Pisa, timss аналитическая справка


Зерттеулер 2004 жылдан бастап жүргізілуде және дәл осы кезде әлемнің әртүрлі елдері бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің толық кешенін ұсынады



бет5/48
Дата19.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#25912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

Зерттеулер 2004 жылдан бастап жүргізілуде және дәл осы кезде әлемнің әртүрлі елдері бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің толық кешенін ұсынады.


Бүкіл әлемдік экономикалық форумның өкілдері ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетілігі сансыз және түрлі жоспарлы факторлармен анықталатындығын көрсетеді. Сонымен, экономиканың жағдайына теріс әсер беретін биік құнсыздану мен мемлекет қаражатын тиімсіз басқару, ал оң әсер беретіндер зияткерлік меншік құқығын қорғау, дамыған сот жүйесі және тағы да басқа шаралар. Институционалды факторлармен қатар, жаңа білімдер мен технологияларға тұрақты қолжетімділік, еңбек күшінің біліктілігін арттыруы мен білімнің шешуші мәні болуы мүмкін. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар, ағымдағы даму деңгейі мен бастапқы талаптарға тәуелді әлемелдерінің экономикалық жүйесіне әр түрлі әсер етеді. Әлбетте, әсер етуші факторлар да уақыт ағынымен өзгеріп тұрады.

Осы зерттеуде екі индекс көрсетілген, олардың негізінде елдердің рейтингісі құрастырылады: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі (Global Competitiveness Index, GCI) мен Бизнеске бәсекеге қабілеттілік индексі (Business Competitiveness Index, BCI).

Қазіргі таңда елдердің бәсекеге қабілеттілігін жинап бағалаудың негізгі тәсілі 2004 жылы алғаш рет жарияланған, Колумбия университетінің профессоры Ксавье Сала-и-Мартиннің (Xavier Sala-i-Martin, Columbia University) Бүкіл әлемдік экономикалық форумға арнайы жасаған Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі болып табылады.

Бүгінгі күні ҒБИ 114 көрсеткіш бойынша қалыптастырылады, оның ішінен 34-і халықаралық ұйымдардың статистикалық мәліметтерінің нәтижелері бойынша, ал қалғандары – компания жетекшілерінің сауалнамаларының нәтижелері бойынша есептеледі.

Айнымалылар жиынтығының үштен екісі компания жетекшілерінің ғаламдық сауалнамаларының (зерттелетін елдердегі бизнес-климатына әсер ететін факторлардың ауқымды көлемін қамту үшін) нәтижелерінен, ал үштен бірін жалпы қолжетімді көздерден (халықаралық ұйымдармен тұрақты түрде жүргізілетін зерттеу нәтижелері мен статистикалық мәліметтер) тұрады.


114 көрсеткіштің негізінде бәсекеге қабілеттіліктің 12 факторы анықталады, олар әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі деңгейінде тұрған әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін жете сипаттайды (1-сурет). Бұл ретте үш кезең ерекше көрсетіледі:

1-ші – дамудың ауыспалы кезеңі;

2-ші– тиімді дамыту кезеңі;

3-ші – инновациялық дамыту кезеңі.

Теориялық және эмпирикалық зерттеулер тап осы шартты айнымалыларды таңдаған, себебі осы факторлардың ешқайсысы жеке, жалғыз өзі экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алмайды.

Сарапшылар Индексті құрастыру барысында әлемдегі әр елдің экономикасы өздерінің әртүрлі даму кезеңдерінде тұрғанын ескереді. Елдің бәсекеге қабілеттіліктерін арттырудың жеке факторларының мағынасы даму призмасы арқылы басқа елдерге қатысты мемлекеттің орнын анықтауға мүмкіндік беретін бастапқы шарттармен, немесе институционалды және құрылымдық сипаттамалармен байланысты. Үнемі өзгерісте болатын ғаламдық ортада бәсекеге қабілеттілік деңгейін өлшейтін құралдың адекватты болып қалуы үшін зерттеушілер Индексті есептеу әдіснамасын үнемі жетілдіріп отырады.




1-сурет – 2013 жылдағы ҒБИ құрылымы


Ескеретін жай, 2013 жылдан бастап Қазақстан 2-ші кезеңнен 3-ге ауысып жатқан экономикасы бар ел ретінде рейтингке қатыса бастады. Егер ҒБИ көрсеткіштері жетекшілерінің бағалауы бойынша елдің орта және ірі ресурстар құрамы 70%-н кем емес болса, онда мемлекет аутоматты түрде 1-ші кезеңнен 2-ші ауыспалы даму кезеңінен жоғары тұра алмайды. Бұл шектеу Қазақстанға 2005 жылдан бастап қойылды, 1-ші кезеңнен 2-ші ауыспалы даму кезеңінде тұрғанда. 2012-2013 жылдың Есебінде минералды ресурстардың экспорттық үлесін анықтау үшін 2009 жылдың мәліметтері пайдаланылды, сәйкесінше үлес 69,5% құрады. Соның арқасында, Қазақстан 2-шіден 3-ші ауыспалы кезеңге өту тобына жатқызылды [7].

Негізінен, Қазақстанның ғаламдық бәсекеге қабілеттілік Индекс көрсеткіштерінің динамикасы (1-кесте, 2-сурет) 2011 жылға дейінгі көрсеткіштің құлдырауымен (2008 ж. 66 орыннан – 2011 ж. 72-ге дейін) және 2012 жылдан бастап көтерілулерімен ерекшеленеді, Қазақстан сол жылы өз көрсеткіштерінде 21 балл жинады (2011 ж. 72 орыннан бастап 2013-2014 жж. 50-ші орынға дейін).

Қазақстан позициясының жақсаруы, 2014-2015 жылға арналған ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы БЭФ есебіне сәйкес, тиімділік (48; +5) факторлар топтамасы бойынша бақыланды. Сонымен, болмашы ілгерілеуге Қаржы нарығының жетілгендігі (98; +5), Қызмет көрсеті және тауар нарығының тиімділігі (54; +2) және Нарық өлшемі (52; +2) факторлары бойынша қол жетті. Одан басқа, Компанияның бәсекеге қабілеттілігі (91; +3) факторы бойынша Қазақстан өз рейтингін жақсартты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет