ОС – оқу сауаттылығы;
ЖҒС – жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық;
МС – математикалық сауаттылық.
TIMSS-тың басты бағыттары (академиялық):
МБ – математикалық білім сапасы;
ЖҒБ – жаратылыстанушылық-ғылыми білім сапасы;
PIRLS-ның басты бағыты (академиялық):
ОжМТ – оқу және мәтінді түсіну;
ICILS-тың басты бағыты:
IT сауаттылық
ICCS-тың басты бағыты:
Азаматтық сауаттылық/хабардарлық
6-бөлім. Оқу процесін ұйымдастыру
Бағдарлама бойынша оқу процесін ұйымдастыру курсты қашықтан өтуді,
сондай-ақ тыңдаушының өз бетімен жұмыс жасауын талап етеді. Сонымен қатар
тыңдаушылардың өтініші бойынша face-to-face форматта өткізу мүмкіндігі
қарастырылған.
Білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін бағдарлама инновациялық
білім беру технологиясы, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар, бағалау, оқыту және бақылау формалары мен әдіс-тәсілдері
негізінде жүзеге асырылады.
Бағдарлама кері байланыс пен рефлексияны, сондай-ақ оқытудың
белсенді және интерактивті әдістерін қолдануды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: