«pisa, pirls, timss, icils, iccs халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата03.07.2023
өлшемі287,15 Kb.
#103964
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
9-бөлім. Посткурстік қолдау
Педагог қызметін курстан кейінгі қолдау – педагогтың курстан кейінгі
қызметін үздікіз бақылап, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету
арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытатын іс-шаралар жүйесі. Курстан 
кейінгі қолдаудың міндеттері:
- педагог кәсіби құзыреттіліктерінің даму траекториясын кері байланыс
механизмдерін (сауалнама жүргізу, рефлексия, бағалау нәтижелері бойынша
ұсыныс, инновациялық технологияны Қазақстан Республикасы ТжКБ жүйесіне
жататын ұйымдар қызметіне енгізу) қолдана отырып анықтау;
- курс барысында қол жеткізген білімді, қабілеттерді және құзыреттілікті
педагогикалық тәжірибеге енгізу бойынша педагог қызметіне әдістемелік және
практикалық қолдау көрсету;
- озық педагогикалық тәжірибені қолдану және тарату.
Жоғарыда аталған міндеттердің әрқайсысы күндізгі, сондай-ақ онлайн
және қашықтан оқыту форматындағы бағыттар бойынша бірқатар іс-шара
ұйымдастыруды қамтиды:
1) курстан кейінгі қолдау құралдары көмегімен қол жеткізілген ақпаратты
жинау, қолдану және талдау:
- сауалнама әзірлеу;
- фокус-топтағы педагогтармен сұқбат жүргізу; 


7
- курстық оқыту нәтижесі бойынша жиынтық ақпараттық анықтаманы
әзірлеу.
2) курста алынған білім мен құзыреттілікті практикада қолдану
барысында туған өзекті мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.
3) инновациялық идеяларды қолдану және тарату, курстан кейінгі жұмыс
кезеңінде қол жеткізілген білім беру технологиясын енгізу бойынша озық
педагогикалық тәжірибе алмасу:
- шеберлік сыныптары;
- семинарлар-тренингтер;
- дөңгелек үстелдер және т.б.
10-бөлім. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Пайдаланылған дереккөздер мен ресурстар тізімі:
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдесіндегі №319-III Білім
туралы заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 
қаулысымен бекітілген ҚР білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31
қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31
қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіби білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіби білім
беру ұйымдарындағы оқушылардың оқу үлгерімін ағымдық бақылау, аралық
және қорытынды аттестациясын жүргізудің типтік ережелері;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4
мамырдағы №175 бұйрығымен бекітілген Педагогтардың біліктілігін арттыру
курстарының білім беру бағдарламасын әзірлеу, мақұлдау және бекіту ережелері;
Интернет дереккөздері:
https://www.oecd.org/pisa/
 
https://www.acer.org/au/timss 
https://www.iea.nl/studies/iea/pirls
 
https://www.iea.nl/studies/iea/iccs
 
https://www.iea.nl/studies/iea/icils
8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет