Pisa-2015 халықаралық зерттеуге дайындықТЫ


Оқу  сауаттылығын  бағалау  бойынша  PISA



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата15.03.2017
өлшемі4,99 Mb.
#9929
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Оқу  сауаттылығын  бағалау  бойынша  PISA  зерттеуіне  оқушыларды 
дайындайтын тапсырмалардың үлгілері мен оларды орындауға арналған 
ұсыныстар  
 
Қазақстан  туралы  ең  қызықты  мәліметтер  1-1-мәтін  сұрақтарының 
сипаттамасы  
 
С
ұра
қт
ард
ы
ң н
өм
ірі
  
Сұрақтар типтері  
Мәнмәтін  
Құзыреттілік  
К
өп
 т
аң
дау
ды
 қ
аж
ет
 ет
ет
ін
 
ет
ет
ін
 сұ
рақ
тар
 
Қ
ы
сқ
а 
ж
ау
ап
ты
 қ
аж
ет
 е
тет
ін
 
сұ
рақ
тар
 
Ө
зі
нд
ік
 
Ө
зі
нд
ік
 
К
өп
ші
лі
к 
М
ек
теп
 
К
әсі
би
 
А
қп
ар
ат
ты
 із
деу
 ж
ән
е 
таб
у 
Ө
зі
нд
ік
 
Тұ
ж
ыр
ым
да
у 

 
 


 
 
 
 

 

 

 
 

 
 

 
 

 

 
 

 
 
 
 


 
 


 
 
 
 
 

 
№1-мәтін  
Біз  барлығымыз  Қазақстанның  әр  түкпірінде  тұрамыз.  Бүкіл  елді  аралап 
көру  баршаның  маңдайына  жазылған  бақ  емес.  Ендеше  Әрқайсымыз  өз  туған 
жеріміздің табиғатын, елін, мәдени мұраларын ұлықтайық.  
1.
 
Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады;  
2.
 
Қазақстан мен Ресей шекарасы – әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара 
(7 512,8 шақырым);  
3.
 
Екібастұз  ГРЭС-2  түтін  мұржасы  дүниедегі  ең  биік  мұржа  болып 
саналады;  
4.
 
Қазақстан әлемде уран өндіруден 2005-2006 жылдары үшінші, ал 2009 
жылы бірінші орынға шықты (13500 тонна);  
5.
 
Қазақстан  Республикасы  жер  көлемі  жөнінен  дүниеде  тоғызыншы, 
мұхитпен  шектеспейтін  елдердің  арасында  бірінші  орынды  алады;  бірінші 
ондыққа кіретін мемлекеттер: Ресей, Канада, ҚХР, АҚШ, Бразилия, Австралия, 
Үндістан, Аргентина, Қазақстан, Судан.  
6.
 
Қазақстан – қызғалдақ пен Алманың отаны;  
7.
 
Жылқы алғаш рет Қазақстан аймағында қолға үйретілген;  
8.
 
Медеу  –  таудың  ең  биік  бөктерінде  орналасқан  мұз  айдыны.  Қазіргі 
уақытта  Медеу  қысқы  спорт  түрі  бойынша  көлемі  жағынан  ең үлкен  және  ең 
биікте  (10,5  мың  м
2
)  орналасқан  мұз  алаңы  болып  саналады.  Таудың  биік 
жартастары  –  әлемдік  рекордты  жаңарту  үшін  өте  қолайлы  жер.  Медеу  мұз 
айдынында 170 әлемдік рекорд орнатылған.  
83 
 

9.
 
Жердің  алғашқы  жасанды  серігімен  (Спутник-1)  бірінші  ғарышкер 
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.  
10.
 
Байқоңыр  –  әлемдегі  бірінші  және  ең  үлкен  ғарыш  айлағы.  Ол 
Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда табан тіреген. Көлемі 6717 
шаршы шақырым.  
11.
 
Орыс  тілінің  «деньги»  сөзі  Қазақстан елінің  қазіргі  валютасы  «теңге» 
сөзінен шыққан.  
12.
 
1968 жылы ақпанның жиырмасы күні Қазақ ССР темір жолы салмағы 
43,4  мың  тонна,  ал  ұзындығы  6,5  шақырым  болатын  440  вагонымен  әлемдік 
рекордты жаңартқан.  
13.
 
Көктөбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, онда 
ол дүниежүзіндегі ең биігі болып есептеледі.  
14.
 
Ұлы  Отан  Соғысы  кезінде  майданға  жіберілетін  әр  оқтың  үшіншісі 
қазақстандық қорғасын өндіретін зауыттарда жасалған [11].  
 
Тапсырмалар:  
1-
сұрақ.  
Өзің  үшін  қандай  ерекше  қызықты  мәлімет  алдың?  Жауабыңызды  бір 
сөйлеммен жазыңыз.  
2-
сұрақ.  
Қай  мәліметте  рекорд  жаңарту  туралы  айтылған?  Мәліметтің  нөмірін 
жазыңыз.  
3-
сұрақ.  
Екінші  және  бесінші  мәліметтерге  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  жер 
көлемі  жөнінен  әлемде  мұхитпен  шектеспейтін  елдердің  арасында  нешінші 
орында тұр? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.  
4-
сұрақ.  
Мына  сурет  (3.4-сурет)  қай  мәліметке  сәйкес  келеді?  Мәліметтің  нөмірін 
жазыңыз.  
 
 
3.4-
сурет  
84 
 

Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:  
 
1-
тапсырма  
1.
 
Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.  
2.
 
Мәтіннің тақырыбына зейін аударыңыз.  
3.
 
Кіріспедегі «ұлықтайық» деген сөзге назар аударыңыз.  
4.
 
Бір сөйлеммен жауап беріңіз.  
2-
тапсырма  
1.
 
Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.  
2.
 
Мәтіннен санға қатысты мәліметтерге назар аударыңыз.  
3.
 
Әлемдік рекордты орнатуға қолайлы жерге мән беріңіз?  
4.
 
Реттік нөмірін жазыңыз.  
3-
тапсырма  
1.
 
Тапсырманы мұқият оқыңыз.  
2.
 
Мәтіннен 2 және 5-мәліметтерді тағы бір оқып шығыңыз.  
3.
 
2 және 5-мәліметтердегі микротақырыптарды белгілеңіз.  
4.
 
Жауабыңызды бір сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз.  
4-
тапсырма  
1.
 
Суретті мұқият қараңыз.  
2.
 
Оның детальдарына назар аударыңыз.  
3.
 
Оқылған мәтін мен суреттің қандай байланысы бар екенін ойланыңыз.  
4.
 
Мәліметтің нөмірін жазыңыз.  
Бағалау кестесі.  
Ең жоғары балл – 4.  
1.
 
Жауапта кем дегенде келесілердің біреуі ескерілген:  
-
 
Отанын сүю;  
-
 
Отанын ұлықтау.  
2.
 
8-
кеңес.  
3.
 
Дұрыс жауапта айтылатын мағына: бірінші орында тұр.  
4.
 
Үшінші мәлімет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
85 
 

Арал теңізі  
 
2-
мәтін сұрақтарының сипаттамасы  
 
С
ұра
қт
ар
ды
ң 
нөм
ір
і 
Сұрақтар типтері 
Мәнмәтін 
Құзыреттілік 
К
өп
 т
аң
да
уд
ы
 қа
же
те
те
ті
н 
сұ
ра
қт
ар
 
Қ
ы
сқа
 жа
уа
пт
ы
 қа
ж
ет
 
ет
ет
ін
 с
ұр
ақ
та
р 
Ө
зі
нд
ік
 
Ө
зі
нд
ік
 
К
өп
ш
іл
ік
 
М
ект
еп
 
К
әс
іб
и 
А
қп
ар
ат
ты
 із
де
у 
ж
ән
е 
та
бу
 
Ө
зі
нд
ік
 
Тұ
ж
ы
ры
мд
ау
 


 
 
 

 
 

 
 

 

 
 

 
 
 

 

 

 
 

 
 
 
 


 
 

 

 
 
 
 

 
№2-мәтін  
 
5-
суретте  Арал  теңізінің  ауданы  көрсетілген.  Арал  теңізі  Қазақстан  мен 
Өзбекстан  шекарасында  орналасқан.  Теңіз  ХХ  ғасырда  ауданы  жағынан 
(68 
мың  км
2
)  әлемде  төртінші  орында  болған  болатын,  бірақ  1960  жылдардан 
бастап теңіздің суы азайып келеді.  
 
 
3.5-
сурет – Арал теңізінің ауданы  
86 
 

Арал  теңізі  –  Қазақстанның  інжу-маржаны,  шөл  белдеміндегі  бірден-бір 
көгілдір  су  айдыны  еді.  Оның  апатқа  ұшырағанға  дейінгі  көлемі  –  1066  км³, 
тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған.  
Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары 
екі  есеге  қысқарды.  Нәтижесінде,  Арал  теңізінің  деңгейі  23  метрге  дейін 
төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 
40 пайызға дейін артты (3.6
-
сурет)
.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.6-
сурет – Арал теңізінің ғарыштан түсірілген суреті  
 
Тапсырмалар:  
1-
сұрақ.  
2007 жылы Арал теңізінің ауданы қанша км
2
 
болған?  
А. 15 мыңға жуық.  
В. 20 мыңға жуық.  
С. 50 мыңға жуық.  
Д. Түгелімен жоғалып кеткен.  
Е. Ондай ақпарат жоқ.  
 
2-
сұрақ.  
Арал  теңізінің  ауданы  шамамен  қай  жылдары  бірдей  көлемде  болғанын 
анықтаңыз?  
 
3-
сұрақ.  
Автор не себепті 2-сұрақтағы жылдарды ерекше көрсетіп отыр?  
 
4-
сұрақ.  
Арал  теңізінің  болашағы  туралы  бір  сөйлеммен  ойыңызды 
қорытындылаңыз (3.6-сурет).  
 
5-
сұрақ.  
Арал теңізі апатқа ұшырағаннан кейін тұздылығы қанша пайыз болды?  
Арал теңізі ғарыштан 
Тамыз 1985  
Арал теңізі ғарыштан 
Тамыз 1997  
Арал теңізі ғарыштан 
Тамыз 2009  
87 
 

А) 10-12% 
 
В) 5-10% 
 
С) 15-20% 
 
Д) 25-30% 
 
Е) 50-52% 
 
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:  
 
1.
 
1-
суретке мұқият қараңыз.  
2.
 
1-
суреттен қажетті ақпаратты алыңыз.  
3.
 
Екінші сұрақтың жауабына мұқият назар аударыңыз.  
4.
 
2-
суреттің қандай жағдайда бейнеленіп тұрғаны туралы ойланыңыз.  
5.
 
Мәтінді мұқият оқыңыз.  
Бағалау кестесі.  
Ең жоғары балл – 5.  
 
1.
 
14 
183  км
2
 
(оқушының  10 000  км

және  15 000  км
2
 
жауабы 
қабылданады).  
2.
 
2007 және 2010 жылдары бірдей көлемде болған (2007 жылы – 14 183 
км
2
; 2010 жылы – 13 900 км
2
).  
3.
 
Арал  теңізінің  ауданы  2008  жылы  төмендеп  (10 579  км
2
)  2007  және 
2010 жылдары шамамен теңескен болатын.  
4.
 
Барлық  мәліметтер теңіз осы жылдамдықпен  тартыла берсе,  Аралдың 
орнында шөл (сахара) пайда болатынын көрсетеді.  
5.
 
Апатқа  ұшырағанға  дейін  тұздылығы  10-12%  болған,  апатқа 
ұшырағаннан кейін 40 пайызға дейін артты, демек 50-52%.  
 
Пластик шөлмектердің пайдасы мен зияны  
 
3-
мәтін сұрақтарының сипаттамасы  
 
С
ұра
қт
ард
ы
ң н
өм
ірі
 
Сұрақтар типтері  
Мәнмәтін  
Құзыреттілік  
К
өп
 т
аң
дау
ды
 қ
аж
ет
 ет
ет
ін
 
сұ
рақ
тар
 
Қ
ы
сқ
а 
ж
ау
ап
ты
 қ
аж
ет
 е
тет
ін
 
сұ
рақ
тар
 
Ө
зі
нд
ік
 
Ө
зі
нд
ік
 
К
өп
ші
лі
к 
М
ек
теп
 
К
әсі
би
 
А
қп
ар
ат
ты
 із
деу
 ж
ән
е 
таб
у 
Ө
зі
нд
ік
 
Тұ
ж
ыр
ым
да
у 

 

 

 
 
 

 
 

 

 
 

 
 
 

 

 

 
 

 
 

 
 

 
 

 

 
 
 
 

88 
 

№3-мәтін  
 
Қазіргі  кезде  миллиондаған  шөлмек  өндіріліп,  лақтырылып  жатыр; 
кішкентай  қалалардың  өзінде  айына  20  тоннаға  жуық  пластик  шөлмектер 
лақтырылады екен; Қазақстанда қазіргі уақытта 100 млн тонна тұрмыстық және 
25 млрд. тонна өндірістік қалдықтар құралған. Жыл сайын 600 млн. тонна жаңа 
қоқыстар қосылып жатыр. Бұл қоқыстардың тек төрттен бір бөлігі ғана қайта 
өңдеуге жіберіледі екен.  
Қағаз жер астында – 1 айда шіриді екен, банан қабықшасы – 6 айда, жүн – 
1 жылда, ағаш – 13 жыл, консерв банкісі – 100 жыл, пластик шөлмек – 500-ден 
1000 жылға дейін, ал шыны шөлмектің шіруіне 1 миллион жыл керек екен.  
Біз пластик шөлмектердің ұзақ шіритіндігіне көз жеткізгіміз келді. Әрине, 
біз  500  жыл  күте  алмаймыз,  бірақ  бұл  ақпараттарды  химия  ғылымының 
арқасында тексереміз.  
Пластик  шөлмегінің  қиығын,  атлас  лентасын,  шардың  кесіндісін  және 
қағазды  біз  бөлек-бөлек  күкірт  қышқылына  және  натрий  гидроксидіне  салып, 
апта  бойы  нәтижелерін  бақыладық.  Тәжірибені  бастаған  соң  біз  атлас 
лентасының  күкірт  қышқылында  ірігенін  байқадық.  Бір  аптадан  соң  күкірт 
қышқылындағы  лентадан  ұсақ  түйірлер  қалыпты,  ал  қағазды  араластырып 
қарағанда  ұсақ  бөліктерге  шашылды.  Натрий  гидроксидінде  атлас  лентада, 
қағаз  да  күйіп,  ұнтаққа  айналды.  Ал  пластик  те,  резина  шар  да өзгерген  жоқ. 
Жасаған  тәжірибеміз  пластик  шөлмек  те,  резина  да  тіпті  химиялық 
реактивтердің әсеріне күйремегенін дәлелдейді. Демек, олар жерге түскенде, еш 
шірімей, тек қана жерді ластайтын болады.  
Пластик жерде шірімесе, мүмкін оларды өртеп жіберген қауіпсіз болар?  
Біз осы заттардың қиындыларын алып, кезекпен өртеп, бақыладық. Жұмыс 
жасанды әуестікте сығындының шкафында өтті. Өртеу кезінде қағаз тез жанып 
кетті, жүннен жақсы иіс сездік, ал пластикпен резинадан – өткір жағымсыз иіс 
пен қара түтінді байқадық. Пластикті өртегенде улы түтін шығып, ауаны ластап 
және  адам  денсаулығына  кері  әсер  етеді.  Пластик  шөлмектерді  өртеуге  де, 
лақтыруға  да  болмайтынына  көзіміз  жетті.  Осы  нәтижелерді  растау  үшін  біз 
мынандай тәжірибе жасадық. Өз ауламызға 2013 жылдың қыркүйек айында біз 
жерге  пластик  шөлмекті,  полиэтилен  дорбасын  және  қағазды  көміп  тастадық. 
Ал  2014  жылдың  наурыз  айында  біз  көмгенімізді  ашып,  пластик  шөлмекте, 
полиэтилен  дорба  да  дым  өзгермегенін  көрдік,  ал  газеттен  дым  қалмаған. 
Өзіміздің бұл тәжірибеміз тағы да пластиктің жерде шірімей, тек ластайтынын 
дәлелдейді.  Пластик  шөлмектер  жерді  ластап,  табиғатқа  зиянын  тигізеді. 
Экологияны жақсартудың бірден-бір жолы пластик қоқыстарын азайту [12].  
 
Тапсырмалар:  
1-3-
тапсырма. Қай сөйлем мәтіннің мазмұнына сай келеді?  
 
«Иә» немесе «жоқ»  
1.
 
Пластик шөлмекті қолданғаннан кейін оны жою мүмкін.  
 
2.
 
Пластикалық шөлмек химиялық реактивтердің күшімен шіриді.  
 
3.
 
Өртеген жағдайда адам өміріне қаупі бар улы түтін шығарады.  
 
89 
 

4-
тапсырма. Қай сөйлем мәтіннің мазмұнына сай келеді?  
Пластик қоқыстарын қалай азайтуға болады? Бір ұсыныс жасаңыз.  
 
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар:  
1, 2, 3-
тапсырмалар бойынша:  
1.
 
Мәтінді мұқият оқыңыз.  
2.
 
Жауап бергенде жауаптарыңызды мәтінмен тексеріп отырыңыз.  
3.
 
Әрбір сұрақты мұқият тағы бір рет оқып шығып, жауап беріңіз.  
4.
 
Өз  ұсынысыңызды  жасарда  мына  кіріспе  сөзді  қолданыңыз: 
«Экологияны жақсартудың бірден-бір жолы пластик қоқыстарын азайту. Менің 
ойымша, ол үшін ...».  
Бағалау кестесі:  
Ең жоғарғы балл – 4.  
1.
 
Жоқ.  
2.
 
Жоқ.  
3.
 
Иә.  
4.
 
Бір ұсыныс жасаса, жауабы дұрыс деп есептеледі.  
Қымыздың пайдасына арналған 20 кеңес.  
 
4-
мәтін сұрақтарының сипаттамасы  
 
С
ұра
қт
ард
ы
ң н
өм
ірі
 
Сұрақтар типтері  
Мәнмәтін  
Құзыреттілік  
К
өп
 т
аң
дау
ды
 қ
аж
ет
 
ет
ет
ін
 сұ
рақ
тар
 
Қ
ы
сқ
а 
ж
ау
ап
ты
 қ
аж
ет
 
ет
ет
ін
 сұ
рақ
тар
 
Ө
зі
нд
ік
 
Ө
зі
нд
ік
 
К
өп
ші
лі
к 
М
ек
теп
 
К
әс
іби
 
А
қп
ар
ат
ты
 із
деу
 ж
ән
е 
таб
у 
Ө
зі
нд
ік
 
Тұ
ж
ыр
ым
да
у 

 

 
 

 
 
 

 


 
 
 

 
 
 
 



 
 
 

 
 
 
 


 

 

 
 
 
 

 


 
 
 
 
 
х 
 
 

 
№4-мәтін  
 
1.
 
Қымыз – шипалы әрі жұғымды жылқы сүтінен алынатын қышқыл сүт 
өнімі.  Бұл  ғажайып  сусын  қазақтардың  барлық  салтанатты  думандарында 
бiрiншi кезекте берiледi. Қымыз жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтіннің ысы 
әбден сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Бұл қымыздың сапалы 
сақталуына оң ықпалын тигізеді. Саба, торсықтар әзірлеуге көп мінілмеген, тер 
сіңбеген,  ауырмаған,  арқасы  жауыр  болмаған,  семіз  жылқының  терісі  таңдап 
алынады.  
90 
 

2.
 
Қымыз  қазақ  халқының  ұлтық  тағамдарының  ішіндегі  ең  құрметті 
дастарқан  дәмінің  бірі  екенін  есте  сақтаңыз.  Ол  тек  қана  бие  сүтінен 
ашытылады.  Сауылатын  биелер  сақа  бие,  қулық  бие,  қысырақ  бие  деп  үшке 
бөлінетінін білгеніңіз дұрыс.  
3.
 
Бие  байлау  ел  жазғы  жайлауға  шығып,  шөптің  нәрі  толған  кезде 
басталатынын ұмытпаңыз. Дәлірек айтсақ бие байлау мерзімі – көкек (апрель) 
айының  аяғы  мен  мамырдың  (май)  басы.  Бұл  кез  құлындар  әбден  марқайып 
жетіледі,  5-6  сағат  байлауда  ұсталады,  сауын  сайын  емізіп,  жетектеп  жүріп 
сергітіледі. Көктемде және шілде айларында биелер жиі сауылады.  
4.
 
Оның  бұлай  болу  себебі  жылқы  жануардың  өзіне  ғана  тән  асыл 
қасиетінен  болса  керек.  Адымы  кең,  өрісі  ұзақ  сәйгүлік  саңлақтар  қазақ 
даласының кең байтақ жайлауын емін-еркіндеп, дәмдіден-дәмдіні, қоректі мен 
құнарлыны ғана тереді, өсімдіктің шұрайлысын ғана үзеді. Сөйтіп кең даланың 
сан алуан гүл-бәйшешектері мен мың түрлі дәрі-дәрмектік шөптерінен жылқы 
жарықтық  адамға  шипалы,  жағымды  тамақтық  заттар  әзірлейтінін  біліп 
жүргеніміз абзал.  
5.
 
Биенің ашымаған сүтін саумал дейді. Оған арнайы ашытқы қосылып, 
екі-үш  күннен  кейін  ашиды.  Алғашқы  қымызды  үй  иесі  өзі  ішпейді,  дәстүр 
бойынша  үлкендерін  шақырып,  ауыз  тигізіп,  батасын  алады.  Мұны 
«
қымызмұрындық» деп аталатынын есте сақтай жүріңіз.  
6.
 
Дайындау  әдісіне,  қасиетіне,  сапасына  және  сақталу  уакытына 
байланысты  халқымыз  қымызды  бірнеше  түрге  бөлген.  Ұлттық  сусынның 
қандай түрлерге бөлінетінін сізге де біле жүрген абзал.  
7.
 
Бал қымыз – бал, қант, өрік-мейіз қосылып ашытылған қымыз; сырқат 
адамға, балаларға, жас босанған әйелдерге беріледі.  
8.
 
Сірге  жияр  қымызы  –  күздігүні  бие  ағытарда  бірнеше  күн  жиналған 
қымыз; салт бойынша сірге жияр қымызға ел шақырып, бөліп ішкен.  
9.
 
Уыз  қымыз  –  бие  сүтінің  уыз  дәмі  тарамаған  кезде  ашытылған  қою 
қымыз. Май қымызы деп те аталады.  
10.
 
Сары  қымыз  –  жаздың  ортасында,  шөп  әбден  піскен,  буыны  қатқан 
кездегі  қымыз.  Көші-қоннан  қымыз  көп  шайқалып,  көп  пісіледі  де,  ірімшігі 
жақсы  жазылып,  ашуы  білінбей,  қымыздың  күші  өз  бойына  сіңген  сарғылт 
болады. Сары қымыз өте жұғымды, шипалық қасиеті мол.  
11.
 
Қымыздың  құрамындағы  «С»  дәрумені  сиыр  сүтімен  салыстырғанда 
он есе көп.  
12.
 
Білгеніңіз  дұрыс.  Төрт  түліктің  ішінде  биенің  сүті  ғана  альбуминдік 
(сүттің ерекше түрі) қасиетке ие. Демек, бие сүті ананың сүтімен пара-пар.  
13.
 
Қымыз  құрт  ауруларының  алдын  алады,  ауырған  адамның  қайта 
қалпына  келуіне  жақсы  ықпал  етеді.  Саумал  қымызды  ем  ретінде  буын 
ауруларына  ішсе  тіпті  пайдалы.  Салданудың  алдын  алады.  Жаңа  босанған 
келіншектің  сүтін  молайтып,  нәрлі  етеді.  Демек,  емізулі  балаға  да  пайдасы 
орасан.  Ашыған  қымыз  шөлді  басып,  қантамырды  қордаланған  зиянды 
қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз ішу 
буын ауруларына өте пайдалы.  
91 
 

14.
 
Адам  денесінің  күш-қуатын  арттырады,  бүйрек  пен  бауырды 
қанықтырады,  қан  тамырларын  тазалайды.  Буын  аурулары  мен  сүйектің 
қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), 
ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе 
жеңілдетеді. Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, 
ас қорытуды жақсартады.  
15.
 
Қымыз  құрамында  көптеген  микроэлементтер,  дәрумендер  бар.  Бұл 
элементтер бие құнарлы жерге жайылған сайын арта түсетіні бар. Бие басынан 
күніне  орта  есеппен  10-12  литр  сүт  алуға  болады.  Кей  биелер  15-17  литрге 
дейін сүт береді.  
16.
 
Дәрігерлер  қымызды  безгек  ауруына  және  жөтелге  қарсы  ішуге 
ұсыныс  жасайды.  Қымызбен  емделгенде  қан  құрамындағы  гемоглобин 
эритроцит  көбейеді.  Тамырдың  соғуы  жиілеп,  қан  айналымы  жылдамдайды. 
Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарататынын біле жүрейік.  
17.
 
Қазақ  үшін  қымыз-мәртебе,  мінез-құлық,  сый-құрмет.  Бірақ  тоқырау 
заманында  құнды  сусынымыздан  қол  үзіп  қалғанымыз  бар.  Ес  жиып,  еңсе 
көтергелі  ата  кәсіп  бие  сауып,  қымыз  баптауды  қайта  қолға  алдық.  Байыпты 
сусынды баптаудың ежелгі әдісін бүгінгі ұрпақ қайта жаңғыртып келеді.  
18.
 
Бірақ  соңғы  кездері  аузымызға  жиі  алатын  Еуропа  елдері  бал 
қымыздың бар құпиясын біліп алған. Көл-көсір пайдасына кенеліп, салауатты 
өмірдің сырына айналдырды.  
19.
 
Немістердің қымызды бөтелкелеп сатып, дүкен сөрелеріне толтырып 
тастайтынын  естіп  жүрміз.  Германияда  қымызға  деген  сұраныс  жоғары, 
өндірісі  де  жақсы  дамыған.  Кәсіпті  нәсіп  еткеннің  көсегесі  көгеріп,  қазынасы 
артып отыр.  
20.
 
Ал Қазақстан қымыз өндірісі бойынша әлі де тұралап келеді. Ғылыми 
тұжырым керек, кәсіби маман керек деп, керек-жарақтың бәрін түгендеп жүріп-
ақ, көп нәрседен құр қалып жүрміз. Сіз қалай ойлайсыз, бәлкім бұл салада да 
стратегиялық жоспарлар түзіп, аты дардай бағдарламалар тізіміне ендіру керек 
пе? [13].  
 
Тапсырмалар:  
1-
сұрақ.  
Торсық,  саба,  күбінің  қандай  мүмкіншілігі  туралы  айтылып  тұр? 
Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.  
2-
сұрақ.  
Мәтіннен  «бал  қымыз»,  «сірге жияр  қымыз»,  «уыз  қымыз»  немесе  «сары 
қымыз» тірек сөздерін табыңыз? Нешінші кеңесте айтылғанын көрсетіңіз.  
3-
сұрақ.  
Он  төрт,  он  бес,  он  жетінші  кеңестің  қайсысында  қымыздың  пайдасы 
туралы кеңірек айтылған? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.  
4-
сұрақ.  
Мына  сурет  қай  кеңеске  сәйкес  келеді  (3.7-сурет)?  Кеңестің  нөмірін 
жазыңыз.  
92 
 

 
 
3.7-
сурет  
 
5-
сұрақ.  
Қазақстанда қымыз өндірісі неліктен тұралап тұр?  
 
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:  
1-
тапсырма  
1. 
Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.  
2. 
Кіріспеден «тобылғы», «саба», «күбі» деген кілт сөздерді табыңыз.  
3. 
Мәтіннің тақырыбына зейін аударыңыз.  
4. 
Қымыздың  сапалы  сақталуына  кілт  сөздердің  атқаратын  рөлі.  Бір 
сөйлеммен жауап беріңіз.  
2-
тапсырма  
1. 
Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.  
2. 
Мәтіннен «бал қымыз», «сірге жияр қымыз», «уыз қымыз» немесе «сары 
қымыз» кілт сөздерін табыңыз.  
3. 
Бал қымыздың дайындалу ерекшелігіне көңіл бөліңіз.  
4. 
Бір сөйлеммен жауап беріңіз. Кеңестің нөмірін жазыңыз.  
3-
тапсырма  
1. 
Тапсырманы мұқият оқыңыз.  
2. 
Мәтіннен 14, 15 және 17 кеңесті тауып, тағы бір оқып шығыңыз.  
3. 
Әрбір кеңестен микротақырыптарды (әрбір кеңесте не туралы айтылады 
және қандай мәселе көтеріледі) белгілеңіз.  
4. 
Ол  микротақырыптар  қалай  байланысып  тұрғаны  туралы  ойланыңыз? 
Жауабыңызды бір сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз.  
4-
тапсырма  
1. 
Суретті мұқият қараңыз.  
2. 
Оның  детальдарына  (адамның  жүзі,  орын,  заттар,  іс-әрекет)  назар 
аударыңыз.  
3. 
Оқылған мәтінмен суреттің қандай байланысы бар екені және суреттің 
қандай жағдайды бейнелеп тұрғаны туралы ойланыңыз.  
4. 
Кеңестің нөмірін жазыңыз.  
93 
 

5-
тапсырма  
1. Мәтінді зейін қоя оқыңыз.  
2. Ғылыми тұжырым, кәсіби маман керек екеніне назар аудар.  
3.  Стратегиялық  жоспарлар  түзіп,  арнайы  бағдарламалар  дайындау 
керектігіне көңіл бөл.  
4.  Кеңестің  нөмірін  жазыңыз.  Жауабыңызды  бір  сөйлеммен  өз  сөзіңізбен 
жазыңыз.  
 
Бағалау кестесі. Ең жоғары балл-5  
1. Жауапта, кем дегенде, келесілердің біреуі ескерілген:  

қымыздың сапалы сақталуына тобылғы, саба, күбінің рөлі.  
2. 8, 9, 10, 11-
кеңес.  
3. 15-
кеңес.  
4. 1-
кеңес.  
5. 21-
кеңес.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет