3 практикалық сабақ



бет1/4
Дата01.05.2023
өлшемі44,96 Kb.
#88693
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
3 практика нарық


3 практикалық сабақ

  1. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өңдіру және оны ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.

Нарық – бұл нәтежие мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстарды объективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынастар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ғана қоғамдық өндіріс экономикалық жүйеге айналады.
Нарық қоғамдық еңбек бөлінісі мен шаруашылықты жүргізу субъектілерінің өзара оқшаулауына негізделген тауар өндірісінің табиғи-тарихи даму процесінің нәтежиесі болып табылады.
Тауар өндірісінің дамуына қарай нарық дамып және ол туралы түсініктер күрделене түсті. Осыған орай, экономикалық әдебиеттерде нарыққа сан-қилы анықтамалар беріледі.
Бір бөлігі нарықты үстірт қараудың негізінде жоғарыдағы алғашқы адамдар түсінігінен көп ұзай алмай ұйымдастырылмаған у-шуы көп базарға теңесе, енді бір бөлігі нарықты керемет күш деп, экономикалық өмірде болып жатқан олқылықтар мен қайшылықты тез арада жоятын күш дейді.
Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды.
Алайда қандай нарық болса да, оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді.
Біріншіден, бұл бағалар. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгертуге қажеттігін анықтау қызметін атқарады.
Екіншіден, бұл сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатын ақша сомасы. Ұсыныс дегеніміз берілген бағада сатуға арналған тауардың саны.
Үшіншіден, бұл бәсеке. Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту.
Нарық дегеніміз – ұдайы өндірістің барлық сатыларында: өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну сфераларында сатып алу-сату арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.
Еліміздің соңғы кезенде басқарудың экономикалық әдісіне көшуі нарықтық айырбасқа кең жол ашты. Кейбір экономикалық әдебиеттерде, ел арасында осы әдісті батыстық модельдерді қайталау емес пе деген ойға салып жүр. Бұл әрине дұрыс ой емес. Социализм тұрғысында 1965 жылы басталған экономикалық реформа, социалистік елдердегі нарықтық қатынастың ұлғаюы шаруашылық механизімін қайта құру барысындағы заңды көрініс.
Нарықтың мәнін талдауда тағы бір айта кететін жәйт ол теориялық дискуссиядағы нарық пен жоспарды біріне-бірін қарсы қою. Негізіне келсек ұдайы өндіріс – жоспарлы ұйымдасқан процесс, онда нарықтың икемділігін, экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалану маңызды мәселе. Осыған байланысты, нарық ұдайы өндірістің үйлесімді дамуының негізгі бағыты болады. Сондықтан, экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизімінің бөлігін құрап, онымен тығыз байланыста болады.

  1. Көтерме сауданың бірінші көрінісі – өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы келісім шарт түріндегі байланыстар. Олар өзара өнім өндірудің көлемдерін, оның сапасын және жабдықтау жағдайларын анықтайды. Көтерме сауда шаруашылық есептегі базалар мен магазиндер арқылы да ұйымдастырылады. Өндіріс құрал-жабдықтарын көтерме сауда арқылы сату алдын ала экономикалық және ұйымдастыру алғы шарттарын қажет етеді.

Өндіріс құрал-жабдықтары айналасының ерекше бір формасы, ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу. Қазіргі кезеңде агроөнеркәсіптік бірлестіктер жоспарлы сатып алу көлемін мемлекеттік заказ ретінде аудандық агроөнеркәсіп бірлестіктеріне жібереді. Жекелеген шаруашылықтарда сатып алу заказдары берілмейді, оның көлемі белгіленген баға бойынша келісім шарт негізінде анықталады.
Ұдайы өндіріс процесінде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығының маңызы да зор. Тек осының негізінде өндірісті ұлғайту мен тауарлардың сапасын жақсарту бағдарламалары жүзеге асырады. Осы проблеманың маңыздылығын былай анықтауға болар еді. Егер біз рынокты алуан түрлі тауарлармен және көрсетілетін қызмет түрлерімен толықтыра алмасақ, бөліс қатынастарын жетілдіру жөніндегі барлық күш жігерлеріміздің тиімділігі шамалы болып шығады, ал халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндетіміз орындалмай қалады. Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың кешендегі бағдарламасы міне осыған бағытталуы қажет. Қазіргі кезеңдегі тұтыну тауарлары нарығының ерекше белгісі тұтынушылар сұранысын жақсы өтеу барысында өндірушілер арасында конкурс пен жарыс өткізу. Мұнда көтерме сауда жәрмеңкелерін жиі өткізудің маңызы зор.
Көптеген елдердің тауар айналымында ауыл шаруашылығы мен басқа кооператив өнімдері, өздерінің қосалқы шаруашылығында өндірген өнімдерді өткізетін нарық көрнекті орын алуда. Экономикалық реформа барысында колхоздар жоспардан тыс 30 процентке дейінгі жоспарлы өнімді қалаларға апарып келісім бағалармен сатуға құқылы.
Нарықты салалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсету жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті. Ең бастысы реттелетін әлеуметтік рынокты дамыту, алып сатарлармен күрестегі жеңістің, «көлеңкелі экономиканы» жоюдың алғы шарты.
Сұраныс пен ұсыныс – халықтың тауарға деген төлем қабілеті бар сұранысы мен ол тауарларды ұсынудың арасындағы қатынас. Тауарды сатып өткізу процесі қалыпты жүзеге асырып тұруы үшін сатуға шығарылатын тауар мен халықтың төлем қабілеті бар ұсынысы сай келуге тиіс. Алайда өмірде дәл осылай бола бермейді. Өйткені, сұраныс қоғамның барлық қажеттерін көрсетпейді, ол тек ақша қаржысымен қамтамасыз етілген өндіріс құрал-жабдықтарымен тұтыну заттарына деген сұранысты қанағаттандыруды қамтиды. Сұраныс сияқты, ұсыныс та елдегі өнім өндірудің бүкіл көлемін сипаттайды. Халық тұтынатын тауарларға сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік тұтыну заттарының көлеміне, қорлану қорын ұтымды пайдаланып, өндірістің тиімділігін арттырумен тікелей байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қоғамдық өндірістің екі бөлімінің өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары өндірісінің өсу қарқыны әсерлі ықпал етеді.
Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне халықтың ақшалай табысы мен еңбек өнімділігінің өсу қарқынының арақатынасы да ықпал етеді. Осы арақатынасты реттеуде баға да маңызды рөл атқарады. Егер жекелеген тауарлар ұсынысы сұраныстан асып кетсе, мемлекет бөлшек сауда бағасын кемітеді, осының салдарынан рынок сыйымдылығы артып, тауарлар тез өткізіледі. Ал егер, ұсыныс сұраныстан артта қалса, мемлекет ең алдымен тұтыну заттарын өндіруді ұлғайту шараларын қолданады, тек кейбір жағдайда ғана, осындай тауарларды едәуір ұлғайту мүмкіндігі болған сәтте мемлекет бұл тауарға деген сұраныс пен ұсынысты бір-біріне сәйкестендіру мақсатымен бағаны көтеруге мәжбүр болады. Бірақ мұндай жағдайларда бір тауардың бөлшек сауда бағасын көтеру, әдетте, басқа тауарлардың бағасын кемітумен толықтырылады. Халық тұтынатын тауарлар бойынша нарықтың тепе-теңдікті орнатудың және оны бірқалыпты сақтаудың қажетті алғы шарты халықтың сұранысын үнемі зерттеп, есепке алу болып табылады. Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге көмектеседі. Нарықтың мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады.
Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:


  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет