«pisa, pirls, timss, icils, iccs халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.07.2023
өлшемі287,15 Kb.
#103964
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Бағалау критерийлері – оқушылардың оқу үлгерімін бағалауға негіз
болатын нақты көрсеткіштер.
Баға критерийлері – оқыту нәтижелерінің құзыреттілік талаптарына
сәйкестігін бағалау жөніндегі шешім қабылдауға арналған көрсеткіштер.
Білім беру процесі – ұйымдастырылған оқу-тәрбиелік және оқу 
танымдық процестерді тұлғаның өз бетінше білім алуымен ұштастыра отырып,
оны оқыту, тәрбиелеу және дамыту бойынша мақсатты қызмет. Ол білімді,
қабілетті және дағдыны мемлекеттік білім беру стандартынан кем түспейтіндей
деңгейде меңгеруді қамтамасыз етеді.
Бағалау – әзірленген критерийлерге сүйене отырып, оқушының қол
жеткізген оқу нәтижелерін күтілетін нәтижелермен сәйкестендіру процесі; бұл – 
мұғалімге оқушының әзірлік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін, оқушы
жұмысын түзету әдісі; сондай-ақ оның көмегімен оқытушылық қызметтегі
прогресті анықтауға болады.
Оқушылардың оқу іс-әрекеті нәтижелерін/оқу үлгерімін/оқудағы
жетістігін бағалау – бұл білімді, дағдыны және қабілетті оқу бағдарламасында
ұсынылған талаптарға сай меңгеру деңгейін анықтау.
Педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе басқа кәсіби білімі
бар, оқушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу,
әдістемелік қолдау көрсету немесе олардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру
бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын тұлға.
Педагогтарды курстан кейінгі қолдау – педагогтың курстан кейінгі
қызметін үздікіз бақылап, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету
арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытатын іс-шаралар жүйесі.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл педагогтың теориялық білімі мен 
оны нақтылы педагогикалық жағдаяттарда қолдану әдістерін, педагогтың
құндылық бағдарын, сондай-ақ оның мәдениетінің (сөйлеуі, қарым-қатынас құру 
стилі, өзіне және қызметіне, іргелес білім салаларына көзқарасы, т.б.)
интеграциялық көрсеткіштерін қамтитын көпфакторлы құбылыс. Кәсіби
құзыреттілік – табысты педагогикалық қызмет үшін қажет кәсіби қабілеттер мен 
жеке бас қасиеттерінің жиынтығы. Кәсіби құзыретті деп педагогикалық
қызметті, педагогикалық қарым-қатынасты айтарлықтай жоғары деңгейде


2
жүзеге асыратын, баланы тәрбиелеу мен дамытуда тұрақты түрде жоғары
нәтижелерге қол жеткізетін педагогты айтуға болады.
Оқыту нәтижесі – модульдің бір бөлігін бекітілген бағамен игеру кезінде
білім алушының оны білетіні, түсінетіні және орындай алатыны жөніндегі
тұжырым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет