«pisa, pirls, timss, icils, iccs халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.07.2023
өлшемі287,15 Kb.
#103964
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Халықаралық мониторингтік зерттеулер PISA, PIRLS және т.б.

Суммативті бағалау – педагогтың біліктілік және құзыреттілік деңгейін
біліктілікті арттыру бойынша қысқамерзімді курс бағдарламасының
талаптарына сәйкес мақұлдау процедурасы.
3-бөлім. Бағдарлама тақырыбы
«PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS халықаралық мониторингтік салыстырмалы 
зерттеулер аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» (Тест 
тапсырмаларын құрастыру, экспертиза және бағалау) 
4-бөлім. Бағдарламаның мақсаты, міндеті және одан күтетін нәтиже
Бағдарлама мақсаты: 
 – орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары педагогтерінің орта білім 
беру саласындағы халықаралық мониторингтік салыстырмалы зерттеулер 
аясында 15 жастағы білім алушылардың функционалды сауаттылығын, бастауыш 
және негізгі мектеп білім алушыларының академиялық білімдері мен 
дағдыларын, бастауыш мектеп білім алушыларының оқу сауаттылығының 
сапасын, негізгі мектеп білім алушыларының компьютерлік және азаматтық 
сауаттылығын дамыту бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарлама міндеттері:
- PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS бағалау құралдарының форматымен 
таныстыру;
- тапсырмаларды құрастыру және орындау бойынша педагогтердің білік-
дағдыларын, практикалық машықтарын дамыту; 
- PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS типтес тапсырмаларды бағалауға 
машықтандыру; 
-21 ғасыр дағдыларын жетілдіруге арналған педагогикалық тәсілдер мен 
оқу материалдарын қолдану. 
Күтетін нәтиже: 
Курс тыңдаушысы:
пәндік бағыты бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 
қағидаттары мен форматын; PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS 
тапсырмаларының бағалау ерекшелігін біледі 
- зерттеу бағыттары бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 
құрылымын талдауға; PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS зерттеулерінің шынайы 


және балама тапсырмаларын бағалауға қабілетті болады;
- PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS, ICCS зерттеулерінің тапсырмаларын құрастыру, 
экспертиза жасау және бағалау бойынша практикалық дағдылар мен біліктерді 
игере алады;
- орта білім беру саласындағы халықаралық мониторингтік салыстырмалы 
зерттеулер аясында 15 жастағы білім алушылардың функционалды 
сауаттылығын, бастауыш және негізгі мектеп білім алушыларының академиялық 
білімдері мен дағдыларын, бастауыш мектеп білім алушыларының оқу 
сауаттылығының сапасын, негізгі мектеп білім алушыларының компьютерлік 
және азаматтық сауаттылығын дамыту бойынша кәсіби құзыреттілігін 
жетілдіруге арналған тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануға әзірлікті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет