PISA зерттеуі барысында жиналған мәліметтер аса құпия болып табылады. Зерттеу есептерінде жекелеген қатысушылар немесе білім беру ұйымдары туралы ешқандай мәлімет жарияланбайды.
Бұдан әрі компьютерлік тестілеудің және сауалнаманың әр түрлі түрлерінің өткізілуі сипатталады. Тестілеу мен білім алушылар сауалнамасын бір немесе бірнеше Тест өткізуші жүргізеді.
Сіздің білім беру ұйымыңыздан қазақ тілінде құралған оқу, жаратылыстану, математика және шығармашылық ойлау бағыттары бойынша тапсырмалары бар 2 сағаттық компьютерлік тестілеуді орындау үшін 42 білім алушыға дейін іріктеліп алынады.
Сондай-ақ, тестілеуге іріктеліп алынған білім алушылардан тестілеуден кейін бірден немесе басқа уақытта компьютерде сауалнамаларды толтыру сұралады. Сауалнамалар 45 минут уақыт алады. Сауалнамалардың сипаттамасын төменнен табуға болады. Білім алушыларға арналған сауалнамадан кейін Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардан (АКТ) хабардар болу туралы сауалнамасы толтырылуы керек.
Білім алушыларға арналған сауалнама – білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын және олардың өмірлік тәжірибелерін қамтиды.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардан (АКТ)хабардар болу туралы сауалнама – білім алушылардың АКТ-мен әрекетін және осы технологияларға деген көз-қарасын зерттейді. Білім алушылар бұл сауалнаманың сұрақтарына Білім алушыларға арналған сауалнамадан кейін жауап береді.
Білім беру ұйымының әкімшілігіне арналған сауалнама – білім беру жүйесі бір мемлекеттің аясында және мемлекеттер арасында қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат жинақтайды. Білім беру ұйымының әкімшілігіне арналған сауалнаманы білім беру ұйымының басшысы, Сізге жіберілген ақпараттық материалдарда жазылған жүйеге қауіпсіз кірудің рәсімдерін пайдалана отырып онлайн форматта толтырады. Ақпараттық материалдарды білім беру ұйымының әкімшілігіне немесе мектеп сауалнамасын толтыру үшін тағайындалған басқа адамға жіберіңіз. Сіз осы сауалнаманың толтырылуын қадағалауыңыз керек.