Pisa халықаралық зерттеуі оқушылардың функцияналдық сауттылығы


Ұлттық жоспарды іске асырудан Күтілетін нәтижелер



бет3/6
Дата13.10.2022
өлшемі0,53 Mb.
#42866
1   2   3   4   5   6

Ұлттық жоспарды іске асырудан Күтілетін нәтижелер

Ұлттық жоспарды іске асыру мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мемлекеттік органдардың, кәсіби қоғамдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналардың қызметін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұлттық жоспардың негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ведомстволық бағынысты ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ, жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:

Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз ету

1) функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, құзыретті білім беру парадигмасында мектепті басқару жүйелері анықталды; 2) функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытуға бағытталған іс-шараларды ғылыми-зерттеушілік, сараптамалық-талдамалық алып жүру қамтамасыз етілді; 3)балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектеп оқушыларының өмірлік бағдарының мәнін, ата-аналардың рөлін диагностикалау қамтамасыз етілді

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың жеті механизмі

1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); 2) оқыту нысандары мен әдістері; 3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; 4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); 6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы; 7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Білім беру мазмұнын жаңарту

1) мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз етеді; 2) оқу жоспарлары тұлғалық жетілуді қамтамасыз ететін білім беру вариативтілігін, коммуникативті дағдыларды қалыптастыратын білім алудағы дербестікті, ақпарат пен технологияны пайдалана білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет