Байланысты: PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
Екінші тетік – оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. Яғни, функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін біртіндеп мектеп өміріне енгізу. Білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі – функционалдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалау. Олар да ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.
Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесі жүргізілсе, 2012 – жылдан бастап PISA,TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер өткізілуде. Бұл зерттеулер – әлемдік білім берудегі біздің позициямызды бағалаудың жауапты кезеңдері болмақ және де осы шараларға толық дайындық республика көлемінде жүргізіліп жатыр.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың үшінші тетігі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. Бұл үшін жаңа әдістеме әзірленіп жатыр.
Төртінші тетік – қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Еліміз тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болады. Біздің қалада оқушыларға қосымша білім беру ісін абыроймен атқарып отырған мекемелер Балалар мен жасөспірімдер сарайы және Балалардың өнер мектебі. Онда музыка, живопись, би өнері, халық аспаптар оркестрі, қазақ халқының қол өнерін үйрену бағытында оқушылар қосымша білім алып, айтулы жетістіктерге жетіп отыр.Сонымен қатар, туризм, экологиялық тәрбие, интеллектуалдық ойын түрлері, декоративтік-қолданбалы өнер салалары арқылы оқушыларға өздерінің қызығушылығын арттыруға, шығармашылығын шыңдауға жағдай жасалған.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың Ұлттық жоспарын орындау – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырудың кепілі болып табылады. Еліміздің Президенті Н. Назарбаев ерекше көңіл бөліп отырған білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады. Осылайша, әлемдік тренд пен білімге сәйкес келетін мектептің феноменальді моделі негіздерінің бірі қалыптасатын болады» деген сенімін ақтауға атсалысамыз.
Сонымен қатар, Елбасымыздың бұйрығы бойынша, еліміздегі жастар саясатына қолдау көрсету және дамыту жолдары ерекше назарда. Әлемдік тәжірибеге сәйкес спорттық қызмет көрсетумен халықтың 30%-і қамтылғанда елге жүктелген әлеуметтік функцияларды орындауға қабілетті болатыны үнемі насихитталып отырды . Қазіргі кезде әртүрлі бағалаулар бойынша Қазақстанда бұл көрсеткіш 20%-тен астамды құраса, біздің қалада 32 % болып отыр.
Спорт саласындағы 6 спорт мектептерінде, спорттық секцияларда 2540 бала спорттық шеберлігін жетілдіруде. Оларды 32 жаттықтырушы мен мұғалімдер дайындайды. Қалада 180 жалпы спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып оған 10 мыңнан астам оқушылар қатысты. Жаздық, қыстық спартакиадалар, турнирлер, жарыстар өткізу дәстүрге айналған. Биылғы жылы қаламызда греко-рим, еркін күрестерден,қыздар арасындағы бокстан өткізілген чемпионаттар қала оқушыларының спортқа деген құштарлықтарын әрі қарай ұштауға септігін тигізді.
Елбасының тапсырмасын орындау барысында «Жас ұлан» бірегей балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Бүгінде ұйымда 2100 мыңнан астам жеткіншек тіркелген. Барлық білім беру ұйымдарында тәрбиелеу компонентін күшейту жөнінде үлгілі кешенді жоспар жасалды. «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» атты жалпыұлттық жобалар біздің қалада да жүзеге асырылып отыр.
Жастар мен балалардың бәсекеге қабілеттілігін, олардың азаматтық белсенділігін арттыруды қолдау жұмыстары әрі қарай да жалғасын табатын болады.
Соңғы 5 жылда қала оқушылары білім негіздері пәндерінен өткізілетін пән олимпиадаларында жүлделі орындардан түскен емес, биылғы жылы да біздің команда ІІ орынды иеленді. 21 оқушы ғылыми жобалар мен олимпиадалардың республикалық, халықаралық деңгейлерінің үш мәрте жеңімпаздары болды. Мұндағы аса белсенділік танытқан №№ 8, 26 гимназия, №7 мектеп-лицейі, №№10, 21, 13, 22, 1 орта мектеп оқушылары.
Мектептер жаңа модификациядағы оқу кабинеттерімен, 10 жоғары технологиялық подиумдармен, 69 интерактивтік тақталармен қамтамасыз етіліп отыр.
Интернет желісіне қосылу 100%, кең жолақты Интернет желісіне қосылу – 90 %. Бүгінгі күні білім ұйымдарындағы компьютерлік парк 1336 компьютерді құрап, 1 компьютерге 8,8 бала ара қатынасынан келіп отыр. Бұл – мектеп оқушыларының, мұғалімдердің ақпараттық мәдениетінің дамуына үлкен септігін тигізіп отыр.
Қалада осы жобаны енгізу нәтижесінде, ұстаздар «Майкрософт» корпорациясының «Білімдегі серіктестік» жобасының «Жаңашыл ұстаз» білім бағдарламасына, Intel «Болашаққа бағдарланған оқыту» XXI ғасырдың ақпараттық-білімдік ортадағы жобалау іс-әрекетіне, «ХХІ ғасырдағы инновациялық мектеп» жобасы бойынша канадалық профессор
Г. А. Рудиктің басшылығымен екі жылдық «Заманауи сабақ» үлгілерін меңгеруде.
Даму бағдарламасы аясында «Білімді ақпараттандыру», «Тылсымға толы Сарыарқа», «Тіл тұғыры», «Денсаулық сақтау технологиялары», «Денсаулық мектебі», «Мектептегі психологиялық қызмет», «Ресурстық орталық», дарындылықты дамыту, «Жас ұлан», «Жас Отан», «Болашак» балалар ұйымдары жұмыс жасап жатыр
Мектеп мұғалімдерінің оқытудың белсенді әдістері, жаңа білімдік технологиялар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды игеруі бүгінгі күні 71 процентті құрап отыр. Игерілген барлық технологиялардың саны 20-дан асып отыр, осы технологиялар арқылы жасалған бағдарламаларын «Интел – болашаққа бағдарланған білім» технологиясы арқылы халықаралық сайттарға шығу мүмкіншіліктері туып отыр.
Оқу жоспарының жылжымалы бөлімі арқылы оқушылардың танымдық әлеуетін дамытуға жағдай жасау мақсатында мұғалімдер бастауыш сынып оқушылары үшін 124, орта мектеп оқушыларына – 241, бейіндік сыныптағы оқушылар үшін 212 бағдарлама, барлығы 577 бағдарлама, оның оқу-әдістемелік кешендерін дайындап, оқу үрдісіне енгізілді.
Мұғалімнің кәсіби беделін көтеру «Жыл мұғалімі» конкурсы, шеберлік сыныптары, «Оқушы – мұғалім» шығармашылық тандем, «педагогикалық ринг», «Үздік идеялар аукционы», педагогикалық олимпиадалар, ғылыми-педагогикалық семинарлар мен педагогикалық оқулар, «Шығармашылық» трибунасы, семинар-тренингтер және мұғалімдердің арасында пән олимпиадаларын өткізу арқылы жүзеге асып отырды. Белгілі бір мақсатқа бағытталған жұмыстар да нәтижесіз емес. Биылғы жылы 29 қала мұғалімдерінің, №8 қазақ гимназиясының, №7 мектеп-лицейінің, №1 орта мектептердің іс-тәжірибесі таратылса, оның 20-сы облыс көлемінде таратылды. №8 гимназияның физика пәні мұғалімі Асан Жанұл, 2012 жылғы қала әкімі грантының жеңімпазы, № 22 орта мектептің орыс тілі мұғалімі Ирина Васильевна Багдашкина облыстық «Үздік педагог» конкурсына қатысып, І орын иеленіп, өздерінің кәсіби деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеді.
Білім – әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі – әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Жаңа формация мұғалімі – рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған жұмыстардың ауқымы кеңейтіле бермек.
Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың басшылығымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық әрекет жоспары құрылды.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда.
Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады.
Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Сонымен мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын сындарлы оқытудың (бағдарламаның) жеті модулі: