Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде


  Қазақстандық  оқушылардың  жаратылыстану  пәндері  бойынша



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата13.02.2017
өлшемі0,94 Mb.
#4044
1   2   3   4   5   6   7   8



Қазақстандық  оқушылардың  жаратылыстану  пәндері  бойынша 

халықаралық зерттеулерінің нәтижелеріне талдау жасау  

 

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының 

бәсекелестігін  арттыру,  шынайы  өмірлік  кезеңдерге  бейімдеу  мәселелері  тұр, 

өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер 

қабылдау  үшін  жоғары  кәсіптілік  және  интеллектуалдық  әрекеттерді  қажет 

ететін  жағдайларда  заман  талабына  сай  өмір  сүріп,  қызмет  етуде.  Осыған 

байланысты  еліміздің  он  бес  жастағы  оқушыларының  білім  жетістіктерінің 

деңгейін  анықтауға  Қазақстан  PISA  (Programme  for  International  Student 



Assessment) – 

2009 халықаралық зерттеуіне қатысты. Сол жылы 65 ел қатысқан 

сынақшы  бағдарламаға  Қазақстаннан  200  білім  беру  ұйымынан  5590  он  бес 

жастағы  оқушылары  қатысты.  Барлығы  184  жалпы  білім  беру  ұйымдары,  16 

кәсіби мектептер пен лицейлер. Соның ішінде, 3194 қазақ тілінде білім беруші 

ұйымдар мен 2396 орыс тілінде білім беруші ұйымдар болды [7].  

Қазақстан  PISA-2009  халықаралық  зерттеуіне  тұңғыш  рет  15  жастағы 

оқушылардың  білім  сапасын  анықтау  үшін  дәйекті  ақпарат  алу  мақсатында 

атсалысты.  Біздің  еліміз  үшін  бұл  бағдарламаға  қатысуға  білім  берудің 

бақылау-бағалау  жүйесін  реформаландырудың  қажеттігін  ескертетін  бірқатар 

факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім 

беру кеңістігіне кірігуі, Қазақстанның Болон процесіне қатысуы, оқыту сапасын 

және  оның  нәтижелерін  бақылаудың  халықаралық  стандарттарын  енгізу 

қажеттілігі,  білім  беру  мазмұнын  өзгерту,  білім  беру  сапасын  бағалаудың 

қазақстандық  жүйесін  құру  және  көптеген  пәндер  мен  оқытудың  әртүрлі 

кезеңіндегі басқа да көптеген бағыттар негізгі себеп болды.  

PISA  жүйесіндегі  бағалау  нысаны  оқушылардың  пәндер  бойынша  білімді 

(яғни, оқу бағдарламасын) меңгеру деңгейі мен сапасын ғана емес, олардың үш 

өзекті  саладағы:  кітап  оқу  сауаттылығы,  математика,  жаратылыстану 

ғылымдарындағы құзырлығының қалыптасу дәрежесін бағалау.  

Бүгінгі таңда Қазақстанда еліміздің білім беру бағдарламаларына сәйкес 9-

сынып  оқушыларының  білім  жетістіктерін  бағалайтын  білім  беру  сапасын 

бағалаудың  ішкі  мониторингі  –  Мемлекеттік  аралық  бақылау  (МАБ)  бар.  Бұл 

мониторинг  меңгерген  білімдерін  өмірде  қолдана  білу  ептіліктерін  емес,  ал 

білім  беру  бағдарламаларының  сәйкес  деңгейінің  аясында  алынған  білімдерін 

тексеру  мақсатында  жүргізіледі.  PISA  осы  жастағы  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  бағалай  отырып,  олардың  қарым-қатынасын, 

қызығушылықтарын,  ынталарын  және  оқу  стратегияларын  зерттеуімен 

ерекшеленеді.  

Қазақстан оқушыларының оқу сауаттылық деңгейінің нәтиже көрсеткішінің 

талдауы бойынша анықталған мәліметтер, VI деңгей біздің оқушылар үшін өте 

қиын,  ал  V  деңгей  сұрақтарына  0,4  %  оқушылар  ғана  жауап  бере  алғанын 

көрсетті. Бұл олардың қисынды ойлау дағдыларының, бейтаныс мәтiндi бағалау 

және  сәйкес  қажеттi  мәлiметтi  тауып  алып,  түсiндiрiп  беру  қабілеттерінің 

жоқтығын білдіреді.  

14 


Халықаралық зерттеулердің мәлiметтерін пайдалана отырып, қазақстандық 

оқушылардың  оқу  бағытындағы  қабілеттерінің  ең  жоғарғы  деңгейiнің  1а 

деңгейіне  сәйкес  келетіндігі  туралы  айтуға  болады:  бұл  деңгейдің 

тапсырмалары оқушылардан мәтiннiң негiзгi тақырыбын және мәтiн бойынша 

шашыраңқы  берілген  мәлiметтердің  арасындағы  өзара  байланыстарды 

анықтауды талап етеді. 

Халықаралық  зерттеулерінің  нәтижелерін  қарастыра  отырып,  ЭЫДҰ 

елдеріне  қарағанда,  Қазақстан  оқушылары  оқу  сауаттылығы  бойынша  төмен 

үлгерім көрсеткені туралы айтуға болады (1 және одан да төмен деңгейге тең). 

Оқу сауаттылығының жоғарғы деңгейін көрсете алмаған оқушылар бөлігі 93,07 

%-

ды  құрады,  бұл  оқу  сауаттылығында  Қазақстан  оқушылары  құзыретiнің 



төмен деңгейінің көрсеткіші. 

Қазақстандық  оқушылардың  орташа  балы  ЭЫДҰ  елдері  бойынша 

оқушылардың  орташа  көрсеткішінен  статистикалық  біршама  төмен  болып, 

1000 


балдық өлшем бойынша 400 балды құрады. Қазақстанның нәтижелерімен 

салыстырғанда басқа елдерді төмендегідей үш топқа бөлуге болады [7]:  

 

 



нәтижелері Қазақстанның орташа балынан айтарлықтай жоғары елдер – 

52 ел; 


 

 



нәтижелері Қазақстанның орташа балымен салыстырмалы елдер – 5 ел; 

 



 

нәтижелері Қазақстанның орташа балынан статистикалық біршама төмен 

елдер – 7 ел. 

Зерттеу  нәтижелеріне  өз  танымын  ұйымдастыруға,  танымдық  үрдістерді 

басқаруға  деген  жалпы  оқу  ептіліктерін  меңгеру  едәуір  маңызды  әсер  етті. 

Оқушылардан, олардың қандай дәрежеде:  

 

нақты нені білу қажеттігін анықтауға ұмтылатындықтары; 



 

шындығында нені түсінбегендіктерін анықтауға ұмтылатындықтары; 



 

егер  оларға  бір  нәрсе  түсініксіз  болса,  онда  оны  түсіну  үшін  қосымша 



ақпаратты табуға әрекет ететіндіктері; 

 



нені 

оқығандарын 

есте 

сақтағанын 



бақылауға 

өз-өздерін 

мәжбүрлейтіндіктері; 

 



ең 

маңыздыны 

есте 

сақтағанына 



көздерін 

жеткізуге 

ынталанатындықтары сұралды.  

Нәтижелерді  талдау,  егер  әрбір  елде  оқу  танымын  ұйымдастырудан  ең 

жоғары  және  ең  төмен  көрсеткішке  ие  болған  екі  бірдей  оқушылар  тобын 

(мысалы,  тестке  қатысушылардың  жалпы  санынан  25%-дан)  бөліп  алып,  осы 

көрсеткіштің  зерттеу  нәтижелеріне  әсерін  талдайтын  болсақ,  онда  бұл 

көрсеткіштің  ең  жоғарғы  мәніне  ие  оқушылар  едәуір  жоғары  нәтижеге  қол 

жеткізетіндіктерін көруге болатындығын анықтады.  

Қазақстанда бұл екі топ оқушылары, орта есеппен, мәтінмен жұмыс жасау 

ептіліктерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейімен ерекшеленетін нәтижеге қол 

жеткізді.  Өз  білімдерін  ұйымдастыру  көрсеткіші  жоғары  оқушылар,  орта 

есеппен,  оқу  сауаттылығының  үшінші  деңгейіне,  ал  бұл  көрсеткіш  төмен 

оқушылар, орта есеппен, екінші деңгейіне жетті.  

15 


Зерттеуде оқушылардың оқу материалдарын меңгеруде қолданатын әртүрлі 

стратегиялары  қарастырылды:  оқу  материалын  есте  сақтау  және  оқылатын 

материалмен белсенді жұмыс жасау.  

Көбінесе  оқу  материалын  есте  сақтауға  бағытталған  әдісті  қолданған 

оқушылар зерттеудің әртүрлі, яғни елдегі орташа көрсеткіштен жоғары немесе 

төмен нәтиже көрсеткен. Салыстырмалы түрде алғанда, жаңа материалды оқу 

барысында жоғары белсенділік көрсетекен оқушылар әрдайым барлық елдерде 

жоғары нәтиже берген. 

Оқытудың  әртүрлі  стилінің  (жарыс  түріндегі  немесе  біріктірілген)  тест 

нәтижесіне  әсеріне  талдау  жасауда  төмендегілер  анықталды:  жарыса  оқу  түрі 

байқалған  оқушылар,  мұндай  байқалмаған  оқушыларға  қарағанда  жоғары 

нәтиже көрсетті. Осыған ұқсас ынтымақтастықта оқытуды ұнататын оқушылар, 

оқытудың бұл түрі байқалмайтын оқушыларға қарағанда едәуір жоғары нәтиже 

көрсетті.  Алынған  мәліметтерден  оқытудың  бұл  екі  түрінің  белгілі  бір 

жағдайларда  бірін-бірі  толықтыра  алатындықтары,  ал  бір-біріне  балама 

болмайтындықтары анықталды. 

PISA зерттеуіндегі басты бағыт 15 жастағы оқушылардың оқу, математика 

және  жаратылыстану  саласындағы  сауаттылықтары,  яғни  адамның  әртүрлі  іс-

әрекетіндегі,  қарым-қатынасы  мен  әлеуметтік  байланыстарындағы  өмірлік 

міндеттердің  кең  ауқымын  шешу  үшін  алған  білімдерін  қолдана  білу 

қабілеттерін анықтау болып табылады. 

Зерттеуде  оқушыларға  ақиқат  өмірге  жуық,  тек  қана  негізгі  оқу  пәндерін 

білуді ғана емес, сонымен бірге жалпы оқу мен интеллектуалдық ептіліктерінің 

түзілуін шешуді талап ететін мәселелік жағдайлар ұсынылды. 

Қазақстандық  оқушылардың  65  зерттеуге  қатысушы  елдердегі  өз 

құрдастарының арасындағы рейтингі:  

оқу сауаттылығы бойынша – 58-60 орын;  



математика сауаттылығы бойынша – 53-54 орын;  

ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша – 53-58 орын.  



ТМД  бойынша  Қырғызстан  -  65,  Әзірбайжан  -  64,  Ресей  -  44  болып 

орналасқан.  

Ал,  PISA  –  2012  зерттеуіне  еліміздің  218  білім  беру  ұйымынан  5808  15 

жастағы білім алушылар қатысты. Соның ішінде 200 жалпы білім беру ұйымы 

және 18 кәсіби мектептер мен лицейлер, қалалық білім беру ұйымдары - 103, 

ауылдық  -115.  Сонымен  қатар,  3234  қазақ  тілінде  білімалушылар,  2147  орыс 

тілінде білім алушылар. 

Зерттеуге  мектеп  оқушыларымен  қатар  18  техникалық  және  кәсіби  білім 

беру  ұйымдарынан  427  білім  алушы  қатысты.  Солардың  ішінде  288  -қазақ 

тілінде білім алушылар, 139 оқушы - орыс тілінде білім алушылар.  

Бұл  жолы  да  65  ел  қатысқан  болатын.  Сол  елдердің  ішінде  қазақстандық 

қатысушылар  математикадан  49  орын  алды.  Жаратылыстанудан  52  орын,  оқу 

сауаттылығының көрсеткіші бойынша 63 орынды иеленді.  

Қазақстанның  жаратылыстану  пәндері  бойынша  PISA  зерттеуіне 



қатысудағы жағымды кезеңдері:  

16 


 

 



білім  беру  жүйесінің  жағдайын  отандық  және  халықаралық  контексте 

талдау мүмкіндігі;  

 

 



қазақстандық  оқушылардың  нәтижелерін  PISA  халықаралық  зерттеуіне 

қатысушы елдер оқушыларының көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау;  

 

 



қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  PISA  зерттеуінің  халықаралық 

стандарттарына сәйкестігін анықтау;  

 

 



зерттеу  нәтижелері  білім  беруді  жетілдіру  бойынша  қойылған 

мақсаттардың тиімді жолдарын көрсетуге мүмкіндік беруі.  

Қазақстандық  оқушылардың  нәтижелерінің  төмен  болуының  негізгі 

себептері:  

– 

қалыптаспаған  тест  формасы  (оқу  үрдісінде  біздің  оқушыларымыз  іс 



жүзінде  пәнаралық  сипаттағы  тапсырмалармен,  қоғамдық  және  жеке 

міндеттерді  шешуде  оларға  оқу  қажет  болатын  өмірлік  жағдайлармен,  білім 

алушылардың  өмірлік  қызығушылықтары  мен  әлеуметтік  тәжірибесінен 

алшақтаған  тапсырмалармен,  арнайы  дайындықты,  жұмысты  қызу  орындау 

мерзімін  талап  ететін  жауаптардың  бірін  таңдау  тапсырмалармен  жұмыс 

жасамайды);  

– 

іскерлік  стильдегі  мәтіндермен  (хабарландырулар,  әуе  рейстерінің 



кестесімен,  жұмысқа  қабылдауға  арналған  сауаланамалармен  және  т.б.), 

диаграммалардан, кестелерден, сызбалар мен карталардан тұратын мәтіндермен 

жұмыс істей алмаулары;  

– 

мектептегі  гуманитарлық  білімнің  диалогтық  сипатының  жеткіліксіздігі 



және  олардың  академиялық  бағыттылығы  (Қазақстан  оқушылары  құбылыстар 

мен  оқиғаларға  өздерінің  әртүрлі  көзқарастарының  ара  қатынасын  белгілеуді, 

өз көзқарасын білдіруді талап ететін тапсырмалардан қиналды).  

Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша халықаралық тесті орындау 

нәтижелері мектептік ғылыми жаратылыстану білім беру аймағындағы әлемдік 

жетекші  мамандар  тұжырымдаған  негізгі  талаптарға  сәйкес  келмейтін 

қазақстандық оқушылардың төмен деңгейін де анықтады.  

Қазақстанның 15 жастағы оқушылары қарапайым жағдайларда білімін еске 

түсіруге  арналған  тапсырмаларды  жетістікпен  орындап,  оларды  шын  өмірге 

жақын жағдайларда қолдануға қиналған.  

Жүргізілген  ғылыми  жаратылыстану  зерттеулерінің  нәтижелерін  талдау 

немесе  салыстыруда,  ғылыми  айғақты  пайдаланып  өзінің  көзқарасын 

дәлелдеуді,  алынған  қорытындыны  растауды  немесе  жоққа  шығаруды  талап 

ететін  тапсырмалардан  оқушылар  төмен  нәтиже  көрсетті.  Мектепте  алған 

білімдерін  пайдаланып,  өзінің  көзқарасын  дәлелдей  отырып,  ақпаратты  сыни 

тұрғыдан  бағалау  және  екі  қарама-қарсы  қорытындының  пайдасына  айғақтар 

табу  немесе  ұсынылған  қорытындыларды  жоққа  шығару  оқушыларда  өте 

нашар қалыптасқан.  

Бұл жолы Қазақстан оқушыларының жобаға қатысу нәтижесі халықаралық 

орта  көрсеткіштен  төмен  екені  анықталды.  Қазақстандық  төртінші  сынып 

оқушыларының әлемнің 50 елдері ішінде математикадан орташа көрсеткіші 501 

ұпай, аталмыш көрсеткіш 27 орынға сәйкес және жаратылыстанудан - 495 ұпай, 

17 


32-

орын.  Сегізінші  сынып  оқушыларының  42  қатысушы-мемлекеттер  ішінде 

математикадан  орташа  көрсеткіші  487  ұпайды  құрайды,  бұл  көрсеткіш  17-

орынға сәйкес және жаратылыстану пәндері бойынша - 490 ұпаймен 20-орынды 

иеленді.  Сөйтіп  сарапшылар  еліміздің  оқушыларының  деңгейін  28-орынға 

қойды.  


Халықаралық  TIMSS  зерттеуінде  жаратылыстану  құзыреттiлiгінiң  үш 

деңгейi қарастырылады: білім деңгейi, қолдану деңгейі, тұжырымдау деңгейi.  

Білім деңгейі бойынша оқушылардың терминдерді, сандардың қасиеттерін 

еске  түсіру  арқылы  суреттеу;  есептеу;  график  пен  кестеден  мәліметті  алу; 

құралдарды  қолдану;  жіктеу,  жаратылыстану  нысандарын  тану  қабілеттері 

бағаланады [8].  

Қолдану  деңгейі  бойынша  нәтижелі  шешу  тәсілін  таңдау;  ақпаратты 

көрсету; 

модельдеу; 

тізбек 


тапсырмаларды 

орындау; 

стандартты 

тапсырмаларды орындау қабілеттері бағаланады.  

Ойлау  деңгейі  бойынша  нысандардың  арасындағы  тәуелділікке  анализ 

жасау;  қорытындылау,  әр  түрлі  шешу  жолдарын  синтездеу;  дұрыс/бұрыс 

айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес тапсырмаларды орындау қабілеттері 

бағаланады.  

Бұл  зерттеулер  қатысушы-елдерге  оқушылардың  білім  жетістіктерінің 

нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді 

бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді.  

Оқушылардың

 

ғылыми


 

жаратылыстану  дайындық  нәтижелерінің  деңгейі 

жетілдірілген,  жоғары,  орта  және  төмен  болып  бөлінеді.  Олар  келесі 

критерийлер арқылы анықталады:  

 

 



пәндік білім мен білікті меңгеру мөлшері және тереңдігі;  

 



 

шешілетін  проблемалардың  мәнмәтіні  (күнделікті  өмір  немесе  ғылыми 

зертеулер);  

 



 

диаграмма,  сызба,  кесте  түрінде  берілген  тапсырмалармен  жұмыс  істеу 

дағдысы;  

 



 

толық жауап беру.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

18 





Халықаралық  зерттеулер  контесінде  оқушылардың  ғылыми 

жаратылыстану сауаттылығын дамытудың әдістемелік тәсілдері  

 

Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы – нақты жағдайларда ғылыми әдіс 

көмегімен  шешілетін  және  зерттелінетін  проблемаларды  анықтау,  тәжірибе 

мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін жаратылыстану білімін 

қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған ортаны және оған адам ісімен 

енгізілетін  өзгерістерді  түсіну,  сонымен  қоса  тиісті  шешімдерді  қабылдау 

үшін  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығы  бойынша  PISA, TIMSS 

зерттеулері 2015 жылы өтеді.  

Мектепте алған білімін күнделікті өмірдегі жағдайларда қолдану, қойылған 

мәселені ғылыми әдіспен шешу, әртүрлі ақпарт көздерімен жан-жақты жұмыс 

істей алу және оны сыни тұрғыдан бағалау, әр түрлі болжамдар көрсетіп, оның 

дұрыс  немесе  бұрыстығына  зерттеулер  жүргізу,  айтылған  көзқарастарды 

дәлелдеу және негіздеу қабілеттілігі бағаланады [9].  

Жаратылыстану сауаттылығын анықтау мазмұны:  

 

«Физикалық жүйелер»;  



 

«Тірі табиғат жүйелерi»;  



 

« Ғаламмен және Жермен байланысты жүйелер»;  



 

«Технологиялық жүйелер»;  



 

«Ғылым туралы бiлiм»;  



 

«Ғылыми-жаратылыстану зерттеулері»;  



 

«Ғылыми-жаратылыстану түсiндiрулері».  



Жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыратын құзыреттіліктер:  

 



ғылыми сұрақтарды қою мен түсіну;  

 



құбылыстарға ғылыми түсінік беру;  

 



ғылыми дәлелдерді пайдалану.  

Зерттеу  тапсырмалары  мынадай  жағдаяттарға  сәйкес  болады: 

жаратылыстану  бағыттарын  жеке,  әлеуметтік  және  ғаламдық  контексте 

қолдану:  

 

«Денсаулық»;  



 

«Табиғи ресурстар»;  



 

«Қоршаған орта»;  



 

«Қауіпсіздік пен қауіп-қатер ошақтары»;  



 

«Жаратылыстану мен технология байланысы».  



PISA 

халықаралық  зерттеуінің  тапсырмалары  төмендегі  бағыттар 

бойынша дайындалады [8]:  

Оқу сауаттылығы:  

 

«бірыңғай»  мәтін  (прозалық  туындылар,  мысалы,  сипаттама,  әңгіме, 



түсіндірме, дәйектеме);  

 



«бірыңғай  емес»  мәтіндер  (графиктер,  пішіндер,  ақпараттық  беттер 

және т.б.).  

Математика сауаттылығы:  

 



мөлшер;  

19 


 

кеңістік және форма; 



 

өзгеріс және қатынас; 



 

белгісіздік. 



Жаратылыстану сауаттылығы:  

 



заттың құрылысы және құрамы; 

 



атмосфералық өзгерістер; 

 



физикалық және химиялық өзгерістер; 

 



қуат өткізу; 

 



күш және қозғалыс;  

 



физиологиялық өзгерістер;  

 



генетикалық бақылау;  

 



экожүйе;  

 



әлемдегі жер;  

 



географиялық өзгерістер.  

PISA  тапсырмаларында  оқушылардың  сауаттылығын  анықтайтын 

деңгейінің көрсеткіші 1-суретте берілген [8].  

PISA  зерттеуінде  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығы  ретінде  ғылыми 

жаратылыстану  білімдерін  қолдана  білу,  қоршаған  әлемді  және  оған  адамның 

іс-әрекетіне  қатысты  өзгерістерді  түсінуге  және  тиісті  шешімдер  қабылдауға 

қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттері 

түсіндіріледі.  

Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:  

 



 

ғылым  мен  технологияға  сүйенетін  өмірлік  жағдайларды  танып  білу 

(контекст); 

 



 

қоршаған  орта  мен  ғылым  туралы  білімдерден  тұратын  ғылыми 

білімдердің негізінде техниканы және қоршаған әлемді түсінуі (білім); 

 



 

ғылыми  сұрақтарды  айырып  тану,  ғылыми  жаратылыстану 

құбылыстарын  түсіндіру,  айқын  нақтылықтар  мен  дәлелдемелердің  негізінде 

қорытындылар  жасау  үшін  ғылыми  білімдерді  қолданудан  тұратын 

құзыреттіліктерді көрсету (құзіреттіліктер);  

 



 

ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылық. 

PISA  зерттеуінде  бағаланатын  ғылыми  жаратылыстану  білім,  білік  және 

дағдылары  ғылыми  жаратылыстану  циклы  пәндерін:  физиканы  (астрономия 

элементтерімен), биологияны, химияны, географияны оқуда қалыптасады.  

Ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығы  келесі  компоненттерден  тұрады: 

ғылыми  жаратылыстану  пәндері  аясында  қалыптасатын  «жалпы  пәндік» 

біліктер,  ғылыми  жаратылыстану  ұғымдары  мен  ғылыми  жаратылыстану 

білімдері  қолданылатын  жағдайлар.  Зерттеу  мақсатына  белгіленген  біліктер 

мен  ұғымдарды  кешенді  тексеру  кіреді.  Бұнда  оқушылардың  біліктіліктерін 

тексеруге  басты  назар  аударылады:  ұсынылған  сұрақтардан  жаратылыстану 

ғылымдары жауап беретін сұрақтарды белгілеу; берілген ақпараттың негізінде 

ғылыми негізделген қорытындылар жасау.  

 

20 



Жоғары 

қиындықтағы 

тапсырмалар  

 

 



VI 

Деңгей 


 

V Деңгей 

 

 

А 



оқушылары, 

білім 


көрсеткіштері 

жоғарғы деңгейде 

 

 

А  оқушысы  I-ден  IV–ке 



деңгейдегі 

тапсырмаларды 

ойдағыдай  орындайды,  VI 

деңгейдегі  тапсырмаларды  да 

орындай алуы мүмкін 

 

Орта 



қиындықтағы 

тапсырмалар 

 

 

 



 IV 

Деңгей 


 

 

III 



Деңгей 

 

 



оқушылары,  

білім 

көрсеткіштері  орта 



деңгейде 

 

 



 

В оқушысы I, II, III деңгейдегі 

тапсырмаларды 

ойдағыдай 

орнындайды,  IV  деңгейдегі 

тапсырманы  орындауы  орта 

деңгейде  және  V  және  VI 

деңгейдегі 

тапсырмаларды 

орындауы төмен деп күтіледі. 

Төмен 

қиындықтағы 



тапсырмалар 

 

 



 

 II 


Деңгей 

 

 I 



Деңгей 

 

 



С оқушылары,  

білім 


көрсеткіштері 

төменгі деңгейде 

 

С  оқушысы  II–ден  VI-шы 



деңгейдегі 

тапсырмаларды 

орындауға  қабілетті  емес, 

сондай-ақ  I-ші  деңгейдегі 

тапсырманы 

ойдағыдай 

орнындауы төмен деп білеміз.  

1-

сурет - Оқушылардың сауаттылығын анықтайтын тапсырмалардың 



деңгейінің көрсеткіші  

 

PISA 



халықаралық 

зерттеуінде 

оқушылардың 

жаратылыстану 

ғылымдарындағы  танымдық  және  эмоционалдық  қабілеттері  зерттеледі. 

Танымдық  аспектілер  оқушылардың  білімдері  мен  сол  білімдерді  тиімді 

пайдалана білу қабілеттерінен тұрады.  

Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмаларды 

дайындауда  жаратылыстанудың  әртүрлі  бөлімдерінен  күнделікті  өмірде  талап 

етілетін білімдер іріктеліп алынып, түрлі біліктерді қолдану болжамданды.  

PISA 

халықаралық  зерттеуі  үшін  іріктеліп  алынған  сұрақтар  ғылыми 



жаратылыстану білімдерінің келесі мазмұндық бөліктерін бейнеледі:  

 



 

физикалық  жүйелер  (заттың  құрамы  мен  қасиеті,  энергия,  күш  және 

қозғалысты беруі, физикалық және химиялық өзгерістер);  

 



 

Жермен  және  Ғаламмен  байланысты  жүйелер  (Ғаламдағы  Жер, 

атмосфералық өзгерістер, географиялық өзгерістер); 

 



 

тірі табиғат жүйелері (физиологиялық өзгерістер, генетикалық бақылау, 

экожүйе);  

 



 

технологиялық жүйелер.  

21 


Оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану  білімдерін  тексеруде,  сонымен 

қатар,  жауаптардың  бірін  таңдау  (42,5%),  құрастырылмалы  жабық  жауап 

(17,8%), кешенді-жауап (31,8%), жауапты еркін құрастыру (27,07%) сұрақтары 

қолданылады.  

Әртүрлі  деңгейдегі  оқушылардың  меңгеруі  тиіс  ғылыми  жаратылыстану 

білімдері мен дағдыларының сипаттамасы 1-кестеде берілген [10].  

 

1-

кесте  -  Жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  алты  деңгейдің  қысқаша 



сипаттамасы  

 

Деңгейі 



Балдың 

төменгі шегі 

Тапсырмалар сипаттамасы  

 



334,9 

Оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану  білімдері  шектелген,  олар 

кейбір  таныс  жағдайларды  ғана  орындай  алады  және  өте  қарапайым 

жаратылыстану ұғымдарын ғана бере алады. 

409,5 


Оқушылар  таныс  контекстерде  түрлі  пікірлерге  дайын  болуға  немесе 

қарапайым  ғылыми  зерттеулерге  негізделген  қорытындылар  келтіруге 

жеткілікті  ғылыми  жаратылыстану  білімдеріне  ие.  Олар  ғылыми 

зерттеулердің  нәтижелерін  немесе  технологиялық  мәселелердің 

шешімдерін ойластыру және ұғындыруға қабілетті. 

484,1 



Оқушылар  суреттелген  ғылыми  жаратылыстану  мәселелерін  нақты 

анықтай  алады.  Олар  құбылыстарды  түсіндіру  үшін  деректер  мен 

білімдерді  таңдай  алады  және  қарапайым  әдістерді  немесе  зерттеу 

стратегияларын  пайдалана  алады.  Оқушылар  бұл  деңгейде  әртүрлі 

пәндердегі  ғылыми  жаратылыстану  тұжырымдамаларын  түсіндіріп, 

қолдана алады және тікелей қолдана алады. Олар деректерді пайдалана 

отырып,  қысқаша  тұжырымдамалар  бере  алады  және  ғылыми 

жаратылстану білімдерінің негізінде шешімдер қабылдай алады. 

558,7 


Оқушылар  жаратылыстану  ғылымдары  мен  технологиялардың  рөлі 

туралы  қорытындылар  жасауды  талап  ететін  құбылыстардан  тұруы 

мүмкін  жағдайлармен  және  сұрақтармен  тиімді  жұмыс  жасай  алады. 

Олар  жаратылыстану  ғылымдары  мен  технологиялары  туралы  әртүрлі 

пәндерден  ұғымдарды  таңдап,  біріктіре  алады  және  осы  ұғымдарды 

тікелей  тіршілік  жағдайлары  аспектілеріне  бағыттай  алады.  Бұл 

деңгейдегі  оқушылар  өз  іс-әрекеттерін  ойластыра  біледі,  ғылыми 

жаратылстану  білімдері  мен  деректерін  пайдаланып  өздерінің 

шешімдерін негіздей алады. 

663,3 



Оқушылар 

көптеген 

күрделі 

тіршілік 

жағдайларындағы 

ғылыми 


жаратылыстану  құраушыларын  анықтай  алады,  ғылыми  жаратылыстану 

тұжырымдамасы мен жаратылыстану ғылымдары туралы білімдерін нақты бір 

жағдайда қолдана алады және сәйкес ғылыми жаратылыстану дәлелдемелерін 

тіршілік  жағдайына  жауап  үшін  салыстыра,  таңдай,  анықтай  біледі.  Бұл 

деңгейдің  оқушылары  жақсы  дамыған  зерттеу  қабілеттерін  пайдалана  алады, 

сәйкес  білімдерін  таңдай  алады,  жағдайға  қатысты  көкейкесті  шешімді 

айқындай  алады.  Олар  өздерінің  маңызды  талдауларына  негізделген 

дәлелдемелер мен айғақтардың негізінде түсіндірмелер құрастыра алады. 

707,9 


Оқушылар  көптеген  күрделі  өмірлік  жағдайларда  ғылыми  жаратылыстану 

білімдерін  ретімен  танып,  түсінідіріп  және  қолдана  алады.  Олар  әртүрлі 

ақпарат көздері мен түсініктерді біріктіре алады, сондай-ақ шешімді айқындау 

үшін бұл білім қорларынан дәлелдемелерді қолдана алады. Олар жоғары ойлау 

мен  пайымдауды,  таныс  емес  ғылыми  жаратылыстану  және  технологиялық 

жағдайларды  шешуде  өздерінің  ғылыми  тұрғыдан  ойлай  білуге  дайын 

екендіктерін көрсете алады. Бұл деңгейдегі оқушылар ғылыми жаратылыстану 

білімдерін  пайдалана  біледі,  қоғамдық  және  ғаламдық  жағдайлар  үшін 

дәлелдемелер мен шешімдер шығара алады. 

22 


Халықаралық  TIMSS-2011  зерттеуінде  жаратылыстану  тестерінің 

мазмұндық  бөліміне  4-сыныпқа  арналған  тапсырмалар  биология,  физика, 

география  пәндерін,  ал  8-сыныптың  тапсырмалары  биология,  химия,  физика, 

география  пәндерін  қамтиды.  Оқушылардың  оқу-танымдық  әрекеттерінің 

нәтижелері  педагогика  ғылымының  ойлау  контесінде  қабылданған  –  білім, 

қолдану және пайымдау бөлімдері бойынша бағаланды (2-кесте).  

 

2-

кесте  -  Тапсырмалардың  мазмұндық  блоктар  және  оқу-танымдық  әрекеті 



бойынша бөлу [10]  

 

Мазмұндық блоктар 



4-

сынып 


8-

сынып 


45% 

Биология 

35% 

Биология 



35% 

География және астрономия 

20% 

Химия 


20% 

Физика 


25% 

Физика 


 

 

20% 



География 

Оқу-танымдық әрекеттердің түрлері 

40% 

Білім 


35% 

Білім 


35% 

Қолдану 


35% 

Қолдану 


25% 

Пайымдау 

30% 

Пайымдау 



 

4-

сынып оқушыларына арналған биология пәнінің тапсырмалары адамның 



денсаулығы мен тамақтануы, тірі организмдердің өмірлік процестерін сипаттау, 

жалпы экожүйедегі өсімдіктер мен жануарлар туралы білім деңгейін анықтауға 

бағыталған.  Физиканың  мазмұнды  блогы  мектеп  оқушыларының  білім 

жетістіктерін  анықтауға  арналған  тапсырмалар.  Олар:  физика  қасиеттерінің 

негізіне  сүйене  отырып  нысандар  мен  заттарды  салыстыру  мен  жіктеуді, 

энергия көздерін анықтауды, жылу процестері мен электр желісін түсінулерін 

көрсете  білулері  тиіс.  Ал  тест  тапсырмаларында  география  пәнінен  Жердің 

құрылысы  мен  физикалық  сипаттамасы,  ондағы  процестер,  Күн  жүйесіндегі 

Жердің орны туралы тапсырмаларды қамтыған.  

8-

сынып  оқушыларына  арналған  биология  тапсырмалары:  өмірлік 



процестердің  құрылымын,  тірі  организмдердің  көптүрлілігі  мен  бір-біріне 

тәуелділігін,  организм  жасушалардың  өмірлік  үрдістерінің  қызметі  мен 

жіктелуін,  тұқымқуалаушылықты,  экожүйе  және  адам  денсаулығы  туралы 

тапсырмалардан  қарастырады.  Химия  пәні  бойынша  оқушылар  химиялық 

құрамы,  қасиеттері,  заттардың  өзгеруі  туралы  білімдерін  көрсетулері  тиіс. 

Физикадан  физикалық  процестер  мен  энергия,  жылу  мен  температура,  күш 

және  қозғалыс,  электр  энергиясы  және  магнит  туралы  тұжырымдамаларды 

түсінулерін  көрсетулері  тиіс.  Ал  география  саласының  мазмұндық  тақырыбы 

геология,  астрономия,  метеорология,  гидрологияны  қамтиды  және  бұл  сала 

бойынша  келесі  тақырыптардан  алынған  білім  бағаланады:  Жердің  құрылысы 

мен  физикалық  қасиеттері,  ресурстары,  оларды  тиімді  пайдалану,  Күн 

жүйесіндегі орны, Галактика т.б.  

23 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет