Сұрақ 1:Тәжірибе жасалған көлбеу Пизан мұнарасының биіктігі қаншаға тең?
А) 60м В) 58м С)57м Д) 52м
Сұрақ 2: Еркін түсу Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген XVII ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар әлі жоқ еді. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді.
Оны тек 80 жыл өткеннен соң жүзеге асырған ғалым.
А) Ньютон В) Торричели С)Архимед Д) Кеплер
Сұрақ 3: Еркін түсу
Алайда күнделікті бақылау денелердің калыпты жағдайда түрліше құлайтынын көрсетеді. Мәселен, ауыр шар тез кұлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен калықтап түседі.
Құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда қандай шамаларға тәуелді?
Сұрақ 4: Еркін түсу Неғұрлым дәл есептеулер еркін түсу үдеуінің сандық мәні Жер шарының әртүрлі нүктесінде аздап өзгеше болатынын көрсетеді. Мысалы жергілікті жердегі ендікке байланысты ол қалай өзгереді?
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2*Ньютон заңдары Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет – тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әсер еткенге дейін сақтайды. Егер қозғалысты санақ жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санақ жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады.