15- есеп. Үшбұрыштың бұрыштары.
АВС үшбұрышының С төбесіндегі бұрыш 64°-қа тең, ал А бұрышымен
сыбайлас бұрыш – 134°.
Сұрақ. АВС бұрышының шамасы қанша?
2.1-
сурет
Жауабы: 70°.
16- есеп. Бұрыштың биссектрисасы.
АВС бұрышы 58°-қа тең. Бұрыштың төбесі арқылы оның биссектрисасына
перпендикуляр MN түзуі жүргізілген.
Сұрақ: MN түзу мен бұрыштың қабырғалары арасындағы бұрыштардың
градустық шамалары неге тең?
Жауабы: 61°.
17- есеп. Бұрыштың биссектрисасы.
КН түзуі АВС бұрышының биссектрисасына перпендикуляр. КН түзуі мен
АВС бұрышының қабырғалары арасындағы бұрыштардың градустық
шамаларының қосындысы 114°-қа тең.
Сұрақ: АВС бұрышының градустық шамасы неге тең?
Жауабы: 66°.