Pisa-2015 халықаралық зерттеуге дайындықТЫ



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата15.03.2017
өлшемі4,99 Mb.
#9929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

 
73-
есеп. Мектеп.  
Олжас мектептен 1км қашықтықта, ал Айгүл – 400 м қашықтықта тұрады. 
Айгүлдің адымы 60 см-ге тең, ал Олжастікі – 75 см. Олжас 10 секундте 12 адым 
жасайды, ал Айгүл – 10 адым.  
1-
сұрақ.  Айгүл  мен  Олжас  мектепке  қандай  жылдамдықпен  барады? 
(Жылдамдықты м/мин. деп көрсетіңіздер).  
А. 36 м/мин и 54 м/мин  
В. 38 м/мин и 54 м/мин  
С. 36 м/мин и 52м/мин  
D. 
36 м/мин и 55 м/мин  
E. 
38 м/мин и 52 м/мин.  
Жауабы: ___________ .  
2-
сұрақ.  Айгүл  мен  Олжас  бір-бірінен  қандай  қашықтықта  тұрулары 
мүмкін?  
А. 600 м  
В. 1400 м  
С. 1400 м немесе 600 м  
D. 600 
м-ден 1400 м-ге дейін  
E. анықтау мүмкін емес.  
Жауабы: ___________.  
3-
сұрақ.  Айгүл  мен  Олжастың  жақындаулары  мүмкін  болатын 
жылдамдықты табыңдар?  
Жауабы: ___________.  
4-
сұрақ.  Егер  үйлерінен  бір  мезгілде  шықса  Айгүл  мен  Олжас  қанша 
уақыттан кейін кездеседі?  
(
Жауабын бүтінге дейін жуықтап, түсіндіріңдер) __________ .  
5-
сұрақ. Егер үйден олар бір мезгілде шығып, Олжас мектепке Айгүлден 
ерте келгісі келсе ол 10 секундте қанша адым жасауы керек?  
(
Жауабын бүтінге дейін жуықтап, түсіндіріңдер) __________ .  
 
74-
есеп.  
MN  және  PQ  түзулері  ABCD  параллелограмын  төрт  параллелограмға 
бөледі  (2.35-сурет).  Егер  APOM,  PBNO,  ONCQ  және  MOQD 
параллелограмдарының преиметрлерінің қосындысы 120 см-ге тең болса, онда 
ABCD параллелограмының периметрі:  
А. 30 см  
В. 60 см  
С. 40 см  
D. 
120 см  
73 
 

 
2.35-
сурет  
Жауабы: Б. 60 см.  
 
75 есеп. Қозғалыс.  
Велосипедші 4 сағат 18 км/с жылдамдықпен жүрді.  
Сұрақ.  Жолды  1  сағатқа  тезірек  жүріп  өту  үшін,  ол  қозғалыс 
жылдамдығын қаншаға арттыруы керек?  
Жауабы: ___________.  
 
76-
есеп. Жас.  
Әкесі  және  баласының  жасын  бірге  қосқанда  –  34  жас,  баласы  мен 
атасының жасын бірге қосқанда – 65 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда – 
85 
жас.  
Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста?  
Жауабы: ___________.  
 
77-
есеп. Жас.  
Егер  газеттің  ашылған    парағының  сол  жақ  беті  он  сегізінші  деп,  ал  оң 
жағы – отыз алтыншы деп нөмірленсе, онда осы газетте неше бет болғаны?  
Жауабы: ___________.  
 
78-
есеп. Қозғалыс.  
Екі пойыз υ
1
=36 км/сағ және υ
2
=54 км/сағ жылдамдықпен бір-біріне қарсы 
жүріп келеді. Бірінші пойыздағы жолаушы екінші пойыздың жандарынан t = 6 с 
уақытта өткенін байқады.  
Сұрақ. Екінші пойыздың ұзындығы қандай?  
Жауабы: ___________.  
 
79-
есеп. Картоптың салмағы.  
Екі бірдей қапта небәрі 84 кг картоп болды. Бірінші қаптан екінші қапқа 
қарағанда  үш  есе  көп  картоп  алынған  кезде,  бірінші  қапта  екінші  қапқа 
қарағанда екі есе аз картоп қалды.  
74 
 

Сұрақ. Әрбір қаптан қанша килограмм картоп алынды?  
Жауабы: ___________.  
 
80-
есеп. Жолаушылар саны.  
Ұшаққа отырғызу кезіндегі тіркеудегі кезекте Қанаттың артында 41 адам 
тұрды. Қанаттың артында 23 адамнан кейін Әл-Құрманәлі кезекте тұр.  
Сұрақ. Егер Әл-Құрманәлінің алдында 19 адам тұрса, онда тіркеу кезегінде 
барлығы неше адам тұрған?  
Жауабы: ___________.  
 
81-
есеп. Кітаптар саны.  
Екі сөреде барлығы 90 кітап бар. Бірінші сөреден екінші сөреге 15 кітапты 
ауыстырып  қойғанда,  бірінші  сөреде  екінші  сөреге  қарағанда  10  кітапқа  кем 
болып қалды.  
Сұрақ. Бастапқыда әр сөреде қанша кітаптан болды?  
Жауабы: ___________.  
 
82-
есеп. Қашықтық.  
Қазыбек  өзінің  бағына  10  ағаш  отырғызбақшы  болды.  Ал  ағасы  Төлеби 
бақтағы ағаштарды 5 қатарға және әр қатарда 4 ағаштан отырғызуды ұсынды.  
Сұрақ. Онда Қазбек ағаштарды қалай орналастыру керек?  
Жауабы: ___________.  
 
83-
есеп. Уақыт.  
Саян  бір  апта  бойы  мектептке  барғанша  және  қайтуға  кететін  уақытты 
өлшеп, нәтижелерін 2.9-кестеге жазып отырды.  
 
2.9-
кесте  
Апта күні 
Дүйсенбі  Сейсенбі  Сәрсенбі 
Бейсенбі  Жұма 
Сенбі  
Мектепке 
дейінгі 
уақыт (минут)  
20 
22 
21 
24 
19 
23 
Мектептен қайтудағы  
уақыт (минут)  
25 
27 
23 
22 
27 
26 
 
Сұрақ. Ол мектепке барғандағы уақытынан қайтуда (орташа) неше минут 
артық жұмсайды?  
Жауабы: ____________.  
 
84-
есеп. Біздің республикамыздың кен орындары.  
Біздің  Республикамыда  160  мұнай  және  газ  кен  орындарына  барлау 
жасалса,  алтын  кен  орындарына  одан  13-ке  артық  жасалған.  Көмір  кен 
орындары алтын кен орындарына қарағанда 73-ке кем.  
1-
сұрақ.  Біздің  Республикамыда  алтын  және  көмір  кен  орындары  қанша? 
Қандай кен орындары көп? Оларды өсу ретімен орналастырыңдар.  
А. мұнай (160), алтын (173), көмір (100).  
75 
 

В. көмір (73) мұнай (160), алтын (170).  
С. алтын (152), мұнай (160), көмір (189).  
D. көмір (100) , мұнай (160), алтын (173).  
Жауабы: ____________.  
2-
сұрақ.  Келесі  деректерді  негізге  ала  отырып  2.10-кестесіндегі 
жетіспейтін деректерді толтырыңдар. Мұнайдың бір кен орны сөткесіне орташа 
есеппен  12  мың  баррель  береді,  ал  2014  жылдың  қараша  айында  мұнайдың 
әлемдік бағасы 1 баррельге 85 S-ды құрады, ал 2015 жылы ақпанның басында 
құлдырау 33%-ды құрады. Егер салық сатылымның 13 %-ын құрайтын болса, 
мемлекеттік бюджетке бөлінген қаржыны есептеп шығарыңыздар.  
 
2.10-
кесте  
 
Компаниялардың 
2014 
жылы 
қарашадағы 
кірістері (30 күн)  
Компаниялардың 
2014 
жылы 
ақпандағы 
кірістері (30 күн)  
Бюджетке кіріс   Шығындар 
пайызбен 
алғанда  
бір  мұнай  кен 
орны  
 
 
 
 
Қазақстанның 
барлық  мұнай 
кен орндары  
 
 
 
 
Жауабы: ____________.  
 
85-
есеп. Қашықтық.  
Мағжан  үйге  велосипедпен  қайтып  келе  жатыр.  Оның  үйінің  жанында 
отырған  ит  Мағжанды  көріп  оған  қарсы  10  м\с  жылдамдықпен  жүгірді. 
Мағжанды орта жолда кездестірген соң қайтадан кері үйге ғарай жүгірді. Сонан 
соң ол тағы қарсы жүгірді де оны жолдың  -де кездестіріп кері бұрылып үйге 
ғарай қайта жүгірді бұл арада ол тура 50 м қашықтықты жүгіріп өтті.  
1-
сұрақ. Ит Мағжанды қандай қашықтықтан көріп қалды?  
А. 98 м  
В. 200 м  
С. 120 м  
D
. 320 м  
Жауабы: ____________.  
2-
сұрақ. Ит барлығы қанша метр жүгірді?  
А. 300 м  
В. 270 м  
С. 400 м  
D. 200 
м  
Жауабы: ____________.  
3-
сұрақ. Ит қанша секунд жүгірді?  
Жауабы: ____________.  
4-
сұрақ. Мағжан мен иттің жылдамдығын салыстырыңдар?  
76 
 

Жауабы: ____________.  
86-
есеп. Пайыздық өсім.  
Банкідегі  есепшотқа  25000  тг  салынды.  Бұл  ақшалардың  бір  бөлігін 
пайыздық  өсімі  5%-ды  құрайтын  есепшотқа  салды.  Қалған  бөлігін  пайыздық 
өсімі 4%-ды құрайтын есепшотқа салды. Жыл аяғында 261500 тг алды.  
1-
сұрақ. Пайыздық өсімі 5%-ды құрайтын есепшотқа қанша ақша салды?  
Жауабы: ___________.  
2-
сұрақ.  Егер  барлық  қаражатты  есепшоттардың  біруіне  ғана  салғандағы 
пайданы есептеңдер?  
Жауабы: ___________.  
 
87-
есеп. Таулар.  
2.11-
кестеде  әр  континент  бойынша  ең  биік  таулар  туралы  мәліметтер 
көрсетілген. Осы мәліметтерді қолданып, таулардың биіктіктерін табыңыздар.  
 
2.11-
кесте – Таулардың биіктігі  
 
№  Таудың атауы  Тау орналасқан 
материк  
Мәліметтер  
Биіктігі 

Эверест  
Азия  
 
8852 м 

Аконкагуа  
Оңтүстік 
Америка  
Аконкагуа 
тауының 
биіктігі  Эверест  тауы 
биіктігінің 
79%-ын 
құрайды  
 

Мак-Кингли  
Солтүстік 
Америка  
Аконкагуа 
тауының 
биіктігі 
Мак-Кингли 
тауынан 798 м-ге биік  
 

Килиманджаро  
Африка  
Килиманджаро  тауының 
биіктігі 
Мак-Кингли 
тауынан 199 м-ге аласа.  
 

Эльбрус  
Европа  
 
6642 м 

Винсон 
массивіндегі 
Сентинел жотасы  
Антарктида  
Сентинел 
жотасының 
биіктігі  Аконкагуа  мен 
Эльбрус 
тауларының 
биіктігінің 
айырымын 
13,98 есе арттырғанға тең 
 

Косцюшко  
Австралия  
Косцюшко 
тауының 
биіктігі 
Сентинел 
жотасының 
биіктігінен 
2666 м-ге аласа  
 
 
 
 
77 
 

3 PISA-
2015  халықаралық  зерттеудің  талаптарына  сәйкес  оқу 
сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған дидактикалық материалдар 
мен оқу тапсырмаларын әзірлеу  
 
2009  жылы  PISA  фокусының  бағдарламасына  оқушылардың  оқырмандық 
сауаттылығы  кірген.  Оқу  сауаттылығын  тексеру  барысында  оқушылардың 
жазба мәтіндерді оқуы, олардың рефлексиясын түсінуі, өз мақсаттарына жетуі 
үшін  олардың  мазмұнын, білімін  дамыту  және  қоғам өміріне белсенді  қатысу 
мүмкіндіктерін  пайдалана  білуі  қарастырылады.  Өмірлік  мақсаттарына  жету 
үшін оқығанын пайдалануда түсініктілігі мен біліктілігі бағаланады.  
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, қазақстандық оқушылар мәтінмен жұмыс 
істеуде  өздерінің  құрбыларынан  айтарлықтай  артта  келеді,  оқу  біліктілігі  мен 
дағдыларының  жеткіліксіз  деңгейде  қалыптасуын  көрсетеді  (2009  ж.  65 
қатысушы елдер арасынан – 59 орын, 2012 ж. – 63 орын).  
2009 
жылдан  бастап  PISA  нормаларында  техникалық  дағдылармен  қатар 
оқуға деген позитивті қатынасты қалыптастыруға үлкен назар аударылып отыр. 
«Көп  оқу  –  тілді  жетілдіру  кепілі»  басылымында  «еркін  оқи  білу»  (өз 
қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  оқу)  тілді  дамытуға  жағымды  әсер 
қалыптастыру  мен  оқығанын  түсінуге  әсер  етеді.  Оқушылар  газет-журналдар 
мен  комикстерді  үлкен  қызығушылықпен  оқи  отырып,  өздерінің  сөздік 
қорларын байытады. Ондай мәтіндер өзіндік ерекшелігі бар, заманауи сөздердің 
дереккөздері болып табылады [6].  
Бүгінгі күннің білім саласындағы өзекті болып отырған – функционалдық 
сауаттылықты  арттыру,  оның  ішінде,  әсіресе,  оқу  сауаттылығы,  яғни  кітап 
оқыту мәселесін қолға алған жөн. Өйткені, қазіргі мектеп оқушылары кітапты 
өте аз оқиды. Ресми деректер мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби 
мәтінді дұрыс түсіне алмайтынын айтады [7].  
Оқушының функционалдық сауаттылық дағдысын дұрыс қалыптастырсақ, 
оқушы мәтіннен ақпарат алуда жазу мен оқу дағдысын жеңіл қолданады, оны 
түсінеді,  өзгертеді.  Бұндай  оқушы  түрлі  оқу  әдістерімен  таныс  болады 
(танымдық, түртіп алу, түйіндеу). Мәтінді оқып, түсіну барысында бір әдістен 
екінші әдіске тез және оңай көше алады [8].  
PISA 
зерттеуінің  оқу  сауаттылығы  бойынша  құрастырылған  тест 
тапсырмаларына  тоқталатын  болсақ,  мұнда  әртүрлі  мәтіндер  беріледі.  Бұл 
құрылымы мәтіннің ірі бірліктерін құрайтын көркем мәтіндер негізінде алынған 
«
тұтас мәтіндер». Тұтас мағыналы азат жолдары сатылы құрастырылған және 
оқырманға  мәтіннің  логикалық  құрылымын  түсіну  үшін  тақырыбы, 
тақырыпшалары көрсетіледі.  
«
Тұтас  емес  мәтіндер»  кесте,  графиктер,  диаграмма  сияқты  мәтіннің 
ақпараттық  бірліктерінен  тұратындықтан,  басқа  оқу  дағдыларын  талап  етеді 
(3.1-
сурет). Аралас мәтіндері бірін-бірі толықтырып тұратын сөз  және сөзсіз 
көрсетілген элементтер арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі күні көптеген ақпараттық 
мәтіндер  презентациялық  форматта  (веб-парағы,  журналдар  және  т.б.) 
әзірленеді.  Құрама  мәтіндер  мағына  ғана  емес,  формат  жағынан  да  әртүрлі 
78 
 

мәтіндерден тұрады. Сонымен қатар мұндай мәтіндер өзінің мағыналық жағына 
байланысты  және  ойды  толық  аяқтап,  мәтіннің  диагностикалық  мақсатын 
анықтайды [9].  
Мысалы, PISA-2012 тест тапсырмалары төмендегідей құрастырылды: тұтас 
мәтіндер – 39%, тұтас емес мәтіндер – 30%, аралас – 23%, құрама – 8%.  
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
3.1-
сурет – Мәтінмен жұмыс жасау тәсілдері  
 
PISA 
тестіндегі оқу қызметінің екі маңызды құрамы бар. Олар: «жағдаят» 
пен «мәтін». «Жағдаят» – мәтінге сүйену бағытын қажет ететін, оқу мақсаты 
мен оның мәнмәтіні. Екіншісі «мәтін» – оқуға арналған түрлі форматтағы және 
мағынасы  да  әртүрлі  материалдар.  Тестіге  қатысушы  оқыған  мәтіннің  тек 
мазмұнын айтып берумен шектелмей, ұсынылған мәтін бойынша ізденеді және 
ақпаратты өзінше түсіндіреді. Мәтіннен қажет ақпаратты табумен бағаланады:  
1. Мәтіннен қажет болатын мейлінше көп ақпарат алу;  
2. Мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу;  
3. Мәтіндегі ақпараттарды жіктеу;  
4. Бұрыннан таныс және жаңа ақпараттарға жіктеу;  
5. Терең мазмұнды ақпаратты табу;  
6. Күрделі мәтінді қорытындылау;  
7. Мәтіннен ой түю.  
PISA 
зерттеуі  оқушылардың  оқу  сауаттылығын  тексеру  арқылы  олардың 
жазбаша мәтіндерді түсінуін, қолдануын, анализ жасауын және мақсатқа жету 
үшін қызығушылық танытып, білімін тереңдетуін, ой-өрісін кеңейтіп, қоғамдық 
өмірде белсенділік таныта білуін анықтайды.  
Оқу  сауаттылығын  бағалау  үшін  оқушыларға  мәтіндегі  ұсынылған 
ақпаратты  салыстыру,  автордың  ойын  табу,  жауап  дайындау  барысында  әлем 
туралы жеке түсінігіне сүйене отырып, өз көзқарасын қорғап алу үшін дәлелдер 
табу сияқты тапсырмалар беріледі.  
PISA 
тест тапсырмаларының құрылымы мәтінді толық түсінуге бағыттала 
отырып,  үш  оқырмандық  білікті  және  соған  қатысты  іс-әрекетті  орындауды 
талап  етеді.  Бұл  –  қажетті  ақпаратты  табу,  оны  жалпы  мәтіннің  мәнмәтінінен 
шығарып  алу,  жалпы  түсінгенін  тұжырымдау  және  мәтін  ақпаратының 
мазмұны мен түріне жеке көзқарасын білдіру. Әрбір тест тапсырмасы 15 жасар 
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДАҒЫ
 
НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕР
 
Тұтас мәтін 
 
Тұтас емес мәтін 
 
Ғылыми
 
мәтіндер 
 
Публицистикалық 
 
Жарнамалар, билеттер, 
жұмыс кестелері, 
мұқабалар және т.б.  
 
79 
 

оқушылар өмірінде кездесетін шынайы оқырмандық мәселе жағдайын құрайды 
(3.2-
сурет) [9].  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.2-
сурет – Оқу сауаттылығы  
 
Оқырмандық  шеберлік  деңгейіне  қарай  PISA  тест  тапсырмалары  ең 
қарапайым  тапсырмадан  тым  күрделі  тапсырмаларға  ауысып  отырады. 
Мысалы,  мәтіннен  ақпаратты  іздеу  және  алу,  еске  түсіру,  қажет  мағыналық 
бірліктерінің саны сияқты факторларды анықтайды. Мәтін ақпаратын кіріктіру 
және  өзінше  түсіндіру  дағдыларын  анықтаудағы  оқырмандық  құзыреттілік 
оқырманның автор ойы мен идеясын байланыстырып біртұтас көрінісін көрсету 
үшін  қажетті  ақпарат  бірлігінің  санымен  анықталады.  Сонымен  бірге  мұндай 
мәтіндердің құрылымы әртекті – оқырман талқыланатын мәселемен неғұрлым 
таныс  емес  жағдайда,  соғұрлым  мәтін  ақпаратының  біртұтас  көрінісін  жасау 
қиын.  Мәтіннің  ақпаратының  мәнін  түсіну  және  бағалау  қиындығының 
деңгейіне  тек  деректерді  салыстыруға  бағытталған  емес,  ұсынылған  ақпарат 
негізінде болжам жасау сұрақтары кіреді.  
Бірінші  тапсырманы  орындау  барысында  (табу  және  алу)  оқырман,  ең 
алдымен,  мәтін  ақпаратының  жеке  үзінділеріне  көңіл  бөледі.  Екінші 
тапсырмасын  орындау  барысында  (өзінше  түсіндіру  және  кіріктіру)  оқырман 
осы  үзінділерді  жүйелейді.  Оқушы  мәтіндегі  ақпаратты  мәтіннен  тыс 
ақпаратпен  арақатынасын  белгілеу  арқылы  мәнін  түсіну  шеберлігін  көрсетуге 
тиіс (3.3- сурет) [9].  
 
 
 
 
 
 
Оқу сауаттылығы 
Мәтіннен тыс, өз біліміне сүйену 
Мәтінге сүйену 
Табу және 
одан алу 
Кіріктіру 
және 
түсіндіру 
Мәтіннің 
мазмұны  
Түсіну 
және 
бағалау 
Мәтіннің 
формасы 
80 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.3-
сурет – Оқырмандық шеберлігі  
 
Жаратылыстану  бағытындағы  PISA  зерттеулерінің  әдісімен  тест 
тапсырмаларын  жоспарлау  кезінде,  ең  алдымен,  оқушының  оқу 
сауаттылығының құзыреттілігін ескеру керек. Олар:  
1. 
Табу және алу:  
-
 
мәтінді көзбен жүгірту;  
-
 
басты элементтерін анықтау;  
-
 
ізденіс аймағын тарылту;  
-
 
қажет ақпаратты айыру.  
2. Түсіндіру және ықпал ету:  
-
 
мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру;  
-
 
мәтіннен автор тезистерін дәлелейтін дәлелдер табу;  
-
 
автор ой түйінінен қорытынды шығару;  
-
 
мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасау.  
3. Зерделеу және бағалау:  
-
 
басқа  ақпарат  көздерінен  алған  біліммен  мәтіннен  алған  ақпаратты 
байланыстыру;  
-
 
әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстыру;  
-
 
автормен  ішкі  диалог  жүргізу:  өз  көзқарастары  мен  автор  көзқарасын 
қорғауда дәлелдер іздеу;  
-
 
оқушының  оқу  сауаттылығы  құзыреттілігін  ескере  отырып,  тест 
тапсырмаларын беру.  
Төмендегі функционалдық сауаттылық ерекшеліктері ескерілген жөн:  
-
 
жаратылыстанудың  негізгі  ерекшеліктерін  адами  таным  мен  зерттеу 
формасы ретінде түсіну қабілеттілігі;  
-
 
жаратылыстану  ғылымдарының  басқа  ғылым  салаларына  әсер  ететіні 
туралы білімді көрсету;  

мәтіннің негізгі 
бөліктерінің мәнін 
тұжырымдау   

мәтінді түсінгенін 
көрсету  
 
 
 
 

ақпаратты жинақтау  

мәтін мен өмірлік 
тәжірибесінің 
арақатынасын белгілеу,  
оның сынап талдауын 
  
 
 
  
  
 

мәтінді түсіну және 
зерделеу   

ақпаратты бағалау, 
оның негізінде болжам 
мен қорытындысын 
шығару  
Табу және алу  
Кіріктіру  және өзінше 
түсіндіру 
 
Мәнін түсіну және 
бағалау 
81 
 

-
 
мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдана алуы, қойылған 
мәселелерді  ғылыми  әдістермен  шешуі,  ақпараттың  түрлі  көздерімен  жұмыс 
жасап, оны сыни тұрғыдан бағалай алуы;  
-
 
эксперимент  тәжірибелер  жасау,  болжамдар  келтіру  және  қолдайтын 
немесе жоққа шығаратын зерттеулер өткізу, айтылған көзқарасқа қарсы шығу 
немесе оны негіздеу.  
PISA 
зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды 
шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:  
1. 
Тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы 
білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру;  
2.  Стандарт  талаптарына  сай  берілген  тапсырмаларды  орындаумен  қатар 
оқушы өмірде қолдана алатын тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу;  
3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге 
асыру  үшін  білім  беруде  сабақтың  құрылымын  өзгерту,  яғни  оқытудың 
белсенді  стратегияларын  қолдану,  оқушының  сабаққа  деген  ынтасын  арттыру 
үшін әр10 минут сайын жағдаятты өзгертіп отыру;  
4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту;  
5. 
Эксперименттік  есептер,  зертханалық  шағын  зерттеу  жұмыстарын 
орындата  отырып,  өзінің  орындаған  жұмысының  дұрыстығына  көз  жеткізу, 
тапсырманы зейін қойып орындауға және өзін-өзі бағалауға үйрету.  
Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін 
қалыптастыруға жол ашылады.  
PISA 
зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастыруда мұғалімнен 
көп еңбек, терең білім, күш-жігер, жан-жақтылық, ізденімпаздық, жаңа ақпарат 
көздерін  мейлінше  тиімді  қолдана  алатын  қажыр-қайрат  талап  етіледі.  Осы 
аталған  маңызды  сипаттар  мұғалімнің  жан-жақты  ізденістегі  шығармашылық 
тұлғасында  тоғысып  және  де  оқу  үрдісінде  ұтымды  қолданылған  жағдайда 
құзыреттілік қалыптастырудың сапалы да өрелі мақсатына жетуге өрісті ықпал 
етпек.  Сонда  ғана  өскелең  ұрпаққа  сапалы  білім  алуына  дұрыс  бағыт-бағдар 
беріліп,  оқушылардың  өмірде  таңдайтын  кәсіби  бағытына  жетуде 
адастырмайтын  жол  ашылады  әрі  елшілдік  ұстанымдағы  зияткерлік  тұлғасын 
қалыптастыруға, айқындауға жол ашылады деп білеміз.  
2015  жылы  РISA  халықаралық  зерттеулері  аясында  оқушылардың 
жаратылыстану  бағытында  оқушының  функционалдық  сауаттылығы 
тексерілетіні  белгілі,  сондықтан  жас  ұрпаққа  теориялық  мәліметтермен  қоса 
әлеуметтік ортада алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатындай деңгейде 
жеткізу – педагогтердің басты міндеті [10].  
 
 
 
 
 
 
 
82 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет