9-бөлім. Посткурстік қолдау
Педагог қызметін курстан кейінгі қолдау – педагогтың курстан кейінгі
қызметін үздікіз бақылап, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету
арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытатын іс-шаралар жүйесі. Курстан
кейінгі қолдаудың міндеттері:
- педагог кәсіби құзыреттіліктерінің даму траекториясын кері байланыс
механизмдерін (сауалнама жүргізу, рефлексия, бағалау нәтижелері бойынша
ұсыныс, инновациялық технологияны Қазақстан Республикасы ТжКБ жүйесіне
жататын ұйымдар қызметіне енгізу) қолдана отырып анықтау;
- курс барысында қол жеткізген білімді, қабілеттерді және құзыреттілікті
педагогикалық тәжірибеге енгізу бойынша педагог қызметіне әдістемелік және
практикалық қолдау көрсету;
- озық педагогикалық тәжірибені қолдану және тарату.
Жоғарыда аталған міндеттердің әрқайсысы күндізгі, сондай-ақ онлайн
және қашықтан оқыту форматындағы бағыттар бойынша бірқатар іс-шара
ұйымдастыруды қамтиды:
1) курстан кейінгі қолдау құралдары көмегімен қол жеткізілген ақпаратты
жинау, қолдану және талдау:
- сауалнама әзірлеу;
- фокус-топтағы педагогтармен сұқбат жүргізу;