Сары май – бұл кілегейді былғау арқылы алынған, сүт майының
концентраты.
Сары майдың майлылығы 82,5%-дан кем емес.
Сары майды дайындау үшін кілегей, қаймақ немесе ашыған сүтті
қолданған.
Сары майды таңдау барысында оның сыртқы орамасына көңіл аудару
қажет. Жұқалтырға (фольгаға) оралған май өзінің құрамындағы А дәруменін
жақсы сақтап қалады.
Сары майды мұздатқышта сақтаған жөн. Егер май бөлме
температурасында сақталатын болса, онда оған күн сәулелерінің түспеуі тиіс.
Күн сәулелері түсуі нәтижесінде сары май өзінің құнды қасиеттерін жояды.
Сары майды үстелге арнайы май салатын ыдыста қойған дұрыс.
1-
сұрақ. Сары майдың құрамына қандай заттар кіреді?
А. Түрлі органикалық қышқылдардың күрделі эфирлері.
В. Сүт майы.
С. Бос май қышқылдарының органикалық қышқылдары.
D
. Сары майдың құрамына А, Д, В витаминдері және ақуыздар, т.б.
органикалық заттар.
Жауабы. А. В. С. Д.
2-
сұрақ. Сары май – тез бұзылатын азық. Оны сақтау жолдары туралы
не білесіздер? Өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар.
________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сары майды күнделікті өмірде нанға жағып бутерброд әзірлеу үшін
қолданады, сонымен қатар кейбір тағамдардың дәмін келтіру немесе жеңілдету
(жұмсарту) үшін де қолданады.
3-
сұрақ. Сары майды қандай азық түліктердің дәмін жеңілдету
(жұмсарту) үшін қолданады?
Жауабы. Мысалы,
балықтың, қызыл уылдырықтың.
Кейбір ыстық тағамдардың дәмдік қасиетін жақсарту үшін де сары майды
қолданады.
4-
сұрақ. Сары майды қандай ыстық тағамдарға қосуға болады?
Жауабы. Мысалы, макарондарға, ботқаларға, көкөністерден жасалған рагу
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: