12- есеп. Жер телімінің ауданы.
Периметрі 32 м-ге тең шаршы пішінді жер телімі тіктөртбұрыш пішінді
сегіз бірдей бөлікке бөлінген.
1- сұрақ. Шаршы пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы: ____ .
2- сұрақ. Берілген жер телімінің ауданы қанша?
Жауабы: ____ .
3- сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы: ____ .
4- сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы қанша?
Жауабы: ____ .
5- сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы берілген жер
телімінің ауданына қарағанда қанша кем?
Жауабы: ______ .
13- есеп. Жер телімінің ауданы.
Периметрі 48 м және ұзындығы енінен 3 есе артық тіктөртбұрыш пішінді
жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлу қажет.
1- сұрақ. Берілген жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы: ____ .
2- сұрақ. Егер шыққан жер телімі шаршы пішінді болса, оның өлшемдері
қандай болуы мүмкін? Жауабы: ____ .
3- сұрақ. Егер шыққан жер телімі тіктөртбұрыш пішінді болса, оның
өлшемдері қандай болуы мүмкін? Жауабы: ____ .
4- сұрақ. Берілген жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлудің ең кіші және
ең үлкен саны қандай?
Жауабы: _______ .