11- есеп. Билет бағасы.
Екі ересек және үш баладан тұратын отбасы Астана қаласынан Алматы
қаласына баруға жиналды. Барлығына баруға және кері қайтуға билеттер сатып
алу қажет.
2.1-
кестеде Астана – Алматы қатынасындағы пойыздардың плацкарт
вагонының билет бағасы көрсетілген.
2.1-
кесте – Плацкарт вагонға билеттің бағасы
№ Жол бағыты Жолдағы уақыт Билеттің бағасы Ересектер Балалар 002
Астана – Алматы 2
12
сағ 38 мин
13471 тг
6736 тг
004
Астана – Алматы 2
19
сағ 09 мин
3776 тг
1888 тг
016
Петропавл – Алматы 2
22
сағ 39 мин
3376 тг
1688 тг
010
Астана – Алматы 1
18
сағ 58 мин
3776 тг
1888 тг
043
Костанай – Алматы 1
20
сағ 15 мин
4986 тг
2493 тг
1- сұрақ. Пойыздардың жолына кететін уақыттарын және билеттерінің
бағаларын салыстырыңыздар. Қорытынды жасаңдар.
Жауабы: ____ .
2- сұрақ. Дұрысы қай пойызға билет сатып алу керек? Жауабын
түсіндіріңіздер.
Жауабы: ____ .
3- сұрақ. Пойызбен баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең аз
сомасы қандай?
Жауабы: ____ .
4- сұрақ. Баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең арзан және ең
қымбат бағаның арасындағы айырмашылығы қандай?
Жауабы: ____ .
45