PISA
халықаралық зерттеулері оқушылардың білім жетістіктерін
бағалауды
«математикалық
сауаттылық»,
«жаратылыстану-ғылыми
сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы» бойынша жүргізіледі.
Оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін
оның мазмұнын қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен
мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті.
Математикалық сауаттылығы – өзі өмір сүріп жатқан әлемде математика
рөлін анықтау және түсіну, жасампаз, мүдделі және ойшыл азаматқа тән
дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі таңда және
болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолдана алу қабілеті.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы – нақты жағдайларда ғылыми әдіс
көмегімен шешілетін және зерттелінетін проблемаларды анықтау үшін,
тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін
жаратылыстану білімін қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған
ортаны және оған адам ісімен енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін, сонымен
қоса тиісті шешімдерді қабылдау үшін қажет [3].
Халықаралық зерттеулерге қатысу әр ел үшін білім беру жүйесінің әлемдік
білім беру кеңістігіне кірудің негізгі себебі болып табылады. Яғни
оқушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуы, оқушының өзін-өзі
дамытуды жоғары деңгейде іске асыруы мен қоғам өмірінде өз орынын табу,
өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға
мүмкіндік береді.
2015 жылдың сәуір айында еліміздің 15 жасар оқушылары
PISA-2015
халықаралық зерттеулеріне қатысады.
Оқушыларды халықаралық
PISA-2015 зерттеулеріне дайындау мақсатында
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «
PISA-2015 халықаралық
зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету»
әдістемелік жинағын дайындады. Жинақта жаратылыстану-ғылыми,
математика және оқу сауаттылығын дамыту бойынша берілген тапсырмалар
PISA
халықаралық зерттеулерінің тапсырмалар негізінде әзірленген.
Әдістемелік жинақты жаратылыстану, математика, тіл және әдебиет білім
салалары пәндерінің мұғалімдеріне оқушыларды аталған зерттеуге дайындауда
көмекші құрал ретінде ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: