
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕР 
Тұтас мәтін  
Тұтас емес мәтін  
Ғылыми мәтіндер  
Публицистикалық  
Жарнамалар, билеттер, 
жұмыс кестелері, 
мұқабалар және т.б.   
79 
 


оқушылар өмірінде кездесетін шынайы оқырмандық мәселе жағдайын құрайды 
(3.2-
сурет) [9].  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.2-
сурет – Оқу сауаттылығы  
 
Оқырмандық  шеберлік  деңгейіне  қарай  PISA  тест  тапсырмалары  ең 
қарапайым  тапсырмадан  тым  күрделі  тапсырмаларға  ауысып  отырады. 
Мысалы,  мәтіннен  ақпаратты  іздеу  және  алу,  еске  түсіру,  қажет  мағыналық 
бірліктерінің саны сияқты факторларды анықтайды. Мәтін ақпаратын кіріктіру 
және  өзінше  түсіндіру  дағдыларын  анықтаудағы  оқырмандық  құзыреттілік 
оқырманның автор ойы мен идеясын байланыстырып біртұтас көрінісін көрсету 
үшін  қажетті  ақпарат  бірлігінің  санымен  анықталады.  Сонымен  бірге  мұндай 
мәтіндердің құрылымы әртекті – оқырман талқыланатын мәселемен неғұрлым 
таныс  емес  жағдайда,  соғұрлым  мәтін  ақпаратының  біртұтас  көрінісін  жасау 
қиын.  Мәтіннің  ақпаратының  мәнін  түсіну  және  бағалау  қиындығының 
деңгейіне  тек  деректерді  салыстыруға  бағытталған  емес,  ұсынылған  ақпарат 
негізінде болжам жасау сұрақтары кіреді.  
Бірінші  тапсырманы  орындау  барысында  (табу  және  алу)  оқырман,  ең 
алдымен,  мәтін  ақпаратының  жеке  үзінділеріне  көңіл  бөледі.  Екінші 
тапсырмасын  орындау  барысында  (өзінше  түсіндіру  және  кіріктіру)  оқырман 
осы  үзінділерді  жүйелейді.  Оқушы  мәтіндегі  ақпаратты  мәтіннен  тыс 
ақпаратпен  арақатынасын  белгілеу  арқылы  мәнін  түсіну  шеберлігін  көрсетуге 
тиіс (3.3- сурет) [9].  
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет