Pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)


Оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырма үлгісі



бет3/5
Дата07.04.2022
өлшемі225,24 Kb.
#30164
1   2   3   4   5
Байланысты:
Онл.оқу тапс

Оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырма үлгісі

ТОҚАШ


Бойжеткен орталық бекетте пойыз күтіп отырды. Ол уақыт өткізу үшін кітап сатып алмақ болды. Кітаппен бірге бір қорап тоқаш сатып алды. Содан соң күту залынан тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды.

Тоқаш қорабы бойжеткен мен газет оқып отырған ер адамның арасындағы орындықта еді. Қыз бір тоқашты алған кезде, ер адам да біреуін алды. Ол таңғалғанымен, ешнəрсе айта қоймады, кітабын оқуды жалғастыра берді. Ішінен: «Сене алар емеспін! Сәл батылдау болсам, міндетті түрде бірдеңе дер едім», – деп ойлады.

Ол əрбір тоқашты алған сайын, ер адам да тура солай істеді. Қорапта бір тоқаш қалғанға дейін осылай жалғаса берді. Бойжеткен ер адамның енді не істейтінін көру үшін күте тұрмақ болды. Ал, ол соңғы тоқашты алып, екіге бөліп, бұған жартысын берді.

Таңғалған қыз кітапты сөмкесіне лақтырып жіберіп, тұрып кетіп қалды. Ол сабырға келу үшін залдың екінші шетіне барып отырды. Ашуы тарқаған соң, ол сөмкесіндегі кітабына қол созды. Өзінің қорабы ашылмаған тоқашы сөмкесінде жатқанын тек сонда ғана көрді.

1-сұрақ

Әңгіменің басында бойжеткен не істеді?

А. Ол бекетте пойыз күтіп отырды.

В. Ол бекеттен кетейін деп жатты.

С. Ол бекетте ер адаммен сөйлесіп жатты.

D. Ол бекетте газет сатып алып жатты.

2-сұрақ

Әңгіменің ортасында бойжеткен «Сене алар емеспін!» деді. Ол неге сене алар емес?

_________________________________________________________________________

3-сұрақ


Әңгімедегі бойжеткен мен ер адам әңгіме аяқталған соң, бірнеше минуттан кейін қайтадан кездесті делік. Бойжеткен ер адамға не дер еді?

_________________________________________________________________________

Тұтас мәтін форматында берілген «Тоқаш» тапсырмасы тестілеуге қатысушылар үшін қиындық туғызбады. Үш сұрақтың екеуі толық жауапты талап етеді. Сұрақтарға жауап беру үшін мәтінді интерпретациялау, сыни тұрғыдан талдау және өмірлік жағдаятпен байланыстыру қажет.

PISA-2012 зерттеуіне қатысқан 15 жастағы білім алушылардың 90%-і бірінші сұраққа дұрыс жауап берді де, 54%-і «Ақпаратты табу» құзыреттілігін бағалауға берілген екінші сұраққа дұрыс жауап берді. Жағдайды бағалап, оны шешуге өз гипотезасын ұсынуды талап ететін соңғы сұраққа білім алушылардың 70%-і жауап бере алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет